Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұлбике мен Күдері Қожа айтысы (4-бөлім)

Ұлбике Жанкелдіқызы, Күдері Қожа · 2 мин оқу

Ұлбике:
Қарағай садақ, қырық кез оқ бар белімде,
Сендей ақын болмады-ау өз елімде.
Сегіз ойын, сексен бес жұмбағым бар,
Жүйрік болсаң, тап соны қапелімде?

Күдері қожа:
Ұлбике-ау, кімге айтасың бұл кебіңді,
Қайдан тауып отырсың өз теңіңді?
Сегіз ойын, Ұлбике, тал бойыңда,
Сексен бесі томпайған емшегіңде.

Ұлбике:
Қожа пұлын жіберер достарына,
Кисе, достар жарасқан бастарына.
Ат алған, айғыр алған, тақсыр қожам,
Махшар күн[і] тартар ма екен қастарына?!

Күдері қожа:
Қожа пұлын жіберер достарына,
Кисе, достар, жарасқан бастарына.
Көзіңді тоқсан екі төңкересің,
Сені қалай тартайын қастарыма?!

Ұлбике:
Қожа пұлын жіберер достарына,
Кисе, достар, жарасқан бастарына.
Махшар күні мұрттарын тарта алмастай,
Мәкіруә тамған бола ма астарына?

Күдері қожа:
Қожа пұлын жіберер достарына,
Кисе достар, жарасқан бастарына.
Достар салған қожаға тіл тигізіп,
Кесір болып жүрмесін бастарыңа.

* * *
Екеуі қанша айтысқанымен, жеңіп, жеңісе алмайды. Талай тойда айтысқан, жеңіп, жеңісе алмаған. Бір айтысқанда, Қожаның айтатыны бар:
Келемін Сырдың бойын жайлап қана,
Көп жылқы көк алалы айдап қана.
Байың атын сұрасаң, Бойтан сері,
Үш күн сені ұрыпты байлап қана.

Ұлбике:
Құранда: «Құл ағузы» беріп лаплақ,
Өтірікті айт дейді бір зәнталақ.
Ұрған түгіл, маңыма жуыған жоқ,
Айтты екен өтірікті қандай қазақ?

* * *
Бір қыстыгүні қожа бір жақтан келе жатса, Ұлбике Жәңке серімен малға қорек аршып тұр екен. Қожаны көрісімен: «Мынау бір нәрсе дейді ғой. Онан да өзінен бұрын қылып тұрған жұмысымды мойныма ала, сөйлеп қалайын!» – деп, Ұлбике сөйледі.

Ұлбике:
Қожеке, көріп пе едің мұндай қарды,
Астында – қар, үстінде мұзы барды.
Замананың мән-жайы бұлайша боп,
Ақын Ұлжан қолына күрек алды.

Күдері қожа:
Шырағым, көрген жоқ па ең мұндай қарды,
Астында – қар, үстінде мұзы бар-ды?!
Күні келсе, байына кетіп қалар
Алдап-сулап күшін ал мұнда қарды.
* * *
Күдері қожа Сарыарқаға кетіп, үш жыл жүріп қайтқанда, Ұлбикемен тағы айтысады.

Күдері қожа:
Ұлбике, «Бақтияр» ма тегі затың?
Жайылған алты алашқа «Ұлбике» атың.
Аузыңнан шыққан сөзің – шекер мен бал,
Қадірден қайдан жүрсің, перизатым?

Ұлбике:
Сайраса, бауға қонған бұлбұлым-ай,
Барады қапалықпен бұл күнім-ай!
Ағарып атқан таңдай қайдан келдің,
Қыраны қаршығаның, тұйғыным-ай?!

Күдері қожа:
Ұлбике, қыздан шыққан лашынысың?
Бұл жерде сенен сөзді кім асырсын?!
Көтере айт көп ішінде өлеңіңді,
Кірбіңі көкіректің бір ашылсын!

Ұлбике:
Барады іштегі ыстық сыртқа теуіп,
Бассайшы лебізімді суды сеуіп.
Тұлпары арғымақтың, қайдан келдің,
Отыр ем қапа болып, ішім күйіп.

Күдері қожа:
Белгісі құшақ жайған – сағынғанның,
Өсекке, сөзі жалған, таңылғанның.
Сүйкенер көңілі сүйген сүйгеніне,
Осындай келер сөзі қадірданның.

Ұлбике:
Аралар тоғай барған балтаны алып,
Не кетпес, балта тисе, жарқаланып?
Анау жыл мен көргенде, жас бала едің,
Келдің бе аман-есен Арқа барып?

Күдері қожа:
Қайтады қалашылар құман алып,
Ташкентке қатынайды жылда барып.
Ұлбике, еш ойымнан қалған жоқсың,
Сенімен жарым көңілім мұнда қалып.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз