Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әбілқайыр мен Оразалы айтысы (2-бөлім)

Әбілқайыр Сыздықов, Оразалы Досбосынов · 2 мин оқу

Тілейін шындық сөзбен таспамды тек,
Тілегім – бұлт шалмасын аспанды көк.
Жақында Жеңіс тойын тойладық біз
Ұмытпайық қаһарман қарттарды тек.
Біразы Астанаға барып қайтты
Той басы елордада басталды деп.
Қасым Қайсенов атамыз ренжіп қайтты
Бас муфти көңіліме дақ салды деп.
Құбылаға бір кідіріп қарамапты,
Шейіттердің иманын тастан тілеп.
Христианның поптары аза тұтып,
Мұсылман жұмған аузын ашпады деп.
Көңілі пәс боп қайтты батырымның
Рәтбек ұстап тұр-ау деп машқарды бек.
Түзетсек партизан айтқан кемшілікті,
Жау қолында кетпеспіз бастаңғы боп.

Бет-жүзін берекенің бері бұрсақ
Болмас еді қыз ынжық, ер ыңырсақ.
Әбілқайыр әртісім сөйледің-ау,
Жұлып жеп екі иықты долы құсап.
Қалтарыста үзіліп кетпе енді,
Үзеңгіге қажалған божы құсап.
Алақ-жұлақ Қарайсың Оразға сен,
Түлкінің түнде туған төлі құсап.
Тізеңе тізең тиіп келіп қапсың,
Бөтелкемен сүт берген қозы құсап.

Сен едің Сыр бойының ыңыршағы,
Үкідей үлбіреген тұлымшағы.
Жақсы сөзді мен бүгін ағызайын,
Атсыншы бұл айтыстың қызыр таңы,
Жаңбырдан соң тамырын қопсытпастан.
Жер қысып тастағандай қызылшаны.
Әрең адам боп кеткен сәбисің-ау,
Күн сүймеген шыбықтай қиырдағы.
Сені көрсем көзіме елестейді
Балалардың Барби деген қуыршағы.
Атом аздай, зымыран күнде құлап
Бұл елдің оңбай қойды-ау түк ұрпағы.

Әбілқайыр:

Ораздың бұл ойбайы жаман екен,
Байқадыңдар пейілі арам екен.
Түк қоймай кескінімді жырлап өтіп,
Ақ пейілін білдірді маған деген.
Неменеңе жетісіп сен жырлайсың,
Сенікі менікінен жаман екен.
Жығылған сүрінгенге күлед деуші ед,
Сенің де семіздігің шамалы екен.

Жаратқан берген екен кескінді ұсақ,
Қасыңда Әбілқайырды дестің құшақ.
Ореке, мен әзілге ренжімеймін,
Інім ғой деп өзіңе аштым құшақ.
Алаңсыз сен жапырып барасың ғой,
Қорадан қора қоймас ешкі құсап.
Қайдағы қыңыр сөзді тауып алдың,
Көк етік көлбеңдейтін кесір құсап.
Бір күні ақындардың бәрін қауып,
Ақын таппай жүрмегін жесір құсап.

Бақыты бұл қазақтың жанса деп ек,
Жетеді қайғы, қасірет, қанша керек?
Күн сайын зымырандар көкке ұшады,
Байқоңырды басымнан алса деп ек.
Өз басын ойлайтұғын өкіметке
Адамның тағдыры емес, ақша керек.

Ау, Ореке, бүгін сен енді,
Шабытыңа саласың.
Жауабыңды берейін
Арық дедің сен мені.
Көргің келсе сен егер
Қазақтың мендей баласын
Айтқан сөзге сенбесең
Өзің келіп көрерсің.
Ауылға бірге барасың,
Айтқаныма сенбесең,
Көзбенен көрсең нанасың.
Асырай алмай ана жүр,
Өзінің туған баласын.
Бір көршім жатыр қант сұрап,
Берейін десем қолда жоқ,
Бермейін десем онда жоқ.
Бір көршім келер нан сұрап,
Алаңсыз естен танасың.
Екі ай барып ауылға
Менімен бірге өмір сүр
Ораз сонда дәл мендей,
Егіз болып қаласың.

Оразалы:

Әбекеңнің белгілі айналасы,
Оны білер қазақтың қай баласы.
Өзің де жетіспепсің дедің маған,
Бұрылды-ау маған қарай арна басы.
Шынардай майда болып өседі екен,
Әбеке, мен секілді тау баласы.
Әрқашан өз аузына бұйырса екен
Алладан бұл алаштың алған асы.
Сенбесең Нұрекеңнің бойын қара,
Бірде жетпіс болады айналасы.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз