Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шырынбек пен Кәрима айтысы (1-бөлім)

Шырынбек Қойлыбаев, Кәрима Оралова · 2 мин оқу

Шырынбек:

Әуелі әділ болса бек төрелер,
Түзеліп тұрмысымыз ретке келер.
Ылайым ынтымақтан айнымаса,
Құдайым ырыздығын көпке берер.
Сөз қадірін білетін сіздер үшін
Бар ма екен бұл айтыстан өткен өнер.
Ассалаумағалейкүм армысыздар,
Торқалы тойлы ауылға беттеген ел.
Тәмәм жұртты тербеткен тал бесік боп,
Таразда тамыр жайып көктеген ел.

Ұқсап бір ұзатылар хас аруға,
Қаламның шын мүсіні қашалуды.
Теперіш көрген талай Таразымның,
Тарихы толы неткен аса мұңға.
Құдайдан құлшылықпен сұрайтыным,
Таразды көзімізден таса қылма.
Ару Айша шомылған ақырғы рет,
Арнасы ауысқан жоқ Асаның да.
Пирамида сақталса тұрған шығар,
Қарт Тараз күннен күнге жасаруда.

Қылатын бар жиғанын тойға құрбан,
Ал, халқым сөз тыңдаңдар бойдақ ұлдан.
Айтысқа бәрі сен тұр мен атайын,
Ақындар жиналыпты ойда-қырдан.
Екі иықты жұлып жеп отқанымда,
Көз аурудай сап еттің қай жағымнан.

Арнайы жеңешеме арма дедім,
Қайнының түсінетін әр «намегын».
Аман ба артта қалған арман елің,
Келін боп қапқа тары салған елің.
Есек дәме қайныңды емексітіп,
Екі рет айтысқанда алдап едің.
Басымды боза ішкендей айналдырып,
Бастауындай боп отсың бар бәленің.
Женттей шайға салған еріп тұрсаң,
Желікпей ауыруым барма менің?

Жалпақтап жеңешеме күн көрейін,
Кім білед көніп қалар түнге дейін.
Діңкем құрып отырмын дым қыла алмай,
Дәреті бар жігіт ем дінге бейім.
Жүзік тастай жеңгемді жарқыл қаққан,
Жамбыдай атып алып жүлделейін.
Астыртын әрекетке мен көшейін,
Іргеден түнде шыққан бүргедейін.
Көздің жауын алатын келіншекпен,
Сөздің дауын көбейтіп бір көрейін.

Кәрима:

Үкілі бөрік тіккізіп,
Көйлекті кидік нымшамен.
Көмейде күміс өлең бар,
Дауысым ашық тұрса кең.
Киелі Тараз еліне,
Жолдап ек кеше жыр селем.
Бір күн дәмін татқанға,
Қырық күн сәлем, мың сәлем,
Бүгінгі көрермендерге –
Тағы да бердім бір сәлем!

Жамбыл атаны туғызған,
Жомарт едің ел неткен.
Кенен ақын кешегі,
Әнімен елді тербеткен.
Дулати, Өтеген, Қайраттың,
Топырағы осы ер жеткен.
Шерағам өзі бір бөлек,
Сөздің майын селдеткен.
Бүгінгі ұрпақ соларға,
Бойын түзеп ер жеткен.
Тараздың көркі бүгінгі,
Жайнап тұрған гүл көктем,
Ұрпағы мың жасасын,
Әруақтарды тербеткен.

Шорабек менің қайнағам,
Айтыссам сәлем беремін.
Мұхамеджанмен айтыссам,
Азамат ер деп сенемін.
Ахметжан да кетіп еді,
Арнап кеше өлеңін,
Шегірткенің айғыры –
Жетпегені сен едің?

Шырынбек:

Кім мұнда кішкенені ұнатады,
Қаңбақ шал қара дәуді жылатады.
Жеңешем салған жерден шегіртке деп,
Өзіне сөз сойылды сұратады.
Көңіліңе қомсынып отсың білем,
Шықпаған ақын едім жыр атағы.
Биіктен жұдырықтай тасың түссе,
Қазандай қара тасты уатады.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз