Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жаңбыршыұлы Телағыс (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

—Егер ноғай жау болса, Мамай көкем басындағы бөркін алып, былғап теріс қарап тұрар, онда барма, егер оны істемесе, жақын бара бер,—деді. Сонда Телағыс келіп жақындады, сонда Мамай бөркін сілкіп теріс киіп, теріс қарап тұрады. Сонда Телағыс батыр кейін барып сөйлей бастады:

—Боғданың бойы боз қамыс,
Еділдің бойы ен қамыс.
Еділде жатқан көп ноғай
Баршасы оның Қырым-ды,
Алдырмаспын сырымды.
Мен барғаннан барармын,
Қырымға хабар салармын.
Қырымдағы қырық батыр,
Қырықты қасқа алармын.
Жолымды Алла оңдаса,
Қайтып келіп еліне,
Қайратыңды көрермін.

Сонан кейін көшіп барып қонады. Сол ноғайдың шетіне барған соң, танысқан соң, Асанқайғының үйіне барады. Сонда Асанқайғыға келген жай-жапсарын айта бастайды:

—Ай, ағамыз, ағамыз,
Желді күні панамыз.
Егер бізді соқса жел,
Панаңызға барамыз.
Дидарласып көрмедік,
Қол алысалық, кел,—деді.
Ұстап тұрып қолдарын,
Сонда Асанқайғы сөйледі:
—Ай, жас бала, жас бала,
Танымай тұрмын мен,—деді,
Қай баласың сен?—деді.
Сонда Телағыс сөйледі:
—Жөнімді менің сұрасаң,
Мен Қырымды ноғайлы.
Әкемнің аты—Жаңбыршы,
Өзімнің атым—Телағыс.
Мекендеп жатқан жеріміз
Боғданың еді жағасы.
Жаңбыршыдай батырдың
Мен едім жалғыз баласы.
Мұсадан туған отыз ұл
Көзін маған салғаны.
Басымды менің алуға
Қиындық басқа салуға,
Бөліп алып бар малды,
Ақжелектей аруды
Алады-ау деп ойлайды.
Сылтау қылып сіздерге
Сосын көшіп мен келдім.
Боғданы талақ еткенім,
Осы жерге жеткенім.
Асанқайғы қартымыз,
Қырымның қырық батырын
Жинап маған бер,—деді.
Егер жинап бермесең,
Жалғыз да болса барамын
Сол ноғайға мен,—деді.

Үш күн мұрсат алып, Қырымның қырық батырын жинап берді. Ішіне Сыпыра қартты Асанқайғы қосып жіберді.—Осы барған қырық батырмен ол отызын соғыстырма, қырылыстырма,—деді.

Сол кісінің ішінде
Айсаның ұлы Ахмет,
Асанның ұлы ер Абат
Аламанның басы екен.
Жүрген екен ішінде
Тоғай батыр ол қабат.

Сонда Телағыс:—Сендер артымнан келе беріңдер, мен өзім алдымен барайын,—деді. Қара өткелдің арғы бетінде бір адам қара жамылғыш жамылып кетіп бара жатыр екен, сонда Телағыс «тұр» деп ақырды, айнала тұра қалды. Сонда Ақбілек сөйледі:

—Артық туған ханымыз,
Асыл туған жанымыз,
Бір тілегім тілеймін,
Қарасай мен Қазидың
Бір қасық қанын бер,—деді.
Артыңа өзім мінейін,
Күңің болып жүрейін,—деді.

Күннің алды батқанда, кісінің алды жатқанда, Ақбілек сұлу қара жамылып, қара өткелдің аузында жүр екен. Сонда жаңағы сөзді Ақбілек Телағысқа айтады. Сонан соң «енді кегім қайтты» деп, Телағыс қырық батырға келіп, еліне қайтады.

Сонда Мұсаның отыз баласы, Қарасай, Қази, Мамай барлығы жүре бастады.

Сонда Қазидайын батырың
Ашуланып тұлданды.
Беренге батыр сыймады,
Жалаң найза қолына ап,
Алдыменен жөнеді.

Сонда қырық батыр жауды көрген соң, ұрысуға тұра қалды, жирен қасқа тұлпармен жасы жеткен Сыпыра:—Мен барайын,—деп, Мұсаның отыз баласына қарай жүрді. Сонда Мамайдың алдына келіп тұрып, сөйлей бастады:

—Асылы туған хан Мамай,
Ноғайлының ханы едің,
Ақылың кемел жан едің.
Қарасай мен Ер Қази,
Орақтан қалған бала едің.
Мен талайды көрген бабаңмын,
Айтарға келдім сөзімді.
Анау тұрған қырық батыр—
Ол қырымның баласы.
Әрқайсысын сұрасаң,
Мың кісілік, қарашы!
Бұл кісінің ішінде
Асанның ұлы Абат бар,
Маңдайы жаудан қайтпаған
Асылы батыр Тоған бар,
Көкшенің ұлы Қосай бар,
Және ерді айтайын
Қарғабойлы, Қазтуған,
Жеті атадан ерлігі
Алау батыр және бар.
Шынтасұлы Төрехан,
Ақжонасұлы Ер Кеңес,
Бір-бірінен кем емес.
Үйінде келмей қалулы
Нәріктің ұлы Шора бар.
Меніңменен ере бар,
Өз көзіңмен көре бар.
Маңдайының арасы
Екі қарыс сере бар.
Ту сыртынан қарасаң,
Бекіре балық сазандай.
Қарсы алдынан қарасаң,
Басы бақыр қазандай.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз