Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Таңжарық пен Ұлжалғас айтысы (1-бөлім)

Таңжарық Жолдыұлы, Ұлжалғас · 3 мин оқу

Жамағат бір тыңдайтын келді кеңес,
Бұл сөзім ылғи рас жалған емес.
Қаңғыбас, қайран Тәкең тек жүре ме,
Бір тойда бір қатынмен салған егес.
Адамы Жетісудің Шоқпар қатын,
Баяғы Қойдымдардай Албан емес.
Тағы да Албан Бүбі соқыр деген қатын,
Жеңбек түгіл айтысып шалған емес.
Айтысып Керей қатын Нұриламен,
Сонда да жағым шаршап талған емес.
Солардың бәрі қиын болғанымен,
Қысымға дәл шоқпардай алған емес.

Ағалар жалған емес осы сөзім,
Тоймаған тамашаға шіркін сезім.
Өткен жаз, жайлау үсті, алтыншы айда,
Мақаңа молда болып жүрген кезім.
Ауылына Ысқақ мампаң бұйрық беріп,
Адуынгерге бардым жалғыз өзім.
Бұйырған Мақаң бұл күн, Жәкең жаққа,
Көрдің бе душар болған істің тезін.
Іңірде тамақ ішер жеттім зорға,
Астымда жарап жүрген жирен жорға.
Күн шұғыл, ісім тығыз, бұйрық солай,
Болмаса қонбас па едім орта жолда.
Айланып бір тұмсықтан шыға келсем,
От шықты жарқылдаған ақ ордада.
Қалың ат мамағашта байлаулы тұр,
Ішіне түсе қалды біздің молда.
Шатырға сәлем беріп кіріп келсем,
Түп-түгел іздегенім бәрі сонда.
Жиылған бір шатырға қалың қонақ,
Құюлы қымыз да тұр, қарта қолда.

Отырдым амандасып төрге барып,
Ұқтырдым әңгімені ашып-жарып.
Жарайды таң атқан соң барайық деп,
Отырдық тамашамен әуен салып.
Сүлеймен зәңгіменен Жапсар бектер,
Қонақ боп отыр екен келіп қалып.
Етті жеп, қымыз ішіп отырғанда,
Ыңқылдап екеу келді өліп-талып.
Ауылында Қоқымшаның өлең бар деп,
Келіпті шақыруға бұйрық алып.

Мампаң айтты: «келіпсің екі бала,
Шақырғаның дұрыс-ақ, ісің шала.
Ауылдан ел жатарда ат қалған жоқ,
Болмаса барар едік тұра сала.
Бәріңнің құмарыңнан шығарады,
Барыңдар Таңжарықты қасыңа ала.

Жіберді ауыл үшін бір-ақ кісі,
Жас бала лайықты жасы кіші.
Бар деді мампаң маған бұйрық етті,
Тұра ма бұйырған соң епті інісі.
Мампаңның қалжыңымен буланып ап,
Жарысып тойға келдік, екі үш кісі.

Деп шықтым тамашаны бір қылайын.
Сауықпен жүрген жерді жыр қылайын,
Бір түнде бейпіл сөзді борандатып,
Ойын талқан, жазығын қыр қылайын.
Ешкімнен тартынбайын деген ой жоқ,
Жастықта неден қорқып бұғынайын.
Ол кезде тастан қайтпас тасыр кезім,
А десе атқан оқтай зымыраймын.
Сол кезде жаныма ерген бір жолдасым,
Баласы Әзім сарттың Ыбырайым.
Біз келдік әуен салып сорғалатып,
Жасқантып жамандарды қорғалатып.
Ауылға келген заман айғайласып,
Көтерді ер Тәкеңді қолқалатып.

Таныпты даусымызды салған жерден,
Көтерді ат үстіне барған жерден.
«Бағана өтіп кетті» дегенді естіп,
Шаптырдық екі бала жорғаменен.

Ер Тәке дауысыңнан танып едік,
Анау Тәкең дегенге нанып едік.
Қысылып бір қатыннан бүкіл дербіс,
Ауызға сізді неше алып едік.

Айтқанша келіп қалды арамызға,
Түсірген құдай екен санамызға.
Ал енді жүр қарағым, сөйлесіп көр,
Сиынып Қызай кемпір анамызға.

Тоқтай тұр жиылған жұрт қысталама,
Жабылып оған біреу күш сала ма.
Кәнеки, қатын қайда, қай тұста отыр?
Қоя бер анадайдан нұсқала да.

Әуелі байқалық та сөзін көріп,
Байқұсты састырмаңдар көңілін бөліп.
Хабар бер ол қатынға тез біреуің,
Өзіне-өзі мықты болсын берік.

Тең келмей бір қатынға бәрің жүріп,
Ат соры, ас иесі өңшең өлік.
Тосыннан қараңғыда келіп тұрмын,
Көрген соң не десем де өзімде ерік.
Болғанда өзім қапас көңілім сарай,
Тісім төс, тілім балға, көмей көрік.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз