Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жәнібек батыр туралы аңыз (5-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Хан жанындағы сенімді біліктісіне қарапты. Ол сүлкіні түсіп жерге қарапты. Сәлден соң:

—Болды, жарақаттарыңды жуып, демалыңдар. Бейнетке— қайрат, ажалға төтеп беретін, адам болатын неме ғой тегі, оған енді тиіспеңдер!—депті Абылай хан.

* * *

Жорық қолы дағдысынша шеру тарта беріпті. Ханның қолбасшылық ордасындағы әлгі әккі Жәнібектің ханға сүйеніш болатын қолбасшылардың адамы еместігін ұғып, шеру тартқан қолды тәртіппен жүруді, атақты қолбасшылар қосыны алда жүруді, әлсіз жіктер мен керей, уақ бытырандыларын ең артта жүруді белгілеп, ұқтырыпты. Бұл тәртіпке бойсұнбай бұзғандар жазаға тартылатындығын жариялапты.

Жалғасты жүрген бірнеше күнгі жорықтан кейін бір ұлы тау кезігіпті. Тауды кесіп өтетін қысаң жолға келгенде жол аузында бір айдаһар пайда болып, аузын арандай ашып, басын қайқайтып, тілін жалаңдатып тұрып алыпты. Бұдан сескенген алдыңғы топ өте алмай Хан ордасы ішінде қалың қол ұйлығып тұрып қалыпты. Батыр да, бағылан да, білікті-жілікті де, молла-қожа да бұған амал таба алмапты. Осы кезде арттағы топ та үдере тартып жетіпті. Алдыңғы топтағылар торығып тұрғанда, Абылай хан келіп айдаһарды көріп, басқа жақтан жол іздеп өтпекші болып кетіпті. Уақ Бармақ батырдың қолы дәл осы кезде келіпті.

Жәнібек қалың қолдың қамалып қалғандығын көріп, себебін ұғып, қаһарланып көк дөненге қамшы басыпты. Айғай салып ақырып алға шығып, қылышын қынабынан суырып айдаһарға ұмтылыпты. Сонда:

—Көк дөнен көкке ыршыды қамшы батып,
Абылай неге қашты босқа шатып.
Баланың айбатына шыдай алмай,
Айдаһар мысықтай боп қалды жатып,—

дейді. Айдаһар бұғып қалғаннан кейін, Жәнібек іркіліп тұрған қолға: «Отырыңдар!» деп бұйырыпты. Қайысқан қалың қол іркес-тіркес, умақ-шумақ өтіп болғаннан кейін артынан Жәнібек өтіпті. Айдаһар бұққан басын көтермеген соң, Жәнібек қол жұмсапты.

* * *

Айдаһардан өткеннен кейін қолбасшылық орданың алыпсоқтары орналастырған белгілеме бойынша қалың қол тағы ілгерлепті.

«Қазақтың Абылай ханы бас болып аттанған қалың қол қалмақты жайратқалы келе жатыр» деген хабар тарап, қалмақ елі де шұғыл дайындық көріп, күндік жерден жасауыл орналастырып, қарауыл қойған екен. Ел шетіне кіргізбей-ақ қазақ қолының бетін қайтару үшін қалмақтың атақты батыры Садыр күндік жерден қазақ қолының алдынан шығыпты.

Ұзақ шеру тартып, жолшыбай шаршап, қалжыраған жасақтан күтініп тұрған жасақ әлде қайда мықты болмай ма? Жер жағдайы өзіне қанық болғандықтан, Садыр кілтең жерден тосып, үдере тартып келе жатқан Абылай жасағына қапелімде тап беріпті. Алдынан да, бүйірінен де аш қасқырдай араласқан Садыр қолы Абылай қолының әпсәтте-ақ тоз-тозын шығарады. Абылайдың басына күн туып, мұң түсті. Астындағы Ақтанкер атқа оқ тиді.

«Қазақтың қолы қашты ғой,
Кәпірдің қолы басты ғой.
Ақтан кер атқа оқ тиіп,
Абылай жаман састы ғой.
Дуылғасы басынан түсіп,
Үш аяқтап жатты ғой»,—

дейді. Дәл осы қалмақ қазақтың қанын судай ағызып, қырып келе жатқанда Жәнібектердің тобы майдандасқан жерге жетіп үлгерген екен. Долан жиренге мінген Садыр батыр атойлап алға шығып, көлденең кезіккенді қылышпен шауып, найзамен түйреп, қырғидай іліп келе жатқанда:

«Көріп жауды Жәнекең,
Көк дөненмен жосылтты.
Екпінінен тұлпардың
Жер қыртысы көшіпті.
Қақпақтай жалпақ тұяғы
Қазандай жерді ояды.
Ауыздық басып алысып,
Қарғып кетіп барады.
Құбамен жарысып,
Орғып кетіп барады.
Асқар келсе алдына,
Аттап кетіп барады.
Ұра-жыра дөңдерді
Таптап кетіп барады.
Алда тұрған бұлдыр тау
Артта лезде қалады.
Кеудесі асқан Садырдың,
Арыстандай атылып,
Алдына жетіп барады.
Жәнекеңнің мінгені—
Бөктергілі көк дөнен.
Келе жатқан Садырға
Қарсы тұрды көлденең.
Ителгідей ілісті,
Түрікпендей тұрысты,
Қаршығадай қағысты,
Айғырдайын алысты,
Бұқадайын тіресті,
Бурадайын шайнасты,
Қошқардайын қойысып,
Шарт-шұрт етіп қалысты»,—

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз