Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жұбаныш (1-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы (1-нұсқасы) · 3 мин оқу

Жұбаныш он жасқа толғанда атқа мінді,
Сонда әкесі Жұбанышқа айтады:
Тоқсанның келдім төртеуіне,
Барасың жалғыз балам-ай,
Жапанға шығып далаға-ай,
Онға келген жасыңда
Жолдасың жоқ қасыңда,
Тәуекел етіп жол шектің.
Жасы бір жеткен бабамыз,
«Қал» десеңіз, қаламыз.
Барасыз ба бізді жалғыз
Тастап, баламыз.
Отырсам шұқыр көлдерден,
Жапанда шықты елдерден.
Қарағым, қалай іздейсің
Көрмеген басқа жерлерді.
Алты күн шапқан ат еді,
Белгілі асыл зат еді
Шамаң келсе, аларсың,
Ындыстың барсаң, балам, еліне,
Мекен еткен жеріне,
Ойық деген көліне,
Айламен байтақ еліне.

Баласы сонда сөйледі шамалап сөзді, еп айтты:

—Жасы үлкен бабамыз,
Алла бір болсын панамыз.
Бұрын-соңды көрмеген,
Сізден алған алмастай,
Алып, жауға сермеген,
Астымда мінген Көкшабақ.

Сүрегі бітсе кім кетпес,
Дүниеге кім жетпес?!
Барайын іздеп ындысты,
Көрмеген жанға кім жетпес?!

Жұбаныш сонда жөнелді,
Кідірместен жөнелді.
Іркілместен бейшара
Ындысқа шығып жөнелді.
Ермеген ешкім, бір тыңдап,
Асыл ердің сөзіне.
«Ұлы бір жолға салдым,—деп,
Айлық бір жолға шықтым,—деп,
Алты күнде барам,—деп,
Ындыстың ханы—Қылышбай
Тура сонда алам,—деп.
Ойық бір көлдің басына,
Барармын деп қасына,
Ұзындығы бес құлашы,
Шығарып, шешіп, бір жазса,
Бес құлаш болар қылышы.
Ақ сүңгі белге байлаған,
Жөнелді батыр тебініп,
Жетейін деп емініп.
Күні бір түні жол жүрді,
Сайға бір келіп басады,
Биік дөңнен асады,
Топырағын боратып,
Тоқсан қардай шашады.
Ту бір жатқан аңдардан
Тау теке, киік, аңдардан,
Өтейін деп биік таулардан,
Тауына биік шығады
Шықпаған ерлер басына.
Ойық деген көлдерде,
Ындыстың жатқан жерлерде,
«Барам, жетіп, жақындап,
Ойлап толық ақылды».
Өзі мықты, ақылды,
Ойлағаны мақұл-ды.
Ындыстың барды еліне,
Тұратұғын жеріне
Найзасын тістеп егелеп,
Алмасын буып беліне,
Алайын деп қаласын,
Білейін деп қаласын.
… тауып алса,
Қылыш ханның қаласын.
Асыл туған ер еді,
Тәуекелмен аралап,
Алып түрлі …
Жапырып атпен жүреді.
Ойлап, ақыл таппады,
Аралап жауды, шақтады,
Көп екені білінді.
Артық туған ер еді,
Асыл туған деп еді.
Сонда кеңес құрады,
Қойшы менен түйеші,
Қаңғырып, содан сұрады.
—Асыл туған ер,—деді,
Артық туған мен,—деді.
—Біздің бар еді байтақ еліміз,
Қылышбай деген ханымыз.
Мың кісі бар қасында,
Аттанып кетті ноғай еліне.
Алуға кетті ноғайды—
Бұзуға мекен еткен жерлерін,
Ноғай халқының елдерін.
Жұбаныш бала тағы да
Жан-жағына қарады,
Ойлап, бір кеңес құрады.
Биік бір таудың басында,
«Не қылам?» деп тұрады.
Ойлады сонда: «Ақыл,—деп,
Кетіп қалған бар болса,
Көзінің көрген жарағы.
Алдынан шығып қарайын,
Шама келсе, соғысып,
Сол заңғарға салайын.
Келе жатқан әскерді
Биіктен байқап алайын».
Асыл туған ер еді,
«Мекен қылып бір тауда,
Қоныс қылып жатам,—деп,
Қызығына батам,—деп,
Қалмақты сонда ұстап, атам,—деп.
Алармын,—деп,—қаласын,
Жылатып қатын-баласын,
Жеңермін деп шамасын,
Көрермін деп қаласын»,
Жасқанбастан жас бала
Екі ай жатты сол жерде.
Мекен еткен қ…
Барған екен Қылыш хан
Бөлек жатқан Ноғайға.
Ноғайлының елі еді,
Қарадөң деген ер еді.
Тоқсан төртке жеткенше
Өзі асыл ер еді.
Артық туған ер еді,
Теріс ойда бар еді.
Бөлек бір жатқан ел еді,
Болған бір жауы құйылды,
Қарадөң халқы еліне
Мың кісі келіп, түйілді.
Қарадөңнің аты жоқ,
Асыл қару заты жоқ.
Қырылған соң қоймай,
Қосылған соң …..
Жатқан бір елдің үстіне,
Атаның жаны болмай ма?!
Жасы тоқсанның төртеуі...
Қарадөңді өлтіріп,
Тартып алды қаласын.
Ел бар жерін ол алды,
Көп ноғайға бармады
«Болар деп осы шамасы»,
Кейін қайтып барады.
Қарадөңнің өзінің
Жетеу еді қатыны.
Алтауын бірдей өлтіріп,
Жалғыз қатыны бір қалған.
Содан туған Жұбаныш,
«Көрдік біз»,—деді,—
Мұның да жасы елуде,
Таянған екен өлуге,
Бәйбіше шандоз көруге.
«Артық бір шіркін мол жерде,
Екі ай сол жерде,
Ел қыруға жетем,—деп,
Ілгері хабар етем,—деп.
Алдым, ноғай мынау,—деп,
Мақтанып қайрат етем»,—деп,
Жүз кісінің алдында,
Ноғайдың ханы Қарадөң,
Мұны өлтіріп салған соң,
Ордасын шауып алған соң,
«Енді менде қапа жоқ,
Алдым ноғай,—деп,—қаласын,
Көрдім күшінің шамасын».

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз