Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мәсжід — медресе хақында

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 32 жол

Қазақ жүр мұсылмандық жаласында,
Сайрандап сахараның даласында.
Файда деп күндіз-түні дамылы жоқ,
Ғибадат қылмай хаққа шамасында.

Дегенмен: «Мен — мұсылман», іс бітпейді,
Бұл күнде жұрттың көбі дін күтпейді.
Қазақша киім киіп, сөйлегенмен,
Мойныңнан фарыз, уәжіп бір түспейді.

Ортаға жарар еді мешіт салсаң,
Намазды қаза қылмай барып тұрсаң.
Бір ғалым фазыл заттан иман сайлап,
Байларың жәрдем беріп, уақыф қылсаң.

Дау десе ұмтылатын сорлы қазақ,
Дін десе шалқаятын болды қазақ.
«Мынауың өтірік», — деп бетке түкір,
Жоқ болса бұл сөзімнің орны, қазақ.

Қазақтың көп жерінде мешіті жоқ,
Жоғына себеп болған миссионер поп.
Екінші, халықтың өзі ықылассыз,
Не ғылып исламға ашылсын ходө

Бір адам хуфияттан ашса мектеп,
Хакімге көрсетеді біреу қастап.
Көбінің ниет-фиғылы жаман еді,
Әйтеуір, келе жатыр Құдай сақтап.

Күн болды енді көзің ашарыңа,
Байларың жәрдем беріп нашарыңа.
Жасыңда жиһан кезіп, ғылым іздеп,
Надандық қармағынан қашарыңа.

Оңбассың бойда жүрсе бұл мінезің,
Теріс пе насихатым бұл, біл өзің.
Әйтеуір, ата-бабам мұсылман деп,
Дүрмекті қоятұғын келді кезің.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері