Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құттықия (2-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сол мезгілде Құттықия
Толайына қол салды,
Аз ғана емес, мол салды,
Атамын деп оқталды.
«Қалмақ ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің басы,—деп,
Жан денесі осы»,—деп,
Тартты батыр қол оқты,
Жұмсады батыр болатты.
Қалмақтан оғы өтеді,
Денеден өтіп кетеді.
Ар жағында бір төбе
Тостағандай төңкеріп
Ол төбені кетеді.
Алыстан тұрып шаң көрді,
Шаң көрген соң,
Қалмақ таң көрді.
Келе жатқан шаң астында
Жалғыз жан көрді.
Жақындап қалмақ келген соң,
Қарсы шапты алдынан.
Отыз кісі бұл қалмақ
Тұра қалды қамалап.
Сонда Құттықия сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Қалмақ деген ел,—деді,
Еркек туған ер болсаң,
Бірме-бірге кел,—деді.
Тыңдамады сөзіне,
Қарамады қалмақ өзіне,
Жабылып кетті қалмақтар.
Бес күн ұдайы соғысты,
Қалмақтар қашып барады,
Жан-жағына тарады.
Оны шауып алған соң,
Қалаға жүрді жетерге,
Барып, қайрат етерге.
Қаласы, келсе, тау екен,
Мықты қалмақ жау екен.
Бұрын қашып ноғайдан,
Қорғалаған жері осы екен.
Ақташы деген қалмақтың,
Ноғайдан қашып, заңғардың
Қорғалаған жері еді.
Сексен аршын қаласы,
Мықтылығы сол еді.
Дарбазасы бек алтау
Шынжырлаған бар еді.
Бір арба ғана сыйғандай
Аузы оның тар еді.

Келсе, Ақташы хан дарбазасын бекітіп, кіргізбейді.

Құттықия жүрді кіре алмай,
Есігін тауып, жүре алмай.
Құттықия сөйледі:
—Қалмақтың көрдім қаласын,
Кетемін бе далаға,
Кіре алмай осы қалаға.
Бұны нешік етем,—деп,
Кіре алмай қалай кетем?!—деп,
Үшінші күні болғанда,
Күн тал түске толғанда,
Дарбазаға ер келді.
Балта мен ұрды қылышын,
Ердің шықты дыбысы.
Бұзайын деп есікті
Суырып алды қол оқты,
Жұмсады батыр болатты.
Шауып, бұзып алады,
Тақтайды бұзып, ашқан соң,
Ордаға келді тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Ханға Құттықияның айтқаны:
—Біздің дінге көн,—деді,
Келіп тұрмын мен,—деді.
Сонда Ақташы сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
—Тыңдамаймын сөзіңді,
Оямын екі көзіңді.
Енді, ноғай, өлесің,
Өлімді жақын көресің,
Біз—байтақ жатқан ел,—деді.
Ақташы хан ақырды,
Артында көбін шақырды.
Үш қатар қамап алады,
Ортада батыр қалады.
Құттықия сөйледі,
Сөйлегенде. бүй деді:
—Астымда мінген Тарланым,
Шабыстан шіркін танбадың,
Сендер—қарға, мен—сұңқар.
Ақ сұңқар мен қарғасың,
Білмеймісің Қалмақтың
Құтылмай енді қалмасын?
Қанатым қақпай, қу алған,
Нешелер қалмақ суалған.
Ақташыдай хандарым,
Алармын сенің қалаңды,
Көрермін, Қалмақ, шамаңды.
Қалмаққа салды ойынды,
Басқасын жеңіп болған соң,
Ақташыдай хандарға
Сонда сөйлей бастады:
—Ақташыдай хандарым,
Құмарлы қалмақ,—кел,—деді,
Ұрысамын мен,—деді.
Қарсы шапты, жетем деп,
«Ұрыспай неге кетем?»—деп.
Бесеу екен баласы,
Қалмақтың шапты қаласын.
Үш күн ұдайы алысып,
Қалмақтың көрді шамасын.
Қалмақты жеңіп алып,
Құттықия еліне келеді.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз