Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Насихат ғумумия (2-бөлім)

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 194 жол

VІІ

Кім жақсы халық ішінде — байлар жақсы,
«Кедей жақсы» дегенді іздеп тапшы.
Рас қой — байлық артық екендігі,
Орныменен дәулетті, байлар, шашшы.

«Мал бітсе, соған бітсін!» деп айталық,
Халыққа жомарттықпен болса басшы.
Не файда бәхил болып құр жинаса,
Ондай пасық сараңнан алыс қашшы.

Мәз болмай мыңдап жиған малыңызға,
Ұмтылып ғылымға да көзіңді ашшы.
Көре алмай біреуіңнен бірің ассаң,
Взді-өзің күншілдікпен болма ащы.

Бірінен-бірі тәғлим алмақ үшін
Бұл күнде жердің жүзі араласты.
Білуге білмегенін құмар болып,
Һәрқайсы өрге ұмтылып жағаласты.

Азы көптен қорқып та қарап тұрмай,
Һүнер, ғайрат, білімін шамаласты.
Бойға сенген биіктер жайға қалып,
Талаптанған нашардың амалы асты.

Ұл, қыз демей баланы оқыт, қазақ,
«Пәлі, — делік, сонда біз, — мынау асты».
Қазақ ойлар: «Балама қалың берсем,
Оң жағымда отауым сонда ұнасты».

Мұны файда деп білме балаңызға,
Тұсау салып аяққа байлар басты.
Үш бұтынан ошақтың шетке шықпай,
Үйде отырып жасытар гауһар тасты.

Ата малы сенгені болып кетіп,
Жалқаулыққа салыну жарамас-ты.
Тәрбиесіз тоң мойын бай баласы,
Қайтарып жүр әр жерде ыхыласты.

VІІ

Бір айтпадым, көп айттым керек һүнер,
Бұл айтқанға халықта көп пе көнерө
Бұл заманда, көз салсаң, бір мінез бар:
Дұрыс сөзге табылмас кісі сенер.

Сонда дағы сөйлемей тұра алмас тіл,
Жалғандықты хақиқат ақыр жеңер.
Жатқан зарды ішіңнен шығармасаң:
Ойда нең барө Жұрт сені қайдан білерө

«Жуан қоныш, кең қолтық қазақтар», — деп,
Құлағынан тұмақтың тартып күлер.
«Втірік» деп айтуға тағы орын жоқ,
Намыстанып, көргенде көңілім жүдер.

Азын-аулақ болмаса саналылар,
Бозбалалар, көбіңнен үздім күдер.
Мыңнан біреу шыққанда басшы болып,
Жүзден біреу шықса екен соңына ерер.

Һәр тайфадан бір білген болып тұрса,
Сонда жұртқа шүбһәсіз үлгі берер.
Халық файдасын күзетсе осылайша,
Ісімізге, әлбетте, береке енер.

Бұл айтқанның махрұм һәммәсынан,
Қалсақ бізді халыққа кім теңгерерө
Қайтіп тұрсын үндемей білген адам —
Ғақылы — дария, көзі — өткір, көңіл — шеберө

Алла жаққан кеудеде оты болса,
Су бүріккенге бәнденің қайтіп сөнерө
Тамшы қаны, қалғанша шыбын жаны,
Шаһбазлар білгенін жұмсап көрер.

Жеті өлім жоқ, біреуден — құтылу жоқ,
Ахыры тәқдир жеткенде бір-ақ өлер.
«Топырақты үйден жаз» деп сұрайтын
Жаны тәтті жақсылар бұған не дерө

ІХ

Ағайын барды күндеп көре алмайды,
Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды.
Кеткені берекенің сол болмаса,
Білмеген білген тілін неге алмайдыө

Екі көз бір-біріне дұшман болып,
Болса да қандай жақын сене алмайды.
Ұрысса қатын-бала әлдеқандай,
Үйіне бір-бірінің ене алмайды.

Ғұмыры ит жығыспен бара жатыр,
Белгілеп бірін-бірі жеңе алмайды.
Көлденең ағайындар дәләләт қып,
«Сіз бүйтіп бұзылмаңыз» дей алмайды.

Бастаса файдалы іске біреу шығып,
Соңынан көмек беріп ере алмайды.
Мал беріп жамандықты сатып алып,
Берсең де жақсылықты тек алмайды.

Арада фітнаның өрті жанса,
Құйса да туфан суын сөне алмайды.
Әуре боп бірін-бірі жоғалтам деп,
Татулық иттифаққа келе алмайды.

Дау десе жаны құмар бейшараның,
Онымен һеш бір нәрсе өне алмайды.
Аударып хақ фиғылын бұзықтыққа,
Жүре алмай түзулікпен оңалмайды.

Береке кәсібінде болмаған соң,
Түзеліп һеш шаруасы оралмайды.
Біреуі біреуінен артық болса,
Бір-бірін илтифатпен тең алмайды.

Дұшманы сырттан болған жесе дағы,
Онда да тізе қосып кек алмайды.
Жамандап бірін-бірі мұқатса да,
Ешкімнен мұның жөн деп шен алмайды.

Х

«Құл» десең биді — күледі,
«Құл» десең құлды — өледі.
Асыл дегдар заттарды
Мақтанбай әркім біледі.

Іші алтын, сырты мыс,
Білмегенсіп жүреді.
Сезікті адам секіріп,
Мадақтап өзін көреді.

Тәңірі жаққан шам-шырақ,
Су құйсаң қайтіп сөнедіө
Намыстанып орынсыз,
Абыройын пенде төгеді.

Пенденің тілі сүйексіз,
Жеңілсе де жеңеді.
Орынсыз іске матассаң,
Жамандық сонан өреді.

Ықылассыз кейбір надандар
Тасқа егін себеді.
Ақымаққа айтқан насихат
Дәл осымен тең еді.

Пендемін деп жүр мәз болып,
Дүниежүзі кең еді.
Вскен жігіт мұрат боп,
Кімге ғибрат бередіө!

Алтыныңды мыс етіп,
Бос сөзден не өнедіө
«Аздан тұтын асылды», —
Данышпандар деп еді.

Жүгенсіз кеткен бас асау
Айтқанға қайтіп көнедіө
Көңіл — батыр, тіл — қорқақ,
Айтатын сөзім көп еді.

ХІ

Қыздырмалы қызыл тіл
Түбіңе жетер — соны біл!
Файдасы жоқ тиындай,
Сөз байлығы — дария Ніл.

Күле кіріп, күңірене
Үйіңнен шығар ол құрғыр.
Көз алдыңда біртүрлі
Шыға беріп шашар сыр.

Тілімді алсаң, жігіттер,
Ондайлардан аулақ жүр!
Жақтай жүр афзал заттарды,
Бейне бір сөзі — ол бұлбұл.

Жарысқа салсаң жаратып,
Озатын мыңнан бұл дүлдүл.
Саяхатшы біз пенде,
Сайрандауға дүния гүл.

Бейхабар жатпа, жас ұлан,
Шығып тұр қазір һәрбір түр.
Һүнерден алып үлесті,
Халыққа шашсақ болар нұр.

Қатын-бала асырап,
Мал жиғаның былай тұр.
Хайуаннан артық қай жерің,
Надан болып жүрсең құр.

Жақсымен өткен мәжіліс,
Бір сағаты — бейне жыл.
Жаманның сенбе сөзіне,
Тайдырып кетер жіңішке қыл.

Дегенге «доспын» тез нанба:
Сырын біліп, көңіл бұр.
Аяғыңды байқап бас,
Кез келмесін қазулы ор.

ХІІ

Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,
Инсанлыққа ерсі жұмыс етпелік.
Қарастырып халық файдасын жабылып,
Көмек беріп мұхтаждарға көптелік.

Файдасы жоқ исрафтан бой тартып,
Керексізге бекер малды төкпелік.
Қадари хал біреу шықса талапкер,
Рәд қылып хәсәдлікпен сөкпелік.

Қайда қалған өткен заман қызығарө
Омыраулап күшке салмай, ептелік.
Әлдеқандай заман болар алдыңда,
Ғафилдықта бекер шулап өтпелік.

«Мынау керек» деген істен құр қалмай,
Нашар істен шама келсе шеттелік.
Халыққа келсе мүбада бір таршылық,
Мұны, әлбетте, басқа демей, дерт делік.

Сүйекке сіңсе, файда бермес, жамағат,
Жақындатып бойымызға ертпелік.
Тың кезінде қалған жақсы қимылдап,
Тұрса тәуір үнемі бізге ерік беріп.

Кіріспекші болсаңыздар бір іске,
Уәдені бұза бермей ет берік.
«Мынау ісің хата» деген кісіні
«Сөкті мені» дей көрмеңіз жек көріп.

Басқаларды кемге тұтпа, мырзалар,
Взіңді-өзің әлдеқандай биік көріп.
Екіжүзді бола көрме, асылым,
Сырттан сөгіп, мәдах айтып бет көріп.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері