Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алау батыр (2-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Дарияны кетті жағалап,
Алла болды паналап,
Қисапсыз көп бұл жүрді.
Алау артық ер еді,
Ну ағашты аралап,
Солай қарап ер кетті,
Арасында жиырма, отыз күн өтті.
Күні бір жүзге толады,
Сонда үш ай он күн болады.
Сонда көрді бір елдің
Жайылып жатқан қарасын.
Кім екенін білмеді,
Мал шетіне жақындап,
Келді батыр, япыр-ай.
Айтқан сөзге түсінбеді
Малшыларға былдырлаған кәпір-ай.
Сөйтіп, көрді қалмақтың
Мал бағып жүрген баласын.
Жайылып жатқан қойы көп,
Сиыр мен бар-ды түйесі.
Жылқысы жоқ ел екен,
Дәулетінің ең азы
Жылқы әбден кем екен.
Сонда бір шал жүр екен
Мал баққанның ішінде.
Талайды көрген шал екен,
Көпті көрген жан екен.
Жетіп келіп қасына:
—Кімсің?—деп Алау сұрады.
Сонда шалың сөйледі:
—Біз бір байтақ ел,—деді,
Қалмақ деген біз емес,
Жақсылап көрші сен,—деді.
Есен, Сүйін ханымыз,
Сондай мықты жанымыз.
Жас күнімде көп қаңғып,
Қаріп болдым мен,—деді.
Көздің нұры танулы,
Кәрілік те жетіп қалулы.
Көзім жетіп танысам,
Ноғай ма деп тұрмын мен сізді.
Сонда Алау сөйледі:
—Мекенімді сұрасаң,
Ащыбас—Шаттың бойы еді.
Өз елімді сұрасаң,
Ноғайлы деген ел,—деді.
Іздегенім сұрасаң,
Есен, Сүйін қалмақтың
Мекен еткен жері еді.
Уағаш деген дарияда
Сол қалмақтар бар еді.
Енді маған айтыңыз,
Бұл не деген жер еді?
Сонда қартың сөйледі:
—Ай, жас бала, жас бала,
Жылқыдан міндің сұр,—деді.
Енді айтайын қалмақтың
Асылын саған мен,—деді.
Қатыным мен балам жоқ,
Аға менен іні жоқ,
Ешбір дәулет қарам жоқ.
Тоқсанға жасым мен жеттім,
Хабарларға шарам жоқ.
Аяйын ба қалмақтың
Айтайын бәрін мен,—деді,
Сабыр қыл, бала, сен,—деді.
Есен, Сүйін қалмақта
Қалап қойған кесек бар.
Ол сыртында қорған жоқ,
Жинаған қала ел,—деді.
Сенімен емес тең,—деді,
Қалмақ ноғаймен емес ел,—деді.
Қапы қалып, жас бала,
Орылма көктей сен,—деді.
Ол қисапсыз жатқан ел,—деді,
Мұнда жоқ әскер қол,—деді,
Биһүдә жатқан ел деді.
Мынау жақсы-жаман айтты деп,
Оны тәуір көріп сыйлама,
Қара бауыр қалмағың.
Сыйлайын десең, тістелер
Сонда сенің бармағың.
Далаға шауып атыңды
Жөнсіз жерге қинама,
Тапсырдым Аққа мен,—деді,
Жүре бер, балам, сен,—деді.
Алау дейін жас бала
Кідіріп сонда тұрады,
Атының басын бұрады.
Қайта айналып жол келіп,
«Не керегің бар, пақыр?» деп,
Шалдан келіп сұрады.
Сонда шалың жылайды,
Жылап сонда жырлайды:
—Асыл туған қарағым,
Ашылмайды-ау аяғым.
Қысқарып менің адымым,
Жүруге жоқ дәрменім.
Жайылған қойға ере алмай,
Қой артында қалғаным.
Астымда мінер ат болса,
Бармас па едім қалаға,
Жүрмес пе едім далаға,
Жүре бер, балам, сен,—деді.
Баратын жердің арасы
Осы жерден тап бір күндік жер,—деді.
Есен, Сүйін ханымыз
Тұрған жері сол еді.
Қорғаны жоқ бос дала,
Шеткерілеу тұрғанда
Сырты қылаң ақ қала.
Үстіне барып сен қалсаң,
Хан да болса таң қалар.
Айтып болдым мен,—деді,
Көп кешікпе, сен,—деді.
Сонда Алау батыр сөйледі:
—Анау тұрған көлденең
Биік құмның басында
Үш күнге дейін тұр,—деді.
Алау батыр жөнелді,
Тебініп атқа желеді.
Ызғытып Есен, Сүйін хандардың
Ордасына келеді.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз