Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыдырбайұлы Қобыланды (5-бөлім)

Қобыланды · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Сонда Ақару бәйбіше отауға қарай жүре береді. «Бір тайын маған берер» деп Құртқа үйден киініп шығып, Қыдырбайға барады. Сонда Құртқа сұлудың айтқаны:

—Сәлем бердік, бабамыз,
Алдыңа келді балаңыз.
Шөлдесең, сусын берермін,
Тоңсаң, киім жабармын,
Не құлқың ойлап табармын.
Дүниеден кеткенше
Жақсы етіп, ата, бағармын.
Балаңның алған баламын,
Құдай нашар қылғасын,
Қызметіңді етерге
Келіп тұрмын қасыңа.
Керек емес басқа мал,
Көрімдікке бір тай сұраймын,
Ата, маған бер,—деді.
Сонда Қыдырбай сөйледі:
—Ол қасабаң қайқайып,
Маған билік айтпа шалқайып!
Кер биені бермеймін,
Келмей жатып мал билеп,
Маған көзің салғаның.
Шетте жатқан жылқыны
Қалай ұстап алғаның.
Бір қыз түгіл он қызды
Бір күнде алып берермін,
Оған малым жетеді.
Тоқсан баулы ноғайдан
Аралап өзім көрермін.
Бермеймін бие мен,—деді,
Мазамды алма сен,—деді.

Сонда Құртқа сұлу жылап үйіне кетеді. Құртқа сұлу үйіне барған кезде, Хансұлу үйден киініп шыға берді. Хансұлу Қыдырбайға келіп сөйлей береді:

—Айналайын, жан ата,
Мен едім туған бала да,
Егізім еді ер Қобылан.
Қобыланжанның алғаны
Ақ Құртқадай болған соң,
Менің бар ма арманым?!
Қасыма қонған жеңешем
Бір адамның баласы,
Жеңешеме жетер ме?!
Жылап келді егіліп,
Көзінің жасы төгіліп.
Сұрай келдім, атеке,
Үй сыртында тайыңыз,
Келер ме тайға жайыңыз?
Егер тайды бермесең,
Өлтір, әке, өзімді,
Ой менің екі көзімді.
Сонда Қыдырбай сөйлейді:
—Сенің даусың шыққасын,
Іш-бауырым елжіреп,
Шыдамадым мен,—деді.
Құртқадайын балама
Кер биеден құлынды
Жетелеп апарып бер,—деді.
Кер биеден туғаны
Тобылғы меңді ат болар.
Жалғыз ағаң ер Қобыланды,
Ол торы атқа мінгесін жат болар,
Жыл он екі ай келмей жоқ болар.
«Сонда менің көкем қайда?» деп,
Аларсың менің мазамды.
Сол себептен бермей тұр едім,
Жыламасаң сен,—деді.
Кер биені апар да
Құртқажанға бер,—деді.
Ол Құртқадан аяман
Малым түгіл жанымды.

Сол себептен бере алмай тұр едім, сен жылайды деп кер биені,—деді. Кер биені бергесін, Құртқа Апар мен Жапар деген екі құлға күні-түні бақтырып қояды. Қолдарына жібектен көрпе берді.—Құлыны жерге түскенде аяғын топыраққа тигізбей, осы жібек көрпенің үстіне ұстаңдар,—деді. Бие толғатып жатқанда екі құлдың көзі ілініп, ұйқыға кеткен екен, сонда құлынның бір аяғы жердегі тасқа тиіп, таңба түсіп қалады. Сосын жібек көрпеге салып, Құртқаға апарып бергенде, Құртқа құлынның аяғындағы таңбаны көріп, аяғындағы топырағын сүртіп:—Құлынның аяғын жерге тигізгені үшін екі құлды өлтірем,—деді. Сонда құлдар Құртқа кеткесін, екеуі кеңес құрады.—Бұл Құртқа бізді «өлтірем» деді, одан да Құртқаны біз өлтірейік. Қобыланды далада қарауылда жүр. Біз соған барайық. Кұртқамен екеуін шағыстырайық. Қобыланды біздің тілімізді алады, сосын Құртқаны өлтіреді,—десті. Сонда екеуі Қобыландыға барып, көптің ішінде айтқаны:—Қобыланды батыр, сізге келдік біз,—деді.—айтар сөзіміз бар, тындасаңыз сіз,—деді. Сонда, «ал айтыңыз» дегенде:

Тағы оқыңыз