Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Даудың жолына түспе, жаудың қолына түспе.
- Дауысыңды шығарып сөйлеме.
- Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
- Дәретсіз жүрме.
- Дәуітке тиіспе.
- Денеңе түк түсірме.
- Дүние қума.
- Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.
- Егінді, шалғынды бейсауат басуға болмайды.
- Екі езуіңді керме.
- Екі кісінің арасынан өтпе.
- Екі қолыңды төбеңе қойма.