Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақжонасұлы Ер Кеңес (7-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Бағлан таз Ақжонастың жұртына келіп:—Мен жұртыңда жатайын, Кеңес келсе сояйын, қанын ұрттап тояйын,—деп жата береді.

Ендігі хабарды Кеңестен алыңыз.

Кеңес батыр келеді
Ақтанаудай тұлпармен.
Мінгестіріп сұлуды,
Табандатып желеді.
Жетіп келсе жұртына,
Қалмақ шауып алыпты.
Иесіз қалған елдерге
Талапайды салыпты.
Тыс-тақыр болып жұрттары
Ақжонастың қалыпты.
Түсіріп тастап Қарлығаш,
Сонда жұртын қарады.
Ой-шұқырды қоймады,
Бәріне тегіс барады.
Жер ошаққа барады,
Ошақта жатқан киізді
Көтеріп Кеңес алады.
Астында жатыр таз бала,
Сол тоқымды жамылып
Жатқан екен бейшара.
Сонда Кеңес сөйледі:
—Сен не қылған бала?—деп,
Бері, бала, қара,—деп.

Сонда Кеңес:—Бұл жердің елі қайда, білесің бе?—деді.

Бала:—Еліңді Бағлан таз деген қалмақ шауып кетті,—деді.

—Әке менен шешенің
Екі қолын байлады,
Кірерге көрін сайлады.
Қосақтады екеуін,
Елу күндік жерлерге
Қамшыменен сабап айдады.
Асыл туған әкеңнің
Аяғына салды кісенді,
Мойнына салды шынжырды.
Бір томарға байлаған,
Бекітіп оны сайлаған.
Бибі сынды анаңның
Тезекпенен күні өтіп,
Сүйтіп соры қайнаған.
Сиырды жүріп бақ,—деді,
Жоғалғанын тап,—деді.
Әйелінің алдында
Еңбектеп отын жақ,—деді.
Тіліңді егер алмаса,
Маңдайын оның кес,—деді.
Басынан қанын ағызып,
Төбесін оның тес,—деді.

Кеңес:—Елді қайдан табамын?—деді. Сонда таз:—Мінгестіріп жүрсең, мен тауып беремін,—деді. Қарлығашты сол жерде қалдыра тұратын болды. Сонда Қарлығаш сөйледі:

—Сіз кеткен соң келгенше,
Кімдер бар да, кімдер жоқ.
Екінші сізді көргенше,
Тапсырдым Аққа мен,—деді.
Оң қолыңды бер,—деді,
Қолдасалық кел,—деді.
Кеңес қолын ұсынды,
Қарлығаш ұстап қолынан,
Бауырына қысады.
Қолдасты да Қарлығаш
Кеңес ерден қалады.
Ақтанаудай аттарға
Мінгестіріп тазшаны
Кеңес батыр алады.
Ақтанаудай тұлпармен
Табандатып желеді.
Неше күндей желумен
Әлі жүріп келеді.
Сонда Ақтанау тұлпар сөйлейді:
—Асыл Кеңес ер,—деді,
Тазшадайын жаманың
Бөксемді алып барады,
Түсіріп таста сен,—деді.
«Түс» деп еді тазшаға,
Түспеймін аттан мен,—деді.
Сүйдегенге болмады,
Екі аяғы атының
Қарсы жерге енеді.
«Тағы да аттан түс» деді,
«Түспеймін» деп тазша тырысты,
«Түсесің» деп Ер Кеңес
Тазшаға қатты ұрысты.
Жағасынан алады,
Тазшаны жұлқып қалады.
Түсіріп тастап тазшаны
Кеңес батыр жөнеді.
Астындағы Ақтанау
Жаман тазша түскен соң,
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Ер Кеңес пен тазшаның
Арасын лезде-ақ ашады.

Сонда артынан түсіп қалған тазша айқайлайды:—Сен бара бер, мен де барармын,—деді. Атының құйрығының қылын тұтатып еді, сонда Бағлан тазға қос торы ат келді, біреуін мініп, біреуін жетелеп алып, Кеңестің қасынан:—Бағлан тазың мен, дәмең болса, кел,—деп өте шықты. Оған Кеңес қысылмады, табандатып желіп жүре берді. Ер Кеңес таздың елінің сыртына келді. Қалмақтың елінің сыртына келгенде бір дорбасы мойнында, бір дорбасы қолында, сиырдың жүрген соңында анасын көрді. Анасы жылай жүріп жырлап жүр екен, сондағы айтқаны:

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз