Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қайың сауған жұт жылы (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

—Сендердің айтқандарың бекер болар, әлі де шығысқа қарай жүріп көрейік,—деп жолдастарын бастап жүріп кетеді. Ілгерілеген сайын шұбырынды іздер қоюлап, аң қарасы да көріне бастайды.

—Алла бұйырса, ертең қоңыр аңға араласып қалармыз, тоқтап жәйіліп, еркімен жусап, онан соң жосып кетіп барады. Мынау бастау—кеше солардың түнеп шыққан жері.

Таңертеңінде ізге түсе жүріп кеткен олар, түске жетпей тағы бар қолаттан өтіп, сортаң шалшық суға кезігеді.

—Міне, көрдіңдер ме, қоңыр аң ауып барады. Бұл жануарлар біліп ауып барады. Биыл біздің мекенімізде ойылған жұт болады. Бұл жануарлар жұрт жүрмейтін жер іздеп ауып бара жатқан болар,—деп қарт сөзін жалғай түседі,—Қоңыр аң— біздің жолдасымыз, тіпті жолбастаушымыз. Біз соларға ілесіп, солардың барған жеріне тиянақтаймыз. Барлығыңа айтарым—жолдасқа қар қылмандар, атпаңдар, үркітпеңдер, аң да болса серігіміз ғой, бізден көңілі қалмасын. Бізден алаңдаса, көңіліне алған жеріне жете алмас. Олар көңіліне алған жеріне жете алмаса, біз де жұрт жүрмейтін жерді таба алмаспыз. Осы тілсіз дос, қасиетті жолбастаушымыздың адал серігі, айнымас қорғаушысы бола білейік. Осылар қонған жерге қоңсы қонып, осылар ішкен бұлақтан су ішейік.

Ақан батыр бастаған жолдастары қарияның айтқан сөзінен шықпапты. Олар бірнеше күн жүріп, қар жамылған ақ бас таудың теріскей жазығынан өтіп, үлкен көкшіл таудың баурайындағы алқабы кең, ашылы, шилі өңірге келіп тұрақтайды. Байымбет қосын тіккен осы өңір—Мұзтау мен Көксіннің арасындағы аласа адырлы, бетегелі, ақ шөпті, аяғы айдын көлге тірелген кең байтақ өңір екен. Осы араға келгеннен кейін қоңыр аң қуса да кетпейді, тіпті бұлардың ат-көлігімен араласа, қосының іргесін баса жайылады. Байымбет қарт қоңыр аң тұрақтаған осы жерге келгеннен соң таң ата кетіп, кейде ара қонып, бас-аяғын шолып өте көңілді жүреді.

Бір күні көлбеп келіп қалған шуақты күнге қарай отырып серіктеріне мынаны айтады:

—Іздеген жерге жеттік. Осы қоңыр аң алдағы қыс ызғарын сезіп жұттан қашты. Жұт жүрмейтін жер іздеді және сол жері— енді мынау. Бас-аяғы, оңы мен терісі күншілік ғана. Ат сауырындай осы жерге күшті боран жүрмейді,—дейді.

—Мұны қайдан білесіз?—дейді жолдастары таңданып.

—Сайда өскен шөптен білдім. Биыл осы жерге жеткен ұзын аяқты мал жұттан аман қалады. Басқа жерді мен білмедім— дейді. Онан соң жанындағы Ақан батырға қарап:

—Мен сені мен Кенжәліні әдейі алып шықтым. Енді амандық болса елге барған соң, біткен жылқыны осы жерге әкеп саласыңдар. Бұл жердің байырғы иесі де біз едік, қазіргі иесі де біз боламыз, арғы бабаларымыздың «Сауыр» деп атаған жері—осы. Қаншама заманды өткізіп, айналған ұрпақ біз екеміз, осы күл төккеніміз төккен болсын,—дейді де, алыстан айдынданып көрінген Алтайдың ақ бас шыңына көз тігеді.

Байымбет қарттың айтқаны да екі болмайды, болжағаны дөп келеді. Бұған ілтипат еткен бар керей жылқысын алып, сол жылы Сауырдың жонын алғаш рет қыстайды. Қобыққа келіп, енді ғана ірге теуіп қоныстана бастаған Торғауыттың кегені қыс ортасында кісі жіберіп, жөн сұрайды. Ақан бастаған батырлар:

—Жау емеспіз, елміз, жерімізде жұт жүрген соң мал отарлатып жүрміз,—деп жауап береді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз