Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ халқының бұрынғы мағишаты

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 34 жол

Қазақтың қандай еді мағишаты,
Бір күнде көшіп қонған рақатыө
Қайғы жоқ, хасірет жоқ, қыз-бозбала
Түзеген бәсекемен салтанаты.

Кетуші ед көшбасшылар ілгері озып,
Жарасып өз форымынша саясаты.
Жарысып жас балалар жүруші еді,
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты.

Жайлауға шыға айғыр суытушы еді:
«Ыстықтың қалмайды, — деп, — зарараты».
Тізіліп көл жағалай қонушы еді,
Жарасып ақ үйлердің қияфаты.

Көкорай шалғындарға бие байлап,
Байлықтың көрінуші еді ғаламаты.
Жан-жануар рақатпен бір жасаушы еді,
Кіргендей бөлмесіне жер жаннаты.

Ішкен мас, жеген тоқ боп жүруші еді,
Түзеліп бозбаланың саяхаты.
Бүлдірген, шие тере кетуші еді,
Қыз-келіншек, мырзалардың жамағаты.

Кеңейіп жұрттың фиғылы ол уақытта,
Нашарға тиюші еді шарафаты.
Ұл туып, келін түссе, қыз ұзатып,
Той болып, ат шабушы ед бір ғәдәті.

Бек ғажап марқұмдарға ас беруші ед,
Фаш болса халық ішінде инафаты.
Бауыздатып бағланды, құлын сойып,
Ішсе қымыз, келуші еді сөздің шарты.

Кәнеки, осы айтқанның бірі бар ма,
Айтылса сөздің кәміл хақиқатыө
Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр,
Бар болған данышпандар фарасаты.

Оқыған пайда берер жастарымыз,
Һәр істен болса мәгәр мағлұматы.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері