Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жұбаныш (6-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы (1-нұсқасы) · 1 мин оқу

—Қорламайын мен,—деді,
Қайта тұр, жарқыным, сен,—деді.
Елді бір жайлап алалық,
Елден келдім алыстан,
Ұрыспай, неге қалайын?!
Үшеуінің бері алып,
Елге бір қайтып жетеді.
Жұбаныштың шаһар алғаны
Осылай ма екен деп еді.
Елге бір жүрді қайтуға,
Жақындап, жауап айтарға.
Елге бір жақын келгесін,
……………………………….
Ананың жүзін көрерге,
………………………………
Жолығып жауап берерге.
Тұр екен шығып анасы,
Анасының қасына
Түсіп аттан, қарады.
Шеше туған бейшара
Шыға келді үйінен
Шығарып екі мамасын.
.........................................
—Айналайын анамыз,
Сау-саламат бармысың?!
Келді аман балаңыз.
Көріп мені, қараңыз.
..........................................
Екі күнде келеді
Жесір-жебір, қарамыз.
Етек-жеңі кең болса,
Астана халқың аман ба?
Сонда анасы тұрып сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Айналайын, жалғызым,
……………қонған сұңқардай
Қолыма келіп қонар ма?
Жалғызынан айрылса,
Біздей жалғыз оңар ма?
Айналайын, жалғызым,
Шықты мүйіз басыма.
Берігірек кел, қарағым,
Жақынырақ қасыма.
Жарылды менің жүрегім.
Кел, сүйейін бетіңнен,
Иіскейін тамағыңнан.
Сені, төрем, көргесін,
Ашылды жаңа қабағым.
Жүзіңді көрмей, сұңқарым,
………………………. шөлдедім
Сонда бір түсіп Жұбаныш,
Келді жақын қасына.
....................................
Көзінен аққан жасына.
Тамағынан бір сүйіп,
Құшақтап тұрды баласын,
Бауырына басып-ай,
Сол секілді төрені.
Жұбаныш сонда не дейді:
—Қайран бір шешем сен-ау,—деп,
Мауқыңды бас сен,—деді.
Кемпір сонда қуанды.
Ноғайға хабар шығарып,
Мерекелеп той қылды:
«Тәңір бізге берді,—деп,
Балам патша болды»,—деп.
Жұбаныштай ерлердің
Екі шаһар алған жері.
Осылайша ерлердің
Шамалары, сірә, келер ме?

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз