Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта...»

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 32 жол

Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта,
Салады сәбилерді тек ғазапқа.
Молдекем шарт жүгініп, қаһар етіп,
Босатар күн батқанда әрең шаққа.

Бір бала езу тартып күлер болса,
Қытайша дүре салар сол сағатта.
Үш-төрт жыл оқып шыққан болса мәгәр,
Сонда да ұстармайды жазар хатқа.

Білмейді уазифасын кейбір молда,
Еліріп «тақсыр» деген құр атаққа.
Кім өледі, кім қояды — тілегі сол
Көбінің байқасаңыз бұл уақытта.

Тәқдим, тәфһин, тәхрисдә жұмысы жоқ,
Күштейді әліф-би мен әбжәдқа.
Халыққа қайтіп үлгі шаша алсын,
Мінезі хилаф болса шариғатқаө

Сыйныфтап жылға бөлген нәмунә жоқ,
Һүнерлі болсын қайдан біздің халық.

Бұ айтқан барлық ғәйіп моллаларда
Халі емес істеуші де хақиқатта.

«Жылына пәлен сомға жалдадым», — деп,
Күні-түні балаларын оқытмақта.
Отырса молда сордың қолы босап,
Бір іске ептеп қана жұмсамақта.

Ғылымды ғалымменен құрметтемей,
Әлбетте, мұның бәрі надандықта.
Орыны бала оқытқан таза емес:
Дәріс тыңдар қотыр бұзау, ешкі, лақ та.

Келер ме өздігінен бізді іздеп,
Қол созып ұмтылмаймыз мағрифатқа.
Һүнерлі халықтардан өрнек алып,
Кел, енді бұл ғадетті тасталық та!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері