Насихат ғумумия (3-бөлім)
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 185 жол
Ертеңіне қалма ұмытып, шыншылым,
Достарыңа бүгінгі күн серт беріп.
Сырты дос боп жүрген болса, іші жау —
Ондай итке: «Маңайымнан кет!» — делік.
ХІІІ
Ғибрат жаздым жасқа еткен талап,
Қасыңнан ұран салып өттім жанап.
Желікпей, жүйрік болсаң тұра алмассың,
Кермеде арғымақтай тұрған жарап.
Һәр баптан шешен болсаң сөйленерсің,
Бұлбұлдай бақшадағы бейне сайрап.
Күнінде қызғылықты қимылдап қал!
Тіл мен жақ, байланарсың бір күн әлі-ақ.
Һүнерден, бозбалалар, үлес алмай,
Махұрым үйде отырып қалма қарап.
Сен өсіп кәмалатқа жеткеніңше,
Базары бұл ғылымның кетер тарап.
Тарылып дін, дүниеміз бара жатыр,
Япырым-ау, білген бар ма — мұны ғажапө!
Ойламас ертеңгісін не болар деп,
Салынып жалқаулыққа біздің қазақ.
Һәр түрлі кемшілікті ғибрат қып,
Етеді басқа жұрттар бізді мазақ.
«Бекер» деп құр кеудеге сала бермей,
Бізге де лайық қой мойынға алмақ.
Жарысып жұрттың бәрі һүнерменен,
Болып тұр қалам, сия қару-жарақ.
Білімді — мыңды, білекті — бірді жығар,
Халықтың артуына һүнер сәбәп.
Тәуфиқлы, инабатты болсаң, жігіт,
Құрметтер халық сені дәрежелеп.
Уәғдасыз өтірікші болсаң мәгәр,
Бәддұға оқыр саған һәркім қарап.
Афзалын мінез-фиғыл, жүріс-тұрыс,
Лайық мұның бәрін алсаң таңдап.
Сырың бір, қырың сегіз болсын, құрбым,
Бұл өзі бозбалаға ауыр салмақ.
ХІV
Басылсын халыққа тарап бұл книжке,
Жазылған келгенімде жиырма беске.
Кәдірлеп сөз асылын танығандар,
Қолына ала отырсын мәжілісте.
Взіммен мәсіләктес құрбыларым,
Көтеріп лақабымды алсын еске.
Мағыналы сөзім терең болмаса да,
Бір әсер бермейді деп үміт кеспе.
Міржақып бар сөзімен базар ашты,
Жиылып, һүнерпаздар, кел кеңеске.
Сынына білгіштердің сөзді салып,
Болмайды «ғақыл, совет» бер демескеө
Взіңді биік ұстап менмен болып,
Лайық па емтихан ғып тергемескеө
Тал түсте қойға қасқыр шауып жатса,
Дұрыс па көре тұрып үндемескеө
Һәр іске өз формынша баға беріп,
Хиянат — теріс, ғаділдік — шын демескеө
Білімсіз топас болсаң мойынға алып,
Бола ма ғайрыларға «біл» демескеө
Іс істе татулықпен басың қосып,
Файда жоқ құр шулаған ерегісте.
Шамаңнан келмес жерге бой көрсетпей,
Бұлданба өз қолыңнан келер іске.
«Фәленше білсін» деген сөзге мәз боп,
Мырзалар, тілімді алсаң елеуреспе!
Жұмысқа абыройсыз қатынаспай,
Бел байлап тәуекел қыл жеңер іске.
Һәр іске һүнер, хәйлә керек болар,
Тіл алсаң — омыраулап салма күшке.
Бұл сөзім илтифатсыз босқа қалып,
Түбінде қалып жүрме өкінішке.
XV
Көңілі бозбаланың ашылғандай,
Құмары кәрілердің басылғандай.
Ләззаты көпке бірдей сөз шығардық,
Халыққа файда беріп шашылғандай.
Һәркімнің қышуына тие сөйлеп,
Мәдахлап дәрежеңді асырғандай.
Сөзіңмен дұшманды азайт, досты көбейт,
Тасалап ғайыбыңды жасырғандай.
Һүнермен құрбы ішінде көсемдік қыл,
Взіңе мұхтаж келіп асылғандай.
Артылып достарыңның махаббаты,
Болмасын дұшпандарың басынғандай.
Жақынсып жұртқа тегіс сене берме,
Білдің бе, досың қандай, қасың қандайө
Болмаңыз көрсеқызар көрінгенге,
Байқаңыз: фасық қандай, асыл қандайө
Енеңді шыға беріп кетер боқтап,
Көзіңше болса дағы бас ұрғандай.
Хафада жұрттың көбі жүр әуре боп,
Мақсұды көңіліндегі хасыл болмай.
Арыстандар айға шауып мерт болып жүр,
Ғайраты бойға сыймай ашынғандай.
Бұл күнде көбі хор боп жүр емес пе,
Шаһбазлар қалың жауды қашырғандайө
Файда жоқ ірілікте, байқасаңыз,
Көз жібер: олақ қандай, тәсіл қандайө
Фасықтар ер қадірін қайдан білсін,
Көрмейді ой жіберіп нәсіл қандайө
Файдасыз мылжың сөзді һәркім айтар,
Келмейді сөздің нәші асылданбай.
Һәммәсын бұл айтқанның байқамайсың,
Взіңе-өзің, жігіт, қасың бардай.
ХVІ
Әфәндім, хата қандай, анық қандайө
Бұл күнде көз жіберсең, халық қандайө
Ілгері басқан аяқ кері кетіп,
Хафада жәрдем таппай тарыққандай.
Арасы — аспан менен жер секілді,
Мысалы, қараңғы мен жарық қандайө
Хиянат ғаділдікпен жанасар ма,
Байқасаң, арасында фәрқ қандайө
Бенденің бірі — күшті, бірі — нашар,
Влшесең, жоқтық пенен барлық қандайө
Берер ме қойшы болып қасқыр уафа,
Ізгілік залымдықтан ғаләб болмайө
Жақсы мен жаман кетті араласып,
Фиғылын һеш адамның танып болмай.
Вкініш күн өткен соң бермес файда,
Ғылымның шәрбәтынан қанып қалмай.
Тұрғанда тән сәламат неге отырсың,
Жеріңе көңілге алған барып қалмайө
Жармасып жағаласпай дәнеме жоқ,
Тиесілі сыбағаңды алып қалмай.
Жұмсайтын һүнер орны кез келгенде,
Зәрәшә болса дағы салып алмай.
Көз жібер һәр нәрсенің асылына,
Сөзіне алдаушының нанып қалмай.
Жастықта не қылсаң да жарасады,
Қартайып күнің болар жалыққандай.
Қан түссе аяғыңа озар мәстек,
Осындай аманында шауып қалмай.
Бел байлап тәуекелмен жұм көзіңді,
Ешкімнен жүрексініп хауыфланбай.
Ғазиллер хафалықта жүр әуре боп,
Һеш нәрсе бұл уақытта анықталмай.
ХVІІ
Болады Торғайский уәләятым,
Тайфам — Арғын, Мадияр — асыл затым.
Бұл сөздің мұхаррирі һәм наширы,
Дулат-оғлы Мир-Яғкуб — өзім атым.
Зәрәшә халыққа файда келе ме деп,
Бұл еткен сол ниетпен қызметім.
Қиыстырып қадари хал айттым назым,
Көтеріп оқушының көңіл шатын.
Сөзімді жауып қоймай халыққа тарат,
Тілейтін құрбылардан бір хәжәтім.
Майданға сөзді салып құрдым дүкен,
Һәр істің тәңіріден деп қабуләтін.
Һүнерге жүрмін сусап құмарланып,
Ғылымның аз татқанға ләззатын.
Тағлим, тәртіп үшін жүргендеймін,
Іздеумен жері болса табылатын.
Школға берген еді атам марқұм,
Заманның түрін көріп тарылатын.
«Орыстың тілін біліп, хатын танып,
Біреуге болмасын, — деп, — жалынатын».
Болғай-ды жайы — жаннат, иман — кәміл,
Бихисаб еткей Алла рәхмәтін.
Аз білген ғылымымның саясында,
Милләтке қызмет ету ижтиһадым.
Білдіру білмегенге білгенімді,
Взімнің деп білемін зор міндетім.
Мен жүрмін жиһан кезіп, халық аралап,
Жүруге күн болар деп жалығатын.
Һәр елді өз көзіммен көрейін деп,
Себеп боп мұталиғам ашылатын.
Үлгілі жақсылардан өрнек алып,
Мақсұдпен арттыруда мағрифатым.
Көп файда аз ғылыммен көрсетпесе,
Көп біліп кім болады Әфлатонө
Файдасыз ғылымда жоқ ешбір уафа,
Ішуге ащы судай жарамайтын.
Болғайсың таудан аққан тәтті бұлақ,
Ыстықта шөлдегендер жабылатын.
Қысылған мұқтаждарға жәрдем беріп,
Халықтың өзіңе аудар махаббатын.
Қадірің дос-жарларға болсын сондай,
Сыртыңнан көрмегенде сағынатын.
Вскенде һүнер табам деп ойлама,
Һәрнешік күнің осы талпынатын.
Зиһінім хайыршының дорбасындай,
Қайткенде артылады мағлұматымө
Жастықтан қызғылықты болар заман
Я өліп, я қартайып айырылатын.