Шежіре (2-бөлім)
Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу
Барысымен Мапырашты туып қалды,
Қан кетіп, марту басып өліп қалды.
Баласы тірі болып туғаннан соң
Сыланды ол баланы асырауға жүріп қалды.
Қоялық бұл баланың аты кім деп,
Шешесіне ұқсас болсын «Шапырашты» деп,
Сланды бұл баланы асыраған соң,
Жүрді ғой әпкесі үшін дедек қағып.
Балдыз Сыландыны Жалмағанбет алған еді,
Сыланды әпкесінің баласын баурына салған еді.
Марту басып Мапырашты өлгеннен соң,
Жалмағанбет Қызыл биге қызын естіртуге
барған еді.
Ой түсті Қызыл биге Мапырашты өлгеннен соң,
Өлген қызын естіртуге келгеннен соң.
«Бәйдібектен артық қызымды кімге беремін» деп,
Қарашаштыны тағы берді, Жалмағанбетке
барғаннан соң.
Туыпты Қарашаштыдан Ошақты—жалғыз бала,
Айтпайды шежіреде аз ба, көп пе, осы ғана.
Ел болып бұдан қалған төрт баласы,
Өскен екен Бәйдібек байдың бір саласы.
Жауатар Сландыны туып-өскен,
«Ысты» деп жанама аты болып бекем.
Кәсібі тері ыстағыш болғаннан соң
Қайда деп тері ыстағыш іздегендер айтып өткен.
Атанған Ыты деген аты болған,
Айтып берсем дұрысын, болмас жалған.
Болыпты екі бала: Ойық, Тілік,
Бұлар да өсіп-өніп, артына ізін салған.
Ойықтың болған еді төрт баласы,
Үлкені Қызылқұрт, ол—ағы.
Үш Арысты Қызылқұрт аралап жүргенде,
Батырлығы белгілі еді өз шамасы
Көкшегөз, Сәтек пенен Зарыбай да,
Бір туған Қызылқұртпен осылар да.
Үш туысына өкпелеп Зарыбай да,
Өтіп кеткен Шу өзенінің шығыс оң жағына.
Зарыбай /аузы үсігеннен/ болған екен екі бала:
Байгелді, Кемешкенен, осы ғана.
Кемештен Таз, Құланшы болған еді
Байгелдіден Қосай, Досым, Бошай осылар да.
Қосайдан Малай еді болған жалғыз,
Досайдан: Есім, Қожан, болған Абыз.
Бошайдан Жалшы болған өзі ғана
Туып-өскен үшеуінен болып сансыз.
Есімнен болып өскен бес баласы,
Бесеуімен өскен тұқым ер саласы.
Кенжесі болған еді Едіге батыр,
Айтып берсем, дұрысы—сөз саласы.
Жолшыдан Салмырза туып қалған,
Айтып берсем расын, болмас жалған.
Тұсында Жошы ханның, батырлығы
Салмырза бір салса, сойылмен ұрып жыққан.
Құланшыдан: Бұқа, Амантап, Жәнібек,
Таздан: Рыспембет, Аманбет, Бершімбет.
Рыспембеттен болған еді жеті бала,
Айтады шежіреде осылай деп.
Рыспембет атаныпты «Қаттықұлақ»,
Естілмеген, айтқан сөз болып жырақ.
Атанып жанама аты халық аузында,
Қайда деп «Қаттықұлақ» келген сұрап.
Байлығы Қаттықұлақтың болған еді,
Төрт түлікке байлығы толған еді.
Қалмаққырған жерінде отырғанда
Малданып, қалмақ шауып алған еді.
Қалмақтар алыстан жетті әдейі арнап,
Тиісті еру елге күшін сайлап.
Ертістен өте басып, Арғын елін көктей басып,
Келуде қазақ елін басып алу, осыны ойлап.
Жошы хан келген еді асыға басып,
Басқарып қалмақ елін, шын сасып.
Қаттықұлақтың үш баласы бір келінімен
Өлтірген, аямай-ақ қанын шашып.
Қаттықұлақтан болыпты жеті бала,
Үлкен әйелі Қаракемпірден: Есентай,
Есмұрат, Шақан.
Сарыкемпірден: Саназар, Қаным,
Меңліғай, Жолым,
Өскен екен әрқайсысынан әрбір сала.
Есмұраттан болыпты екі бала,
Кәдір, Сәмбет болыпты осы ғана.
Сәмбеттен: Бейменей, Өлменей, /Қабан батыр/
Қарсыласқан жаулар кие балаған.
Сарыкемпірдің кенжесі Жолым болған,
Ақтабан-шұбырындыда жолда туған.
Жолымнан төрт бала боп қалған еді,
Үлкені Қылыш еді, ол өсіп, қанат жайған.
Қылыштан болған еді Азнабай,
Айтып берсем шежіреден мұның жайын.
Болыпты Азнабайдан алты бала,
Қате болса, сұрағын білгендерден мұның бәрін.
Үлкені бесеуінің Қанай еді,
Сөйлегенде Қанайдың тапқырлығы талай еді.
Келтіріп тиімді сөз сөйлегенде,
Тиісті шешуге оның жайы осылай еді.