Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұса хан (1-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Нұрадынның баласы Мұса он бес жасында атқа мінген. Сол он бес жасында таққа да, атқа да мініп хан болды. Сонда қырық кісі әскермен Қозанның еліне шабамын деп аттанған. Қозанның Қосым деген баласы бар еді. Ол да бір шәрі салып еді. Мұса «Қосымның не өз ұлысын, не шәрін алып, олжа қылып алам» деуші еді. Сонда Қосым «ноғайдан Мұса хан аттанып келе жатыр» деген хабарды естігесін, алдынан бес жүз кісі әскер қарауылға шығарған. Сонда Мұса алдынан бір адам жіберген, «Қосымның шәрін барып байқа, біз артыңнан барамыз» деп. Сонда жіберген адам Мұсаға қайтып, шәрді аралап келіп айтқаны:

—Халық ұстаған ханымыз,
Артық туған жанымыз,
Қосымның көрдім қаласын:
Жеті қатар қазған оры бар,
Жетеуінің ішінде де
Қабат жайған торы бар.
Ар жағында жебе бар,
Суырылмайтын дүниеде
Болаттан қаққан шеге бар.
Алпыс аршын қаласы,
Дарбазасы саны алтау,
Бір жағында көлденең
Биік жатқан тауы бар.
Ар жағында дария
Тасып жатқан суы бар,
Бер жағында қалың нуы бар,
Келе ме екен шамаңыз?!
Аз ғана кісі, сұлтаным,
Өзіңіз ойлап қараңыз.
Аз ғана емес, елі мол,
Қиындығы оның сол.
Байлаулы аты бағында,
Көлігі оның қолында,
«Жау талабын етем,—деп,
Жауға көніп не етем!»—деп,
Жинаулы тұр ерлері,
Мықты төре, бектері,
Өте биік жерлері,
Көп болған байтақ елдері.
Сонда Мұса хан сөйледі:
—Аттанып шықтық ер,—деді,
Білдік енді, кел,—деді.
«Білмеймін» деп ойлама,
Жауменен жүріп, ойнама.
Көрсеңіз жауды асуға
Ойламаңыз қашуға.
Жау көрінсе, алыңыз,
«Алла!» деп ұран салыңыз.
Алармыз оның қаласын,
Көрерміз қалмақ шамасын.
Қайғы салма сен,—деді,
Ақылсыз, бала, сен,—деді.

Сонда Қосым «ноғайлы аттанып келе жатыр» дегенсін, «Мың кісі әскермен қарауылға шығып қарайық, көрсек, жақын барайық»,—деп, алдынан шықты Мұса ханның. Сонда Мұса бір мың әскерге қарсы жүрді, «Көрейін, шамасын білейін» деп. Сонда Қосымның айтқаны:

—Мен бір осындай ер,—деді,
«Алысырақ жерден
Жалғыз-ақ ноғай келед»,—деп,
Көріп тұрмын мен,—деді.
Ноғайдың көрдім бастығын,
Жер қылармын жастығын.
Қасындағы жолдасқа:
—Жаман айтпай, жақсы жоқ,
Кейінірек тұр,—деді.
Алай-былай мен болсам,
Артымдағы қалмаққа
Барып хабар, сал,—деді,
Сосын келіп ноғайлының да басын ал,—деді.

Сонда Мұса хан да қасына бір кісі ертіп, Қосымның жанына жетіп келеді:

—Сендер кейінірек тұрыңыз,
Мен жақындап барайын,
Кім екен, бұдан хабар алайын.

Мұсаның қасындағы жолдасы Берді деген кісі еді. Сосын Мұса Қосымға сөйлей бастады:

—Байқасам, қалмақ секілді,
Қай қалмақсың сен?—деді.
Байқап шықтым қалмақты,
Алайын деп қаласын.
Асылымды сұрасаң,
Мен—бір ноғай баласы.
Мекенімді сұрасаң,
Хантөрткіл деген жер еді.
Атам атын сұрасаң,
Ежелден еді ел алған,
Қалмақтан басып кек алған,
Қай қалмақсың сен?—деді,
Аты-жөнің айт,—деді,
Білейін сұрап мен,—деді.
Сонда Қосым сөйледі:
—Мен қалмақ деген ел,—деді,
Атамның аты Қозан-ды,
Тарттырармын, ноғай, сазаңды.
Қазулы жатқан орым бар,
Жаюлы жатқан торым бар,
Бекітулі қалам бар,
Сен секілді қаңғырған
Ноғайға келер шамам бар.
Оспан деген ағамыз,
Жүдә берік қаламыз.
Қаңғырып қайда барасың,
Сорлы ноғай, сенің де
Неге келеді шамаңыз?!
Ноғайлының елінде
Ежелден жатқан кегім бар,
Айтайын деген кебім бар,
Ноғай Мұса сен болсаң,
Саған енді өлім бар.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз