Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұса хан (3-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Сонда Мұса хан сөйледі,
Сөйлегенде, не деді:
—Мекенімді сұрасаң,
Хантөрткілдің басы еді.
Іздеген жауым сұрасаң,
Бұл Қозанның баласы.
Алайын деп келемін,
Сендей құлдың қаласын.
Көрейін деп келемін
Сендей құлдың шамасын.
Жолдасың шақыр сен,—деді,
Жасқанбаймын мен,—деді.
Мұса деген ханыңыз,
«Өлмеймін» деп қалмақ, ойлама,
Жұлынады шашыңыз,
Қысқарады жасыңыз,
Кезегіңді бер,—деді,
Кезектесіп тұрмасаң,
Хабарла, қалмақ, сен,—деді.
Сол уақыт болғанда
Балдағы алтын беренге
Қалмақ та қолды салады.
Ол бір қолды салғанда,
Суырып Мұса да алды найзасын.
Найзасын қолмен салысты,
Атайын десе, жебеге
Мұрсат келмей қалысты.
Екеуіне де қару өтпеді,
Киімінен өтсе де,
Етіне қарай жетпеді.
Өтпегеннің себебі:
Екеуінде сауыт бар.
Өтпегесін, қылышын
Қынабына салады.
Ат үстінде екеуі
Жағасынан алады,
Жағаласып қалады.
Екі-үш күндей алысты,
Жағаласты салысты.
Ала құйын шаң болып,
Тұрған жері қалысты.
Артындағы Оспанның
Әскері бәрі жиналды.
Ол әскер жақын келгенде,
Артындағы ноғайға,
Бәрі келді қолайға.
Біріне-бірі қарамай,
Алысады екі қол,
Бірін-бірі көргесін,
Шабысты ерлер шыдамай.
Соғыс болды үзілмей,
Жердің үсті шаң болды,
Алақұйын шаңдарды
Көрмеген адам таң болды.
Кім екенін білмейді,
Ұрысқасын сабалап,
Бастары жатыр домалап.
Ұрысқан әскер тап болып,
Бір замандар болғанда,
Басылды шаңдар сап болып.
Шыққан шаңын қараса,
Қалмақ шіркін таусылып,
Сай-салаға жалпақтап,
Қалмақтың көбі кетіпті.
Екі жүз кісі ноғайдың
Басы жерге жетіпті.
Көрінді сонда қарасы,
Жүз кісідей бар екен,
Ноғайдың етіне тиген жарасы.
Мұса хан сонда ақырды,
«Жоқ болды,—деп,—Қалмақ,
Қаптаңыз,—деп шақырды,
Қыралық,—деп,—кәпірді».
Бүлінген қалмақ ел екен,
Елдерінің қамын жеті күндік жер екен.
Өшігіп жүрген батыр-ай,
Қашқан екен кәпір-ай.
Әуелі жетті Мұса хан
Жапа-жалғыз, апыр-ай.
Мұса хан мінген боз еді,
Көп әскерден озады.
Жапанда жалғыз барады
Оспанның салған шәріне.
Бұл қалмақтың сол жерде
Лаң тиді бәріне.
Жеткенінше Мұса хан
Қалмақтың бәрін қырады.
Он екі қатар қазған ор
Ат қарғытып өтеді.
Он екі қатар жебе еді,
Жебені аттап, талқандап,
Оны бұзып кетеді.
Сексен аршын қала еді,
Дарбазасы темірден,
Мықтап салған жай еді.
«Ашық еді есік,—деп,
Ер жігітке жаудан өлмек—несіп,—деп.
Алармын,—деп,—Оспанның
Сондай шауып қаласын»,
Сексен аршын қалаға
Мұса хан кіріп кетеді.
Артынан қуып жалғасып,
Ноғайлының ерлері де жетеді.
Келген ерлер қоя ма,
Жарағы қанға тоя ма?!
Он екі күн соғысты,
Қалмақ пен ноғай тоғысты,
Он екі күн болғанда,
Бас көтерген ірісін,
Тастап уақ сірісін,
Сонда шығып, ол Оспан
Тұрған екен қалаға.
Оспандайын ханыңыз
Қарсы шықты алдынан
Ұрысуға шамалап.
Қатыны мен баласы,
Жөнелді-ау қалмақ, шамасы.
Сонда ноғай ер еді,
Ноғайдан келген жүз кісі,
Біреуі Мұса хан еді.
Бәрі де бір, біреуі—
Мың кісілік деген жан еді.
Сонда тұрып ерлерің
Салды қатты соғысты.
Ол қаланың ішінде
Қалмақ пен ноғай тоғысты.
Ол қамалдың ішінде
Үш күндейін ұрысты,
Бірін-бірі қырысты,
Қалмақты тауысып болғасын,
Кідіріп ноғай тұрысты.

Мұса хан алды, өлтіріп
Қозанның екі баласын,
Шулатып қатын-баласын.
Екі шәрін шаптым,—деп,
«Енді елге кетем»,—деп.
Мың кісі шыққан қалмақтан
Үш жүз кісі өлінді,
Өлгендігі білінді.
Азайды қалмақ қаласы,
Қатыны мен баласы,
Қалған екен сірісі.
Айдады сонда Мұса хан
Енді қалған тірісін.
Қозанның алды екі қаласын,
Өлтіріп екі баласын.
Мұса хан таққа мінгесін
Қалмақтың көрді шамасын,
Танытты сөйтіп шамасын.
Мұсылман қылды енді
Қалған тірісін,
Мұса хан елге келгенсін.
«Олжа болды мұндай»,—деп,
Мұсаң алып келгесін,
«Тағы жүрер жер болса,
Аттанайық біз»,—деп
Ноғайлар ойлады.
Мұса хан елге келгесін,
Демін алып болғасын,
Қалмаққа тағы аттанды.
Сонда ноғай халқы жиналды,

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз