Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жәнібек батыр туралы аңыз (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Амал жоқ, бекер соқтыққан екенмін, болса болғандай ерім екен ғой! Керейде қамалға қарсы шабатын ұл туған екен, бұдан былай сені керей алар!—деген екен.

* * *

Нағашы атасының ықылас батасын алып, көк құнанды мініп, көңілі қош болған Жәнібек аман-есен еліне оралыпты.

Бердәулет ожар ұлының өзі туып көрмеген жер түбіндегі нағашы жұртын іздеп тауып, нағашы атасына сәлем беріп, амандық біліп, ат мініп, аман-есен оралғанына, адам болғаны осы деп сүйініпті де, тіс жарып ештеңе демепті.

Тентек ұлын не болды деп уайым аралас сағынған Бердәулеттің әкелік мейірі, мал қайғысы мен ашуын баяғыда-ақ жойып кеткен тәрізді.

Бұл заман қазақ-қалмақ арасындағы қанды шайқас қара жерді қаннан жиіркендірген, қазақтың ең соңғы ханы Абылайдың ел билеп тұрған заманы екен.

Хан жарлығымен қазақтың батыр, бағлан, білікті, жіліктілері өзіне қарасты бұқаралына хан әмірін атқарып, алдағы күндерде қалмаққа қарсы жасайтын жорықтарына шұғыл дайындық көру жөнінде жарғақ құлақтары жастыққа тимей жар салыпты.

Бұл хабарды естіген Жәнібек, нағашы атасының айтқан ақылы есіне түсіп, Абылай ханның әмір жарлығы бойынша жорыққа дайындалу ниетіне мықтап бекіпті. Бірақ жорыққа дайындалу үшін әке бекімі, ана разылығы болу қажет. Онысыз сауыт-сайман, азық-түлік, керек-жарақ сияқты қажетті қамдап алуда, тіпті, жорыққа бару да қиын. Осыны толық аңғарған есті, парасатты, ожар бала Жәнібек әкесіне төте айтуға батына алмай, бұл ойын шешесіне айтыпты. Баласын қырғын соғысқа қолдан жіберуге қимаған шешесі, Жәнібектің жорыққа бармауы жөнінде ұшан-теңіз негіздерді алдына көлденең тартып кеңес беріпті. Бірақ ұлының алған бетінен қайтпайтынын көріп, әбден түңілгеннен кейін Жәнібектің осы талабын әкесіне айтыпты.

—Ұлың жібермеске көнер емес. Біз қосылмағанымызбен, нағашысын іздеп кеткені сияқты жорық басталарда дайындықсыз жүріп кетсе, қызыл жұдырықтан өзге қайрат қылар қару-жарағы жоқ, қалмақтың қан жалаған қанжарының астында арманда кетпей ме? Онда шерге арманымыз өлгенде бітпес, одан да тілегін қабыл көріп, жабдықтап ықыласымызбен аттандырсақ, өлсе, шейіт деп көңіліміз тынып, тірі болса, ісіне риза-қош болып отырмаймыз ба?—депті.

Қабағын ұзақ түйіп ойға кеткен Бердәулет үнсіздікті бұзып, ақыры әйелінің көзқарасына қосылып, баласының жорыққа аттануын мақұл көріп, жорықтың дайындық жабдығына кірісіпті.

Алдыңғы соғыстарда кеткен есесін қайтарып алуға кәрін төккен хан Абылай жыл бойы бүкіл елі бойынша дайындық көріп, қоңыр күзде қалмаққа қарсы тұқиыл шабуыл жасап, қынадай қырып, есесін алып, жеңіс табу ниетімен өзі бас болып, атқа қонып жорыққа шығыпты.

Хан атқа мініп, жорыққа аттанғаннан кейін патша десе бәрін төгіп, басын бәйгеге тігетін ақпейіл қазақтың тайлы-таяғына дейін қалмай аттаныпты.

Жер қайысқан қалың қол батырлар мен бағландардың, билер мен біліктілердің атаулары бойынша қоғамдалып, қолбасының қолы болып аттаныпты.

Ол кезде сол өңірде керейде атағы бар білікті адамдар болмағандықтан, арғын, найман, тобықты сияқты мықты рулар керей ауылдарын «келімсек керей», «шұнақ керей» деп кемсітетіндіктен, келемеж еткендігіне кектеніп, ала көңіл болып, Абылай ханның жорығына қосылған керей тобы болмапты.

Уақтан шыққан Бармақ деген батыр жорық дабылы қағылып, қол соғысқа аттанғанда ғана бүйірі қызып, шыдап үйде жата алмай уақ пен керейден атқа мінгендерді топтап, бір қос болып Абылай ханмен бірге аттаныпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз