Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Насихат ғумумия (1-бөлім)

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 194 жол

І

Бұл жазған, замандастар, насихатым,
Емес дүр риядан, хақ ниетім.
Көңілі ашық, көзі өткір, інілерім,
Һәр түрлі мүһим істен файда алатын.

Базары һүнер-ғылым ашылғанда,
Лайық емес сіздерге құр қалатын.
Жан фида ғылым үшін мал тәрк ет,
Артылсын күн-күн сайын мағрифатың.

Файда жоқ іс өткен соң бармақ шайнап,
Алып қал осындайда бар хәжәтің.
Алмасаң айтқан тілді, ғазизлерім,
Күн болар өкінішпен зарланатын.

Нанбасаң, өздеріңіз ойлап қара,
Бұл айтқан болмас теріс дәләләтім.
Әлбетте, кеше болсаң қала бердің,
Барларың ұғарсыздар фарасатын.

Біреуден екеу афзал, екеуден үш,
Қосылсын һәммәңіздің иттифақың.
Жүргенмен жеке-жеке іс бітпейді,
Байқасаң, фікір етіп мұның фарқын.

Ішінде темір тордың шынжырлаулы,
Жатқанын көрмеймісің қайран халқыңө
Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды,
Біздерге енді не бар аянатынө

Біз сонша сатып алған құл емеспіз,
Һәркімді төбемізге шығаратын.
Болады әбігер заман деген осы,
Байқасаң, Алаш ұғлы азаматым.

ІІ

Шығады асыл — тастан, һүнер — жастан,
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Мысалы, ғылым таппақ сол секілді
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.

Жігітке талаптанған мың рақмет,
Файдасын ғылымының халыққа шашқан.
Жаны ашып нашарларға қызмет етіп,
Салса егер түзу жолға болса адасқан.

Халық үшін жанын қиып шыққан болса,
Хайырлы һәр қадамы болсын басқан.
Көрсетіп тар орында таудай ғайрат,
Құтқарса мұхтаждықтан болса сасқан.

Қазақ қор болар ма еді көп болса егер,
Шаһбазлар осы айтқандай һүнері асқан.
Немене бұл күнгі хал ойлап тұрсақ,
Жақсымыз өз файдасын құр қарасқан.

Азырақ дәулет біткен кісі болса,
«Мен баймын, сен кедей», — деп мал санасқан.
Болмаса бірлі-жарым талапкерлер,
Бозбала һүнерпазбен жоқ жанасқан.

Һиммәтсіз байларымыз бәрі надан,
Хайыр, ихсан, иғанатдан аулақ қашқан.

«Анау артық, мен кейін қалам баө» — деп,
Взді-өзі хәсәдлікпен құр таласқан.

Молдалар файдалы іске уағыздамай,
Керексіз ұсақ сөзбен бәхәсласқан.
Құзғындай қызыл көрген барар жетіп,
Кісіні көрсе билер бір дауласқан.

Үйінде ғаділдігі ұмыт қалып,
Биекем келуші ме еді пара алмастанө
Уаллаһи, көзім көрді мұның бәрін,
Наныңыз, жалған демей, шын растан.

ІІІ

Һүнерпаз қара жерге салар қайық,
Жиһаннан алар тағлым қанат жайып,
Һәр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта етер сайран болып ғайып.

Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырма бір орында құр мұңайып.

Жүргеннен тіпті қарап файдалырақ —
Күнінде үйренсең де жалғыз хәріф.
Тамшыдан тама берсе, — болар дария,
Кетпей ме ахырында бір молайып.

Қылжақтап екі ауылдың арасында,
Не файда жүргеніңнен құр сорайыпө
Бай болып һүнер білсең тіпті жақсы,
Зор қару дәулетіңді бұл сақтарлық.

Тым артық кедей болсаң оқығаның,
Білгенге қиын емес кету байып.
Мағлұмсыз мал дәулеті уақытша
Бүгін — бай, ғажап емес, ертең — ғәриб.

Дүниеде кедейлік жоқ һүнерпазға,
Түседі ләхытқа бірге барып.
Мысалы, надандықтың қараңғы түн,
Білгеннің жүрген жері — бәрі жарық.

Бұларды айту — бізден, істеу — сізден,
Мұбәда іні болса үлгі аларлық.
Ғибрат дүниеден алар болса,
Көрінеу тұр кісіге сөз ұғарлық.

Қызына айтып, келінге байқатқандай,
Мағынасы көпке бірдей сөз шығардық.
Түсінер ишараға фәһімлілер,
Түс ашып «сол солай» деп не қылалықө

ІV

Майда бол жігіт болсаң, тал жібектей,
Жақсы емес қатты болу тікенектей.
Ғылымың болса дағы ұшан-теңіз,
Файда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Көрген мен көрмегенде көп фарық бар:
Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей.
Лайықсыз ерсілікке арандама —
Һәр істің мазмұнына көзің жетпей.

Ғибрат ал, жақсыларға жақын жүріп,
Қаша гөр жамандықтан аулақ шеттей.
Не нәрсе талаптансаң табылады,
Офа жоқ ер жігітке жафа шекпей.

Мысалы, хәрәкетің сол секілді,
Алмассың егін орып, тұқым сеппей.
Файдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,
Жатырқап һеш адамды сыртқа теппей.

Кезінде кезең жерден қосылып қал,
Бәйгеге ұлы дүбір өткен көктей.
Мақсұты хасыл болып ойындағы,
Илаһим ер тілегін мақбұл еткей.

Тәуекел кемесіне мініп шыққан,
Ғылымның талиблары нұрын төккей.
Аз біліп, көпке ғашық болғандардың,
Ләззаты таңдайынан жүрген кетпей.

Қанағат, көп білдім деп етпе һүнерге,
Көре бер басқалардың азын кептей.
Жасыңда қалсаң махрұм сан соғарсың,
Болмайды жаман нәрсе өкініштей.

Шалқайып үйде жатсаң дәнеме жоқ,
Сарф етіп ижтиһатпен малын төкпей.
Таппасаң дертке дауа, ғазизлерім,
Хафасы жұрттың қалың ауыр дерттей.

V

Шәкірттерді өтейінші бір жанап,
Шетке ұстамай сіздерді де бір санап.
Неше түрлі бұл заманда ғылым бар,
Үйренуге файдалысын қыл талап.

Взіңнен зор кітаптарды көтеріп,
Мағынасын білмей жүрме құр қарап.
Бірін сөгіп, бір хәлфені мәдахлап,
Көше таптап қыдырып, жүрме тарап.

Ата-анаң, ел-жұртың көп үміткер:
«Фәленше жан келеді, — деп, — іске жарап».
Сол үміткер шырағы сіз болсаңыз,
Үміт босқа шықпасын, ұмтыл бірақ.

Хәрәжәт кем көбіңде болса дағы,
Мұхтаждыққа не түрлі оқы шыдап.
Мехнәттан рақат болмай қалмас,
Бір көрерсің файдасын ақыр, шырақ.

Орысша білмек қазаққа бек лазым,
Руссияда болған соң біздің тұрақ.
Сусыныңды бар дағы қандырып қал,
Мысалы, ғылым — жатқан ағып бұлақ.

Газет-журнал оқы да, мағлұмат ал,
Көз жіберіп һәр іске салып құлақ.
Аршын жұтқан кісідей қақырайма,
Намыстанбай, білгеннен үйрен сұрап.

Көздің жасын құрғатар жігіт қайдаө
Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.
Жүріп, жастар, араға жақындастыр:
Біздің халық һүнерден жатыр жырақ.

Құрт жайлаған тамырын қу ағаштай,
Бір күн сынып не болдық кетсек құлапө
Кім қызықпас жүрегін бір жалғауға:
«Мені же!» — деп алдында жатсақ сұлапө

VІ

Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Взіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың.

Бұйырған, тыйған ісін шариғаттың:
Секілді фарыз, уәжіп мұны ұғуың.
Хат жазып, түркі танып, құран оқып,
Қираәт, қағидамен жүргізуің.

Мұғалім аз оқумен бола қалсаң,
Мәзкүрлерді сәбилерге білгізуің.
Мүдәррис үлкен ғалым болғың келсе,
Шаһардағы ғали медресеге тұр кіруің.

Екінші хажет ғылымың орысша дүр,
Взіңе бек файдалы тіл білуің.
Қараған мемлекеттің лисаны неө
Мұны білсең, сақталар дүниелігің.

Руссияның закондары өз тілінде,
Көрдің бе білмегенге зор қиынынө
Әлбетте, һәм русша шығарады,
Һәммә кітап, рисәлә, газеттерін.

Һәр түрлі халыққа деген бұйрықтарын,
Жазбайды біздің тілде бірде-бірін.
Көзіңнің шарасы бар, көңілің соқыр,
Немене білмеген соң көрген күніңө

Әуелде біздің қазақ қорқып еді,
Баланың ыхтимал деп бұзылуын.
Шоқынып солдат болып кетеді деп,
Қайтерсің білмеген соң іс мазмұнын.

Кеш біліп, кенже қалып көп файдадан,
Жібергені сол емес пе жер мен суын.
Жол тауып әлде болса данышпандар,
Дұшманның құлатқай-ды тіккен туын.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері