Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мүдәррис З... әфәндіге жазған бір мәктүбім

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 30 жол

З... Әфәндия, жолдадым хат,
Көре алмай дидарыңыз біз бұл сағат.
Мақсұдым — жатырқамай жанасуда,
Жанқұмар жақсыларға біздің ғадәт.

Іштегі көп хәстәні шығаруға,
Етпекте болған едік машауарат.
Сіз болып Исламның хадимінен,
Сахаби болып тұрсыз, зор мұхаббат.

Ғаламда афзал нәрсе болмас мұнан,
Бір қолда болса мәгәр дәулет, һиммәт.
Ошақтың үш бұтынан тілеуменен
Не уафа дүниеде еткен хәят.

Заманның баһадыры сіздер болып,
Орнына келгей еді еткен хәйрият.
«Таңдағы — тәңіріден» деп біздің қазақ,
Жетті ғой түбімізге сол ғәфиләт.

Қараңғы бір сарайда қамаулымыз,
Есігін кім ашады бұл жәһалатө
Әлбетте, өңгелері сіздің қолда,
Тәуекел, не тоқтау барө Бар да — қират.

Мен дағы тілек шарын салдым сізге,
Һәр іске болғай еді саләхият,
Құтқарсақ жаһилліктен қамын ойлап,
Нәсіліміз оқыр бізге рақмет.

Мұбада ешбір файда ете алмасақ,
Айтпай ма сол уақытта бізге лағынет.
Олай болса, әфәндім, ұйықтамалық,
Енді оянбай жатуымыз болар ұят.

Хайыр хош, сәләмәт тұр ғазизіміз,
Хат жазушы — Мир Яғкуб ибн Дулат.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері