Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жәнібек батыр туралы аңыз (10-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

«Жорыққа аттанып жолы ашылып алған батырға, ауылда аялдауға алданыш болсын! «Жаман айтпай, жақсы жоқ», «Бай бір жұттық, батыр бір оқтық» деген, тезірек қызығын көрсек»,— деп, көп ұзатпай Жәнібекті қайынына ұрынға жіберіпті. Қайын атаның ауылына жақындағанда, салт бойынша Жәнібекті қара адырдың арасына жалғыз қалдырып кетіпті.

Бұрын күйеулікті басынан кешірмеген Жәнібек: «енді не хикмет болар екен» деп толқыған оймен иек артпа кезеңшеге шығып отырыпты. Отырып ойға кетіпті. Түсіне кірген ақ сақалды қартты, оның айтқан сөздерін есіне алыпты. Абылай ханға ашуланып басын алып тастаған қыз көз алдына елестепті. «Ол мұнарадан түсердегі уағда қылған шартты сөзде тұрмадың» деп жазғырып тұрғандай сезіліп, сондағы жағдайлар бірден-бірден көзінің алдын кес-кестеп өтіп жатқан кезде, мұшыға келіп, өзіне қарай тура ұмтылған ақ кимешек-шылауыштары жер соғып, қос етекті көлбіреген көйлектері гүлдің басын жапырып, теңге-моншақтары күнге шағылысып жарқылдап, ақ құрт толы табақтарын көтерген қалың әйелді абайсызда көргенде жүрегі лүпілдеп, атына мініп, жалт беріп артына қарай тұра жөнелгісі келіпті.

Жәнібек қайтерін білмей ойланып, қамданып үлгергенше, кілтең жерден ұмтылған жеңешелері ақ жарманың астынан алып, арадай шулапты. Жасанған жауды қынадай қырып, қылышпен жайпаған батырдың ақ шылауыш астындағы айғай-шудан тұңғыш рет сескенуі деп те атайды.

* * *

Жәнібек Садырдың қалыңдығын серт беріп, мұнарадан түсіріп алғаннан кейін, Абылай ханның іштарлық істеп басымдылық жасағанына наразы болыпты.

Абылай хан Жәнібектің бас олжаны тапсырмағанына, қыздың сөйлеуіне рұқсат беріп, өзі янаттағанына ол қызды тірі қалдырып, сазайын тарттырып, өзінің үкім кесуіне қаратпай басын кесіп тастағанына наразы болыпты. Осындай себептердің нәтижесінде бір-біріне ашық айтпағанымен, Абылай хан мен Жәнібек батырдың арасында қырғи қабақтық өмір сүріпті.

Жәнібек балалықтың табы кетпеген балаң оймен әке-шешесінің қалыңдық айттырып, келін түсіріп, отау тігу армантілегінің қызық думанында жүріп, өзі бастап жорық жасайтын қол ұйымдастыра алмаған кезінде Абылай хан екінші реткі соғыс жорығын бастапты.

Айғай шықса, делебесі қозатын, жорық десе, жойқын күш денесіне сыймайтын Жәнібек батыр тағы да көк сауытын киіп, көк дөненін мініп, ақ алмасын жарқылдатып, қара тамақ найзасын қолына алып, садағын мойнына асып, қорамсағын салпылдатып аттаныпты.

Жыл бойы қызды ауылға қырындап, қалыңдық ойнап, қатын алу жолында қайтауылға түсіп, сарпалдаң көрген көк дөненнің күйі тым төмен болғандықтан, айлық жолға жете алмай арықтапты. Абылай хан Жәнібектің атының арықтағанын көре тұра, аялдайтын рай білдірмепті.

Абылайдың ниетін таныған Жәнібек:

—Бақ қонып, таққа мінген қадірлі ханымыз Абылай, «Қара қазан, сары баланың тілеуі бір», іргеміз бөлінбеген, қанымыз бір қазақпыз. Дәм-тұзымыз—тірлігіміздің кепілі. Менің атым арықтады. Сен кемді күн тосып, күш-көлікті тынықтырсаң болмай ма? Көк дөнен бірнеше күн оттаса, бір жорыққа жарар еді. Бірге жүрсек болмас па еді,—деп талап қояды.

Сонда Абылай маңғаз отырып, маңыздана сөйлеп:

—Көз ұшында көрінген ана шоқ қамысқа барсаң, сол жердің раноты күшті. Оған барып оттаған ат үш күнде қабырғасын жабады, үш күннен асса, семірген ат құланға ілесіп кетеді. Уақып бол! Атың семірген соң артымнан келерсің,—депті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз