Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жұбаныш (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы (1-нұсқасы) · 2 мин оқу

Мен де ындыстың елін алдым.
Қаласын бұл ындыстың талқан етіп,
Көп жерден тауып алдым, сізді көріп.
Шығардым бұл ындысты …
Қайталық енді енді елге біз-ау,—деді,
Қайтарға енді, ана, сіз-ау,—деді.
Ит Ындыс өлтірді артық ерді,
Барармыз бір үш айда енді-ау,—деді,
Баяғы өзің көрген жерге-ау деді.
Мінерсің … болса
Баяғыдай, ана-ау, бағың,
Жол жүрді … етейін,—деп,—
Келіп бұл жерге хабар сал,—деді.
Басына атасының бала барды,
Барғасын Қарадөңнің моласына,
Басына барды жалғыз баласы-ай.
Барды да, сөз сөйледі бұл Жұбаныш.
… анасының барды қасына.
Ата—ана … бұл дүниеде...
Көзінің бала төкті бұл жасын-ай.
—Жан ата, жатырмысың сен-ау,—деді,
Ындыстан келдім қайтып мен-ау,—деді.
Бір Алла болсын жолыма...
Шақырдым көр басына сені-ау,—деді,
Сағынған мынау перзентің мен-ау,—деді.
Алладан жоқ ешбір шара,
«Жауабын сен айтар»,—деп едім,
Қияда тұрған … баласына сыр айтатұғын.
Жұбаныш көрді дағы, елге барды,
Мекендеп өзі қонған жерге барды,
Сонда тұрып бұл анаға.
Шыдай ма ана, шіркін, бұл балаға?
Қарағым, Жұбанышжан, сағынғаным,
Айырылып сенен жалғыз, не қылғаным?
Сен кетсең …
Қызылбас ындыс пенен қолға алмай ма?
Бір күнде жасы жетіп, меңдегенге,
Жыладым күні-түні, таппай,
Жүзіңді мен көрмегенге.
Қарағым қалдырды ғой мынау қа …
Зарлатпа ата-анаңды, өзің қара.
Ындыста неше түрлі кегім кетті,
.......................................................
Жапанда ұшып кеткен сұңқарым-ай,
Қонасың қайтып келіп қашан қолға?
Сонда аққан жасына,
Тамағынан бір сүйіп,
Құшақтап тұрды баласы
Бауырына басып-ай.
Сол сексенде …
Жұбаныш түсті аттан анасына,
Емуге жетіп келді мамасына.
Бетінен бір сүйеді сонда иіскеп,
Оң қолын берді сонда анасына.
—Шешеке, тапсырдым Аллаға,—деді,
Жылама сен, ана, маған,—деді,
Келермін, аман болсам, елге қайтып.
Аллаға тапсыр мені …
Аттанып жүре берді, жолға салып,
Ақ сүңгі мен беренін қолға алып.
Қасында темір …
Басында киген дулыға,
«Алыс бір жолға жетем,—деп.
Жақын болса, барам,—деп,
Ындыстың елін алам,—деп,
Зұлымға ойын салам,—деп.
Қашырармын жерінен,
Бүлдірермін елін,—деп,
Сындырармын белін»,—деп.
Астында мінген Көкшабақ
Дөңгеленіп келеді.
Жануар басып сырғиды
Айлық бір жолға тебініп,
Жасқанбайтын ер еді.
«Он беске жас келгесін,
Қорқытсам ба жаман мен?!»—деді.
Атадан туған ер еді,
Асыл бір туған төре еді.
Мынау тұрған ындысқа
Жетіп бір бала келеді.
«Алайын деп ындыстың,
Қиратайын деп қаласын.
Көрейін деп шамасын,
Ерлердің артық шамасын»,
Байқап бір ер де қарады
«Білейін деп ындыстың
Мекен қылған қаласын».
Ол қалмақтың бегі еді
Астында мінген …
Екі жүз мың кісі әскері
Алдынан ердің кесіпті.
—Қаңғырып ноғай, сен,—деді,
Мынау бір ындыс мен,—деді.
Барасың, сорлы, қайда сен?»—деді.
Танырсың, ноғай, бабаңды,
Қоярмын, сорлы, маңдайды.
Асылым туған бек,—деді,
Қайраты оның көп,—деді.
Сен секілді ноғайға,
Келесің өзің оңайға.
Жұбаныш сонда сөйлейді.
Сөйлегенде, не дейді:
—Атаңа нәлет, көп ындыс,
Көптігіңе мақтанба.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз