Сайлаулар хақында
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 76 жол
Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,
Сол сайлау, байқасаңыз, түпке жетті.
Бай болып, мырза атанып, мал біткендер
Таласып волостыққа ақша төкті.
Еліріп біреу шықты: «Би болам», — деп,
Кейбірі: «Би түсетін үй болам», — деп.
Желікпей үшіншілер неге тұрсын:
«Қалайша аналардан мен қаламө» — деп.
Еліртер момындарды: «Сен де аттан, — деп, —
Малыңның арқасында бір шаттан», — деп.
Қарашы, бұл қырсыққа не қыларсың,
Бейшара әуреленер құр жатқан тек.
«Фәленше ауылнайлыққа ылайық, — деп, —
Ынтымақ не қылса да қылайық», — деп.
Бір сорды бәйге атындай алып келер,
«Һәммәмыз сертте мәхкәм тұрайық», — деп.
«Бір атадан қалдым, — деп шығар біреу: —
Сіздерменен бірге, — деп, — біздің тілеу».
Жолын алса, мәз болып ол кетеді,
Бермесе, қамыққандай көңілі жүдеу.
Сайлау басы төреге мың-мың ақша,
«Жанында орыс жоқ па екен онан басқаө»
Стражник пен писірлер сүйінші алады,
Бермей тағы болмайды һәм тілмашқа.
Волост болар мал шашып шығынданып,
Сайлау өтер осылай тынымданып.
Әбден болып алған соң расходын
Бітіреді халықтан жылында алып.
Кедей сорлы шолағын арықтатар,
Түк файда жоқ, үйіне барып жатар.
«Фәленшемен табақтас болдым мен», —
Қатынына мақтанып осыны айтар.
Мұнымен мал шашылып, ар кетеді,
Күшті әлсіреп, нашардан хал кетеді.
Втірікті расқа шығарам деп,
Жалған іске ант беріп жан кетеді.
Нахақтан біріне-бірі бәле салып,
Білмесе ұрлық, білсе егер барымта алып.
Төбелес, жанжал, керіс әңгімеге
Құмар-ақ болып кетті біздің халық.
Тұрады төрелері кекірейіп,
Переводчик онан жаман шекірейіп.
Көп зарар біздің қазақ көрсе дағы
Демейді: «Мұндай істен бекінейік».
Мал шашып, әлектеніп таласады,
«Мен көп, сен азсың» деп санасады.
Ес кетіп, өліп-талып волост болып,
Сонан соң халқыменен жарасады.
Үйіне ат-тонымен барып түсіп,
Ризалық айтысар, тағам жесіп.
Мысалы, тоқылдақтың тәубесіндей,
Кетеді бір жылдан соң ұмытысып.
Құл кетті хан орнына таққа мініп,
Жұрт кетті жамандықты жатқа біліп.
Һәкимлер харамидан болғаннан соң,
Ұры-қары кетпей қайтсін атқа мініп.
Япырмау, дәл осы істен не файда бар,
Көбейер күн-күн сайын фітінәларө
Көз көрді, бір парасын құлақ естіп,
Кісі өліп, сотты болып бірі айдалар.
Ағадан іні айырылды, атадан ұл,
Ағайын арзандады, қымбаттап пұл.
Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға,
Ғәләмәты надандықтың емес пе бұлө
Взіне-өзі халық жаны ашымай,
Мал шашар: «Боламын, — деп, — волостной».
Жұмсаса қандай жақсы болар еді,
На пользу образования народной.
Беруден көздей жерге көлдей ақша,
Құмары келе жатыр бір басылмай.
Кісідей арақ ішкен әуреленіп,
Япырмау, кеткені ме халық осылайө
Қазағым, бұл ғадетті тасталық та,
Халықты тура жолға басталық та.
Волост, билік, ауылнайлық, выборныйлық,
Қимайтұғын соншама падишаһлық паө