Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйініш (4-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сүйініш екеуін өлтіргеннен кейін көп әскермен соғысқысы келмеді. Сүйініштің қайратын көрген соң, көп әскер де бата алмайды. Батыр өзі жөніне жүре береді.

Іздеген жерін сұрасаң,
Қараойықтың көлі еді.
Сонда жатқан көп қалмақ
Қашаннан жау ел еді.
Күні-түні жол жүрді,
Қисапсыз көп мол жүрді.
Жапанда жүрген бала-ды,
Жалғыз кетіп барады.
Он жасына келгенде,
Тәуекелмен іс қылып,
Жолға түсіп алады.
Жүрген жерін сұрасаң,
Екі айлық жер еді,
Айдын шалқар көл еді.
Құдық қазылмайтын дөң еді,
Екі айлық жолдың ішінде
Бір айлығы шөл еді.
Іздеп шыққан қалмақты,
Шамасы келсе, алмақ-ты.
Баяғы қарттың сөзімен
Ашуланып жас бала,
Алыс жерге бармақ-ты.
Қараойықтың көлінде,
Неше түрлі ерлер бар
Ол қалмақтың елінде.
Мақтанады әркімдер
Өзінің тұрып жерінде.
Қалмақтың ханы Сұлтан-ды,
Халық еді жатқан ұлтанды.
Жібермей бір боз тұлпарды,
Ол да жайлап қоюшы еді.
Ақылы көп, мол екен,
Айлалы қалмақ сол екен.
Ай сайын атпен қыдырып,
Елінің шетін барлайтын.
Сондай болған хан екен,
Халқына тыныш жан екен.
Хан атқа мініп, ел шетін
Қыдырып жүріп, ол өзі,
Асынғаны—көк темір,
Үстінде бар-ды көп темір,
Алыс пенен жақынды болжайды екен.
«Қашсам, құтылып кетем,—деп,
Қусам, өзім жетем,—деп,
Жолдас алып, не етем,—деп,
Сұлтандайын қарашы,
Айласы көп заңғарды.
Майдан жазық, дөңдерде
Сұлтан көрді бір қара.
Келе жатқан Сүйініш
Ол да көрді қараны.
«Жапанда жалғыз бір қара
Жетейін»,—деп, бұл қалмақ,
Ол қараға қарады,
Бозға қамшы салады.
Қалмақ мінген боз тұлпар—
Ұшқан құстай жануар,
Зырлады ол да шүйіліп.
Атының түрін көргесін,
Сүйініш батыр қарады.
Қара атты «шүу» деп алғасын,
Алдынан қара көргесін,
Арандай аузын ашады,
Құлаштап аяқ басады.
Ханның мінген боз атының
Сүйегі қызып барады,
Жүрген сайын топырақ
Құйындай қылып борады.
Ол Сұлтанның үстінде
Бір теңгелік киім жоқ.
Ең болмаса, қолында
Ұстаған мықты қамшы жоқ.
Сонда ханың келеді,
Сүйініштің қасына
Келе сөйлей береді:
—Жылқының мінген қарасын,
Жарқыным, қайда барасың?
Мен қалмақ деген ел едім,
Біраз түйе жоғалтып,
Іздеп жүрген батырмын.
Көрдіңіз бе қара сіз?—деді,
Жоқ қараған—біз,—деді.
Хан секілді емес, апырай!
Киіміне қарасаң,
Қаңғырып жүрген пақыр-ай.
Сонда Сүйініш сөйледі:
Астыңа мінген боз,—деді,
Мынау қалай сөз!—деді.
Өзіңізге қарасам,
Бір теңгелік киім жоқ.
Атыңызға қарасам,
Құстай зырлайды.
Сүйегі қызып алған соң,
Бұл жануар тұра ма?!
Қалайынша жоғалды
Бұл қалмақтың түйесі?!
Жоғалған малдың сен бе едің,
Бейшара, енді иесі?!
Сонда ханың сөйледі:
—Шаруа халқым жай еді,
Мен бір жүрген малшы едім,
Мал бақтырған бай еді.
«Тауып кел,—деп,—түйені»,
Қатты маған ақырды,
Мініп шыққаным соның аты еді.
Іздеп шықтым далаға,
«Іздеп, тауып келмесең,
Келме,—деді,—қалаға».
Жарлылық деген көп жаман,
Қалам ғой сонда бәлеге.
Көрдің бе сондай түйені,
Кім боласың сен?—деді.
Сүйініш сонда сөйледі:
Көргенім жоқ түйені,
Менің елім—құл,—деді,
Басқа жөнімді сұрама.
Еш нәрсенің мәнісін
Білмейсің ғой сен,—деді.
Бұл қалмақ қандай ел?—деді,
Қараойық қандай жер?
Басташы еліңе сен,—деді,
Бастамасаң еліңе,
Өлтіремін мен!—деді.
—Артық туған батыр-ай,
Мен едім жарлы пақыр-ай.

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз