Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шынболат пен Қонысбай айтысы (3-бөлім)

Шынболат Ділдебаев, Қонысбай Әбілов · 2 мин оқу

Жезқазған жездеріне сеніп еді.
Елімнің ерен еңбек арқасында,
Халқымыз сұм фашисті жеңіп еді.
Бұл күнде Қара Кеңгір, Сары Кеңгір,
Қыздардың бұрымындай өріледі.
Ғарышқа алғаш рет адам ұшқан,
Байқоңыр бақыт қонған белім еді.
Жайлаған кең даланы өз малымдай,
Ақбөкен, киігім мен елік еді.
Сапырып сары қымызды отыр елім,
Құрыққа толып құтты желілері.
Ұлытау баурайынан жыр боратқан,
Иманжан, ақын Тайжан серілері.
Сұңқардай Сәкен ағам кім болғанын,
Осында Жайық ағам көріп еді.
Атақты айтыс ақын Шашубайдың
Жабысқан әрбір сөзі желім еді.
Солардың ұрпағына кезіктірген,
Ақыным, сені ненің желігі еді.
Уақыттың тығыздығы қинап отыр,
Әйтпесе көсілетін жерім еді.
Қалғанын өзің жырла бердім кезек,
Небәрі жарты-ақ сағат беріп еді.

Қонысбай:

Қатарым болса шіркін, бүктер едім,
Оғым жоқ сақтап қойған түпке менің.
Еліне ерке өскен, ақын ағам,
Мен сізден мұндай мінез күтпеп едім.

Ақын ем шығып жүрген қатарымен,
Халқымнан он бес жаста бата алып ем.
Мүшелде қырық тоғыз топқа түсіп,
Еліңнің бас ақыны атанып ең.

Ырза боп жүруші ем ел мақтағанға,
Байқасам ұқсамайсың ақтабанға.
Өзіңді қараңғыға қамап қойып,
Елуге келгеніңше баптаған ба?
Сен туған жердің, ағасы,
Алысқа кеткен атағы-ай.
Шырайын бірақ шығарып,
Айта алмағаның батады-ай.
Жезқазған емес еліңді,
Алтын қазған деп айтсам,
Мақтанға бұл сөз жата ма-ай?
Саржайлауды сызылтқан,
Ұмыттың қалай Тоқаны-ай?
Мағауиядай ұл берген,
Ән менен күйдің отаны-ай.
Жақсыкелді ағаны,
Өттің неге атамай?
Қазіргі қазақ әнінің,
Дүлдүлі десем қата ма-ай?
Жасырғанмен кейбіреу,
Өткір кездік қашанда
Қап түбінде жата ма-ай?
Қазағыма ық болған,
Ұлытаудың ұлысың.
Далаңа байлық, құт қонған,
Ортаймаған ырысың.
Торғайым атқа қонғанда,
Жезқазған соққан қылышын.
Алғаш қазақ ұлт болып,
Ұйыған елдің бірісің.
Сондықтан да биіксің,
Сондықтан да ірісің.
Жезқазғанда Тайжанның,
Торғайдағы Нұрханның,
Жалын атқан жырысың.
Теңеуін тауып айтпасақ,
Тірлігіміз құрысын.
Өзендерім бастауын,
Ұлытаудан алады.
Жыланшық пен Торғайым,
Жеріңді көктей ағады.
Жезқазғанның аруы,
Шелегін суға салады.
Бозбаласы Торғайдың,

Жетелеп атын барады.
Үнсіз тұрып көзбен-ақ,
Ұғынысып қалады.
Мөлдір ағыс секілді,
Сезімдер қанат қағады.
Ертеңіне қарттарым,
Елшілікке барады.
Бөліп жатқан бөгет жоқ,
Байқап тұрсаң араны.
Бір өзеннен су іштік,
Сөзіміз де бір жерден
Шығып жатса жарады.
Ақтөбемен айтыста,
Дедің ғой атым Шынболат.
Қатты айғайға басқанда,
Басқалары жым болад.
Жүрісінен жаңылып,
Жігерлері құм болад.
Ел алдында сөз айту,
Азаматқа мін болад.
Өзін-өзі мақтаған,
Айтшы, аға, кім болад?

Қарсыласың қарт кісі,
Сыйламадың сақалын,
Сіз-біз десіп жатпастан,
Бірден сен деп атадың.
Іні айырылса ізеттен,
Үлкені осы қатаның.
Жасың келген шағыңда,
Жанжалмен шықпас атағың.
Ерсі ісіне біреудің,
Қиналып-ақ жатамын.
Атаңа не істесең,
Алдыңнан шығар дейтұғын,
Естіп пе ең қазақ мақалын?

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз