Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жәнібек батыр туралы аңыз (12-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

«Нағашы атам ықыласымен берген жануарым-ай! Сен Алжастың ба? Мен қателестім бе?»—деп көк дөненді қимай, ішін жарып, ішек қарын, өкпе-бауырын алып тастап, қос кеудесіне кіріп үш күн жатыпты. Ақыры көк дөненді бағуға кеткен серігі есіне түсіп, «бишара айрылып қалып жүр-ау, бүйтіп жатқаным болмас, оны тауып алып, ақылға келейік»,—деп ойлапты.

Көк дөненнің кеудесінен шығып, басын көтеріп алып шоқ қамысқа келіпті. Келсе, жолдасы өз атына қосып көк дөненді бағып жатыпты. Көк дөнен жыра салып, бауырынан жарап тұрыпты. Бұны көрген Жәнібек төтенше қуанып, көк дөненнің басынан құйрығына дейін сылап-сипапты. Көтеріп келген көк тұлпардың басын, көк дөненнің басымен салыстырғанда орындығы бір кез, шықшыты жарты кез артық шығыпты. Сөйтсе, құланға ерген көк тұлпары Жанекең көк дөненім деп қата таныпты. Ол Жәнібек өз қолымен келмеске кетірген қалмақ батырдың керігі екен.

Аман-есен серігімен ұшырасып, бауырынан жараған көк дөненіне тақымы тиген Жәнекең әрқилы ойға кетіп, ақыры: «Жәнібек аты арықтап Абылай ханның жұртында жолда қалыпты, содан аяқсыз өз ө беті қайтып келіпті дегізгенше, Абылай ханға ерлігімді бір көрсетейін», деген бекімге келіпті.

Бірқанша күн шеру тартып ұзап кеткен Абылай ханды жолды етіп, суыт жүріп Жәнібек батыр қуып жетіп, қарасын көрген соң, аялдапты.

Абылай хан қалың қолмен күндіз шеру тартып, түнде жатады. Жәнібек түнде жүріп, күндіз дем алады. Абылай ханның таңда аттанған жұртына Жәнібек күн шыға келіп дем алады.

Бір күні шоқпар тастың асты, шилі өзектің басы қышмалы бастауға келіп түсіп, шайланып алып, аттарын бекітіп отқа қойып, ер-тоқымын жастанып, киімін шешіп астына салып, жейдешең, дамбалшаң шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан Жәнібектің аяғынан өрлеген оқтаудай суық дене шырт ұйқының шырқын бұзып, кеудеге келіп тоқтағандай болады. Ұйқы ішінде сезімі секем алған Жәнекең өзін қозғалтпауға барынша тырысып, ақырын ғана кірпігін ашып, саңлау шығарып қараса, жоян қара шыбар жылан басын қайқаңдатып, тілін жалаңдатып тұрғанын көрді де, «мына кәпір жазым ерте ме екен?» деген ойға келіп денесі түршігіп, жүрегі құбылып қалды. Мұны халық аңызында Жәнібектің 3-сескенуі деп атайды.

Қалт ойлана қалған Жәнібек: «Ыстық күнде сусап келген хайуан бастаудан су ішіп, шөлін қандырғаннан кейін дамылдайтын інінің ауызына мен жатып алған сияқтымын. Ауызымды ашып, тыныш жатайын да, кіре бергенде шайнап, бүркейін»,—деген бекемге келді де, ауызын ашады. Нақ Жәнекеңнің ойлағанындай жылан тілін тартып, аузын жауып, еңкейіп келіп ауызына басын сұққан заман, ашулы Жәнекең қарыш еткізіп жыланның басын мойынынан тісімен қырқып, бүркіп жіберіпті. Жан үзерде жыланның сабалаған құйрығы тиіп Жәнібектің серігі шошып, атып түрегелді.

Жәнібек те басын көтеріп:

—Шошыма, атыңды әкел! Абылайға жау қара шыбар жыландай қадалған екен, тез баралық!—дейді.

Жәнібектер атқа мінгенде түс қайтып қалған екен. Айтқандай, екі бел асқан соң-ақ екі төбеге жиналған қалың қара шұбыр жасақты көрді. Андайдан жақындап келген аралыққа дейін жекпе-жектің майданына шыққан жалғыз адамға екінші топтан жан шығып қарсы бара алмайды. Жәнібек жақындап келгенде, жекпе-жектің майданында айқулақтанып есіріп тұрған, ісмедеп тұрып алтын мен айшықтап, күміспен ноқалап тастаған, күнге шағылысқан сауыттың сағымы көзді тайдырып, бет қаратпай жасқандырып тұрған қалмақтың батыры екен.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз