Қазақ жерлері
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 54 жол
Мың жеті жүз отыз бір сәнасында:
Біз кірдік Руссияның фанасына.
Һүнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың баласынаө
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз:
«Қазыналық» деді жердің һәммәсын да.
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Қадірман халық билеген, ақсақалдар,
Бұл іске фәһім назар саласың баө
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нәсіліңнің көз жасына қаласың баө
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,
Мұжыққа, қош аман бол, барасың баө
Қасиетті бабамыздың зираты,
Қалды ғой көшесінің арасында.
Моншаға зияраттың тасын алып,
Ағашын отқа, мұжық, жағасың да.
Таба алмай бір барғанда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың да.
Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс,
Орман-тоғай кетті ғой, ағашың да.
Ойласам мұның бәрін хияли боп,
Хафадан ішім оттай жанасың да.
Әуелде жерімізбен кіріп едік,
Тұрмақта ғаділдіктің саясында.
Айырылсаң қалған жерден осы күнгі
Топыраққа малды, қазақ, бағасың да.
Адасты ғақылынан қара халық,
Білгіштер, өзің хайлә табасың да.
Қазағым, жерің қайда атамекен,
Қазақ, қазақ болғалы мекен еткенө
Хазірде бәріңізді қуып шығып,
Орныңа қала салып «хохол» жеткен.
Шығарған жер өлшеуге землемерлер,
Қала үшін кеткен бізден жақсы жерлер.
Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда,
Табатын бұған хайлә қайда ерлерө
Зеңгір тау, аққан бұлақ, шалқар көлдер,
Кетті ғой бетегелі биік белдер.
Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,
Қалды ғой жатақ болып қайран елдер.
Ащы су, бізге қалды шөл далалар,
Жақсы жер қалдырмады егін салар.
Қалайша тау мен тасқа баға алады —
Қоралы қой, қосты жылқы байларда бар.
Мінеки, келді мұжық көшкен бұлттай,
Қазақтың қояр емес жерін құртпай.
Келді де, егін салып байып кетті,
Жалқау ма бұлар, тәңірі-ай, біздің жұрттай.
Көрдің ғой бұл уақытта тарылғаның,
Алынбас илтифатқа жалынғаның.
Он бестен кісі басы десятина
Жер берсе, сонда, қазақ, нешік халіңө