Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Таңжарық пен Қойдым айтысы (6-бөлім)

Таңжарық Жолдыұлы, Қойдым Дәрубайқызы · 3 мин оқу

Айтуға бәрін теріп аяғы ұзын,
Ертеңгіге созбайын істің көзін.
Кеше бізден жан бағып жүрген Албан,
Ақтамайсың қайтейін татқан тұзын.
Қызай қызын үлкейткен себебі сол,
Албанның алғаннан соң арзан қызын.
Албанның осы күнгі қыздарының,

Ұшықта топырақпен басқан ізін.
Рұқсатсыз ата-анадан байға тиген,
Кәпірдің күйдірсеңші әттең жүзін.

Албанның қатын тұрмақ қызы құрсын,
Тамтықсыз шашып айтқан сөзі құрсын.
Бай іздеп он бес жастан қашып тиген,
Қаншықтың ұялмаған жүзі құрсын.

Қартаяр қыз әкесі күйзелумен,
Қыздарың кетіп жатыр сүйгенімен.
Орыспа, қалмақ па деп талғамайды,
Кетеді еркі өзінде тигенімен.
Үй шаруаға керек деп бірден алдық,
Мал саууға жарар деп мінгенімен.
Албанға әзір Қызай қыз бермейді,
Апарып дүниесімен үйгенімен.

Албанға келген едім жиырмамда,
Нәсіптің дәмі тартып қиырдан да.
Қыз, қатын, кемпір, шалы түгел базар,
Сиез ғып Албан елі жиылғанда.
Қыз-келіні атасымен жарысып жүр,
Тәртіпсіз болған екен сиырдан да.

Еркектен қайда барар ұрғашы асып,
Би болып іс бітірмес пешет басып.
Кеш болса қызың қашып кетіп жатыр,
Сиезда ебін тауып тіл байласып.
Қызайда бұл бұзықтың бірі бар ма,
Кәнеки, айтшы білсең аузыңды ашып.
Албанның жақсысының бәрі кетіп,
Әзіргі ел билеген өңкей сасық.
Сотқа ұстап бірін-бірі беріп жатыр,
Сабырбек, Айдарәлі жамандасып.
Құдай жоқ деп нешеуің күнәлісің,
Орыстың ізін басып табандасып.

Әзіргі жастарыңның бәрі бұзық,
Сәлем берсе алмайды амандасып.

Береке таусылыпты елден қашып,
Қайтейін қалған екен қырсық шалып.
Әйелдерің еріңмен теңеліпті,
Сүйекке таңба болды-ау, бетке салық.
Орыстан асыл тұқым аламыз деп,
Қойыпсың қыздарыңа айғыр салып.
Осының барлығында өтірік жоқ,
Мен тұрмақ тұрғын Албан өзіңе анық.
Біріңғай көккөз сары айғырдан сал,
Қыздарың қысыр қалмасын қырсық шалып.

Қойдым:

Таңжарық осы сөзің кетті батып,
Албанның алдың сырын келіп алып.
Сүйтіп жүріп Албанды жамандайсың,
Бүйтсең сені кетпей ме дәм-тұз атып.
Қызайда барма сенің жақсы кісің,
Пұл беріп алады екен мәнсап сатып.

Кетсеші үйтіп өткен жасы құрып,
Албанға тіл тигіздің құдай ұрып.
Албанды жүдегенде көріп тұрсың,
Кеткенде жақсылардың басы құрып.
Бар ма еді жақсы кісің Жәмеңкедей,
Сындырған байекеңің тасын ұрып.
Болмаса арадағы қалыс Суан,
Өлтіріп тастар ма еді жаншып ұрып.

Албанның дәмін татып ақтамайсың,
Аралап үш жыл жүріп жақтамайсың.
Қызайда сенен басқа ақын жоқ па?!
Еліріп өз әліңше мақтанасың.

Таңжарық:

Мақтама Жәмеңкеңді мен көрмеген,
Бәкеңе тірі Үйсін тең келмеген.
Жиылып Үйсін, Найман сиез құрса,
Байекем көп кісіге сөз бермеген.
Жәменкең қайтсем шатақ шығарам деп,
Қисынын таба алмаған, кез келмеген.
Жәмеңкең бір арақкеш бәңгі емес пе?
Жолына мұсылмандық өзгермеген.

Айтқаны Жәмеңкеңнің ұнай алмай,
Шығарған сонда шатақ шыдай алмай.
Мас адам таудан ұшар, суға түсер,
Бәңгіден кім құтылар құдай алмай.

Тапқаның сол ма Қойдым қысылғанда,
Көрінер жіп әдемі ысылғанда.
Істеген қылығына қарағанда,
Жәменкең орыс па әлде, мұсылман ба?
Орыстың арағына тойып алып,
Бұзылар елдің салты осындайда.
Шашы ұзын, ақылы қысқа ақымақсың,
Бәңгіңді базарға сап құр мақтанба.

Тасты ұстап, өзі қалып, құрық кетті,
Қалғаны өлтірем деп қуып кетті.
Басы асау жуан емес борсық екен,
Құрықты төмен қарай жұлып кетті.
Үйге барып мал айтып сояйын деп,
Орнынан батыр әкең тұрып кетті.
Осы ма батырлығың айтшы Қойдым,
Бір борсық, бір шалыңды ұрып кетті.

Қойдым:

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз