Таршылық халіміз хақында аз мінажат
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 222 жол
І
Жас орнына көзімізден қан кетіп,
Қолымыздан ата мирас заң кетіп.
Хүкімі шариғаттың емес қолда,
Ғаділдікпен халық билеген хан кетіп.
Аяқасты болып қазақ қалды ғой,
Құр әншейін рухы қалып, жан кетіп.
Шаһбазлар басшы болған милләтке
Аяғына қан түсті ғой, мән кетіп.
Кім жазалы өзімізден көрмесек,
Төбемізге шығардық қой дәндетіп.
Сүлік болып қазақ қанын шаққан соң,
Ауызына салмай қайтсін аңдатып.
Әлі де болса ояналық «Аллалап»,
Жалыналық жаратқан хаққа пәнде етіп.
Мезгілінде қару қылмай қимылдап,
Бұл уақытта тұрмыз енді хал кетіп.
ІІ
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік ғой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Һәр халық алға кетіп жатса дағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.
Сахара, сахара деп қалдық надан,
Һүнерлі халықтармен араласпай.
Басқа жұрт алтын, күміс мысалында,
Простой біздің қазақ қара тастай.
Барына һәркім сараң болып кетті —
Бай малын, һүнерпаздар ғылым шашпай.
Қазағым қырық ауызды бола қалар,
Шықса егер файдалы іске біреу бастай.
Иттифақ жүзден бірі етер болса,
Бытырап тоқсан тоғыз кетер тастай.
Хүррият инсаният, хаққа ниет
Тұрмайды осы үшін сөзді мәхкәм ұстай.
Бай, мырза, халық билеген ұлығымыз —
Файдасыз жемісі жоқ қу ағаштай.
ІІІ
«Аһ» десе, іштен қайнап шығар жалын,
Халықтың кім түзетер мүшкіл халінө
Далада көшіп қонған сахарауи
Халық еді біздің қазақ баққан малын.
Файдасыз зарарына жұмсаушы еді,
Сарф етіп мал мен мүлік, хәйлә, амалын.
Алданып көзі жетпей қалған жоқ паө
Махұрым сыбағадан жай қаларын.
Бихабар алдағы істен ғафил болып,
Қақпанның білмеуші еді құрылғанын.
Жиырманшы ғасырға қарсы тұрған
Шықпаса шаһбазлар бірлі-жарым.
Талапты һүнер іздеп жастар шығып,
Көңілдің шығармаса хәстәләрін.
Еуропа ғылымынан өрнек алып,
Қазақтың қуанамыз жанасқанын.
Мақсұтқа муафиқлы ғылым тауып,
Тұқымын милләтке әкеп шашқай оның.
Тұманда мұнар һауа жол таппаған,
Халықтың жолға салса адасқанын.
Бихабар мағрифаттан саңырау қазақ,
Мәз болып жүргеніне сақтап жанын.
Көзінен қан ағызып қойған жоқ па,
Қазақ ұғлы, ұраны — «Алаш» барын!
ІV
Қазақтың өз тілінде жоқ матбұғат,
Жаһиллік пен жалқаулық көп, жоқ әһмият
Дәртке дәрмән табиб қайдан табылар
Күннен-күнге ауырлады мағишат.
Күн көреміз қайда барып, Алашымө
Білгіштерің хәл мүшкілін қарасын.
Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң,
Һәркім жейді біздің қазақ баласын.
Аз емеспіз, алты миллион халықпыз,
Әлхәмдулиллаһ надандыққа ғарықпыз.
Жайымыз жоқ онан басқа мақтанар,
Сахарада дикарь болып қалыппыз.
Біздің жұрттың зәррәдей жоқ намысы.
Ғайрылардың һүнерменен жарысы.
Мағарифлі озып кетіл милләтләр,
Көз жетпейтін арамыздың алысы.
Надандықтың шәрбатына мас болдық,
Зарарға дос, файдамызға қас болдық.
Үлкеніміз қадимләкқа жазылып,
Жәдид деген партияда жас болдық.
Мұнымыз да дұрыс емес ойласақ,
Файдасы жоқ халқымызға қоймасақ.
Взді-өзіміз дұшман болып жүргенде,
Жарар еді басқаға жем болмасақ.
Айтқан сөзді алмайды қазақ тыңдап,
Тұрмас еді білгіштер сөзін бұлдап.
Халық файдасы деп біреу сөйлесе егер,
Ант етсең де нанбастан тарқар шулап.
Кінәні жұртқа аударып ақсынамыз,
Һеш нәрсе көрмегенсіп тапсынамыз.
Ғадетте ісімізде иттифақ жоқ,
Жіберіп ғақыл, назар, халық сынаңыз.
V
Бірлік жоқ, алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,
Надандық шәрбатына қаныппыз ғой.
Көп әлі көргеніңнен көрмегенің,
Алынбас илтифатқа көнбегенің.
У беріп бал орнына қамқорыңыз,
Жау болып шыққан жоқ па ел дегеніңө
Көрерсің не болғанын сене берсең,
Һәр түрлі айтқанына көне берсең.
Соқырдай етегінен мықтап ұстап,
Соңынан: «Ләббай!» — деп ере берсең.
Молла болсаң, өсек көп ерген артқа,
Хакім болсаң, күңкіл көп және халықта.
Һүнерлінің дұшпаны көп болады,
Сол себепті шықпайды ісі жарыққа.
Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар,
Тәрбиеле өзіңді-өзің, жастар.
Взің біліп, һешкімге айтпай қойма,
Білгенінді тезірек халыққа шаш, бар.
Сонда тиер файдаңыз аймағыңа,
Кім оқымас рақмет файдалыға.
Һәр нәрсенің фарқына көзің жетсе,
Алдаушының түспессің қармағына.
Білмегеннің зарарын көп көрдің ғой,
Аз беретін орынға көп бердің ғой.
Вз малыңды дей алмай өзімдікі,
Қорыққан күні біреуге тек бердің ғой.
Сөз асылын таниды фәһимлілар,
Ақымаққа айтқаның жайға қалар.
Жұрттың бәрі бірдей деп ойламаймын,
Түсінгендер бұл сөзден файдаланар.
VІ
Жұмыс көп біздің жұртта ұнамаған,
Нашар жоқ қорлық көріп жыламаған.
Шортандай шабақ жұтқан жалмауыздар
Тексеріп өз ғайыбын сынамаған.
Аяғын файдалы іске бір баспаған,
Ұмтылған өлімтікке бір аш таған.
Түйені түгіменен жұтса дағы,
Харамнан нәфсі тыйып бір қашпаған.
Һәр істі деп білеміз Құдай қылған,
Жап-жақсы адамдарды бұлай қылған.
Ләкин һәркімге Алла берді ықтияр,
Пәнде өзі тапса керек фиғылынан.
Шықса мәгәр мыңнан біреу білген болып,
Халықтың файдасына жүрген болып.
Қазақтың һиммәт еткен жан болмады,
Бұларға жәрдем, көмек берген болып.
Милләтке қызмет етер һүнерпаздар,
Фида етер шыбын жанды шаһбаздар.
«Жүр ғой, — деп, — біздің үшін мұндай болып», —
Қадірін біле алмады ғақлы аздар.
Мысалы, қара халық үріккен қойдай,
Бақпаса, кетуші ме еді қасқыр тоймайө
Дәрмен жоқ қолдан келер талпынғанмен,
Хафа боп қайғырады бұларды ойлай.
Тәнің бар, мысалында жаның жоқ боп,
Сырт бүтін, жанып тұрған ішің шоқ боп.
Алмайтын айтқан тілді, сорлы қазақ,
Вз обалың өзіңе болсын, шоқ, шоқ!
VІІ
Бозбала, һүнер-ғылым үйренбедің,
Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдедің.
Һәрқайсың хал қадарше талаптансаң,
Сендерге мен нахақтан бүйдер ме едімө
Атаңа дәулет бітсе, бұлғақтадың,
Хисапсыз сөздер сөйлеп, ыржақтадың.
Мәз болып «мырза» деген қошеметке,
Буынып мықыныңнан ырғақтадың.
Бояумен сырладыңыз сырттарыңды,
Керіліп сипадыңыз мұрттарыңды.
Қарасам ішіңді ашып — дәнеме жоқ,
Не дейін надан демей, жұрт, бәріңдіө
Малға кедей болғаның — жетілерсің,
Ғылымға кедей болғаның — өкінерсің.
Хазірде құлағыңа кірмесе де,
Файдасын ахырында бір білерсің.
Тағы бар кедей болса бір мінезі,
Бұ дағы өз қырсығын білгізеді.
«Қылды, — деп, — кедей қылса — мені Құдай», —
Фәтуа мойындамай жүргізеді.
Ерте жатып, кеш тұрып керіледі,
Кәсіп қып, мал табуға ерінеді.
Ертеңгісін ойламай, Құдай ұрған,
Қайғы жоқ, ішпей-жемей семіреді.
Жер жыртып онан дағы егін салса,
Взіне аз олжа ма жері қалсаө
Артығын сатып, қант, шай мен киіміне
Қатын-бала асырарлық жемін алса.
Және қыс мал жейтұғын шөбін шапса,
Онан соң басқа ретпен файда тапса.
Хәрәкәттән бәрәкәт көрінген соң,
Болмай ма ант ұрғанға бәрі де ақша.
Ене ме бұл айтқаным құлағыңаө
Бізге айтқан ғақыл ғой деп ұнады маө
Хор болып желге кетсең хайран сөзім,
Вкінбе жетпедім деп мұрадыңа.
VІІІ
Дариға, жігіт қайда һүнер тапқан,
Жан қиып, қызмет етіп халыққа жаққан!
Ғайратпен қырық кез жерден су шығарып,
Рақмет, ізгі дұға алса халықтан.
Һүнерін халыққа сатып бұлданбаса,
Білгенсіп аз нәрсені сұмданбаса.
Халыққа хақ көңілден айт насихат,
Не хайлә қала берсін тыңдалмаса.
Жігітті топқа салсаң әбден баптап,
Бойында һүнер болса, тұрмас тоқтап.
Жабыдан туған болса мәстек болып,
Жерінде бас көтермей қалар оттап.
Үйренсін балаларың һүнер, ғылым,
Вткізбей ойын ойнап, бекер күнін.
Жатқанға жан жоламас дегендейін.
Көрдің ғой замананың, міне, түрін.
Жыламай жас балаға емшек бермес,
Һәр хәжәт ізденбесең, өзі келмес.
«Алма піс, аузыма түс!» дегенге,
Халқым-ау, илансаңыз ешкім көнбес.
Патшаға көпдір айтар рижаиміз —
Берілсе бәрі тегіс біз ризамыз.
Ғаділдік назаратын жібермесе,
Жұтаған хайуан кібік қырыламыз.
Күн бар ма хиянаттан құтыларғаө
Тең ұстап, бізді ұлық тұтынар маө
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,
Зорлықты бұрын көрген ұмытарға.