«Үйренген халықпыз ғой кемшілікке...»
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 14 жол
Үйренген халықпыз ғой кемшілікке,
Талпынып ұмтылмайтын кеңшілікке.
Осындай білінген соң мінезіміз,
Кімде-кім біздің жұртты елсініп пеө
Руссияда жиырма миллион бар мұсылман,
Жері жоқ осылардың бір қосылған.
Мәселен, біздің қазақ бұл уақытта
Тысқары рухани идарадан.
Бола алмай тілек қабыл хафалықта,
Көруде жәбіршілік жүрміз һаман.
Қазағым, көрмегенің әлі алдыңда,
Боларсың көне берсең мұнан жаман.
Босында аяқ-қолың қимылдап қал,
Бір күнде тыпырлауға келмес шамаң.