Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жесір дағуалары хақында

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 192 жол

Дау-жанжал көп қазақтың жұрттарында,
Себеп бар фітнәнің шыққанында.
Әуелден әдеттеніп келе жатқан
Рәсім болған мынау бір ғұрыфларында.

Біздің қазақ халқының бір ғадеті —
Шариғат низамда жоқ бұл ғадеті.
Фітнәні көбейтуге себеп болып,
Рәсім болып бұзылмай тұр ғадеті.

Келе жатыр әуелден ғұрыфтай болып,
Мұнысы ұнамаған хұлықтай болып.
Дау-жанжал арасынан арылмайды,
Берекесіз бұзылған жұрттай болып.

Қатын алу хақында жанжалдары,
Бұл ғадет әуелгіден қалған бәрі.
Көрсеңіз бұл күндегі жанның көбі
Болмайды даусыз қатын алғандары.

«Нешікө» десең, себеп бар бұған және —
Бесікте жатар жаңа туған бала.
Бесікте жатқан ұл мен қыз балаға
Ата-анасы болады құда және.

Бала өскенше өтеді қанша заман,
Уақыт қандай болады, барса да аманө
Ақсақ, соқыр, саңырау, таз, сақау, мәжнүн —
Сондай бір зағифлықта қалса тамам.

Жаман мен жақсы қалайша тең боладыө
Зағиф адам һәрқашан кем болады.
Вскен соң бірін-бірі сүймей тұрса,
Оны нешік қосуға жөн боладыө

Бір адамда бес жасар бала болса,
Біреуде бойжеткен қыз және болса.
Осы екі бала қалай лайықты,
Атасы ойламай ма, дана болсаө

Балаға бойжеткен қыз тең бола маө
Айттыру осы қызды жөн бола маө
Қыз — жиырма жасында, бала — бесте,
Атасының бергені ем бола маө

Бір адамның қатыны өлген болса,
Взі алпыс, жетпіс жасқа келген болса.
Айттырып он бес жасар қыз алады,
Атасына малды көп берген болса.

Кетеді осындайлар жөніменен,
Малының жұмысы жоқ көбіменен.
Ұлыққа ғарыз беріп дау қылады,
Взінің қашып барып теңіменен.

Мұнан кейін жанжалға кіріседі,
Арасында барымта жүріседі.
Мұның көбін халық қосса ықтиярсыз,
Вз ісін тағы артынан біліседі.

Хәләл қатын болады осы қалай,
Келеді көңілінің хошы қалайө

Ол қатынның табылар досы талай,
Осыдан хәләл бала тусын қалайө

«Қуаныш, — ойлар қазақ, — көрейін, — деп, —
Балама жаста қалың берейін», — деп.
Осылай ойлап қызды айттырады,
Мерекелі қызыққа енейін деп.

Реніш — қуаныштың ақыр соңы,
Һәр адам аңғармайды ғафыл соны.
Бір қатынның байы өліп тұл қалады,
Көреді ағайыны жақын соны.

Әмеңгер деп еріксіз оны алады,
Оның ісі қалайша оңаладыө
Шариғатта жоқ жұмыс қайдан шықтыө
Тұл қатынды алуға жол табады.

Және біреу бес-алты қатын алар,
Тең ұстамай мойнында хақы қалар.
Бұл жұмыс пайғамбардың сүннәті деп,
Дәлел айтып оның бір шартын табар.

Алса алсын — көп қатын тең ұстаса,
Әрбірін риза қылып жөн ұстаса.
Гүнаһкәр болмағанда не болады,
Біреуінен біреуін кем ұстасаө

Пайғамбар көп қатынды алуы рас,
Бәрінің ризалығын табуы рас.
Пайғамбардың фиғылы һүммәтіне,

Әлбетте, сүннәт болып қалуы рас.

Қатынның бәрін бірдей көреді екен,
Һәммәсы риза болып сенеді екен.
Һәрбіріне: «Сені артық көремін», — деп.
Бір алтын білезікті береді екен.

«Сен мұны аналардан жасыр, — дейді, —
Мен сені артық көремін жақсы, — дейді. —
Білезікті көрсетпе өзгесіне,
Сенің көңілің ризалық тапсын», — дейді.

Бұл сөзге һәрқайсысы нанушы еді,
Соныменен алданып қалушы еді.
«Пайғамбар мені жақсы көреді», — деп,
Көңілдері ризалық табушы еді.

Бай қазақтар қатынды көп алады,
«Сүннәті пайғамбардың», — деп алады.
Осындай ғаділдікпен ұстамаса,
Гүнаһкәр боп бекерге неге аладыө

Біреуін бәйбіше деп дәрежелер,
Екіншіні бала үшін және де алар.
Үшіншіні алады қызмет үшін,
Хисабы күң орнына бағаланар.

Төртінші және алады тұл қатынды,
Әмеңгер деп байы өлген бір қатынды.
Пайғамбардың сүннәті осылай маө
Ықтиярсыз алады бұл қатынды.

«Әмеңгер» деген сөз жоқ шариғатта,
Қазақ өзі тауып жүр оны жатқа.
«Зәру болсаң, ал деген бірден артық»,
«Сүннәтім» деп айтқан жоқ тағы халыққа.

Пайғамбардың сүннәті осылар маө
Сүннәт деп мұны бізге борыш қылар маө
Байлар тоқал алады қызмет үшін,
Осы да зәрулікке қосылар маө

Екі адамның көңілі жақын болса,
Көңілі жақындықпен тату болса.
Бұлар құда болады жақын жүріп,
Соңынан өкінер, іс ғафыл болса.

Бұлар болса өз көңілін шамалайды,
Жөніне жас баланың қарамайды.
Қыз жаман боп, ұл бала жақсы болса,
Әлбетте, оны теңдікке және алмайды.

Жаман қыз жақсы қатын бола алмайды,
Ғұмыры таусылғанша оңалмайды.
Ғаділдікпен ұстамай қорлайды ері,
Вле-өлгенше теңдікке оны алмайды.

Әуелде никахланған жар еді ғой,
О да Құдай жаратқан жан еді ғой.
Қалады бейшараның обалына,
Оның дағы өз теңі бар еді ғой.

Адамның қызығады малына адам,
Адамдығын санайды тағы да адам.
Баланың қор болуын ойламайды,
Қылады өз басының қамын адам.

Біреуге біреу жақын жүрейін деп,
Құда болар сыр жайын білейін деп.
Бір-бірін сүймесе де құда болар,
Сонымен «партияға» кірейін деп.

Бірін-бірі тең көрмей қомсынған жан,
Дұрыс жүрмес қомсынып қосылған жөн.
Махаббаты басқаға аударылып,
Харам бала туады осылардан.

Бір ғұрфымыз тағы бар біздің және
Жөні осылай бұрынғы іздің және.
Кейінгі жас балаға қаратады,
Күйеуі өлсе, бойжеткен қызды және.

Біреу байдың малына қызығады,
«Құда боп қызымды ал», — деп қыздырады.

Ақырында бұл адам кедей болса,
«Қызымды бермеймін», — деп бұзылады.

Бір кедей қызын және малға берер,
Қыз риза болмаса, оған не дерө
Қызы жылар көзінің жасын артып,
Алғанын шамасы жоқ қайта төлер.

Асығар ұлға қалың беру үшін,
Құда болар мереке көру үшін.
Біреу мал берейін деп келіп тұрса,
Қыз атасы бөгелсін ненің үшінө

Қуаныш сол — жас баласы мал болады,
Білмейді соңыра қандай хал боладыө
Ұл мен қыз бірін-бірі сүймегенде,
Мал берген ұл атасы дал болады.

Онан да қуанышты бұлай көрсе,
Фәтуәлі болып халық бұзбай көнсе.
Оқытса жас баланы ержеткенше,
Дәреже болар еді Құдай берсе.

Татарлар дін қарындас өзімізбен,
Оның ісін көреміз көзімізбен.
Оларда біз секілді дау-жанжал жоқ,
Фәтуәлі болады сөзі бізден.

Ноғай қыз айттыруға асықпайды,
Жас балаға құда боп мал шықпайды.
Кәмелетке жеткенше оқу оқып,
Дәрежесі қазақтан аз шықпайды.

Жас қызға хұтба оқиды молла тағы,
Ризалығын білмейді сонда дағы,
Жанжал болса, «мен никах оқығам» деп,
Куәлігін береді соңыра тағы.

Моллалар олжа алады, аямайды,
Жылаған көз жасына қарамайды.
Олжа алған соң жұмысын бітіреді,
Обал, сауап болғанын санамайды.

Осылары дұрыс па моллалардыңө
Жүзінің ыстықтығы олжа малдың.
Дау-жанжал болмағаннан болғаны көп,
Балаға жаста құда болғандардың.

Қалдырса осы айтқанның һәммәларын,
Азайтар еді қазақ бұл жанжалдарын.
Он жеті, он сегізге бала келмей,
Тоқтатса қыз беріп, мал алғандарын.

Он жеті, он сегізге жасы келсе,
Ұл мен қыз бірін-бірі жақсы көрсе.
Взінің сүйгеніне бармақ болып,
Атасына сонан мал алсын десе.

Жанжалсыз сонда жұмыс тынар еді,
Шариғат пен низамға ұнар еді.
Мүсәфірдің тыйылып көз жастары,
Халық арасы тыныштықта тұрар еді.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері