Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Серік пен Қуаныш айтысы (1-бөлім)

Серік Құсанбаев, Қуаныш Мақсұтов · 2 мин оқу

Серік:

Айтыстың керілген соң керегесі,
Қозбай ма ақындардың делебесі.
Бас қосып, ойдан-қырдан қазақ біткен,
Теңелді талай ұлтпен терезесі.

Өнердің сен де достым ақтангері,
Осы бір өнер жолда тапқан мені.
Аман ба, Мәди бабам ән салған жер,
Және де Бұхар бабам жатқан жері.

Ал, енді сының болса дайындай бер,
Сөзіңді терең ойлап, пайымдай бер.
Бойыңда сүрең болсын, түрең болсын,
Болмаса ақын достым, қайымдай бер.

Қуаныш:

Сәбиін кім жоғалтар құндақтағы,
Қоймады-ау, қу тағдырдың ырғақтары.
Түркиялық қазақтарға сәлем айт деп,
Қарқара қолын ұзақ бұлғап қалды.

Демеңіз арзан сөзбен шағып жатты,
Қазақ отын өшірмей жағып жатты.
Моңғолдық қазақтарға сәлем айт деп,
Нұрамыз тынбай ұзақ ағып жатты.

Сүйемін мен де өзіңдей көріп үстем,
Қазақтың жақсы сөзін теліп ішкен.
Мен де бір Сарыарақаның ұлымын ғой,
Суларын қара Ертістің бөліп ішкен.

Сұрасаң талай сөзге татырмыз ғой,
Тігілген ортақ үлкен шатырмыз ғой.
Бұхардай бабамызға ел боп, жұрт боп,
Мовзолей салып біздер жатырмыз ғой.

Сөз болса ұрандатып күрей берші,
Көңілге көтерер жыр сілтей берші.
Екі-үш жыл өткеннен соң аралауға,
Құдайдан үлкен рақым тілей берші.

Сен болсаң мен де артыңнан айтар едім,
Байқасам көңіліммен жайқар едім.
Бос жатқан сөрелерді көре тұрып,
Құрбылас, өзің нені айтар едің?

Серік:

Ақынсың таусылмайтын байтақ әнің,
Жырыңа жауқазындай жайқаламын.
Сауалың маған қойған терең екен,
Сондықтан сай жауабын қайтарамын.

Жатсақ та тойлап бүгін тойымызды,
Өзендей құйдық көлге ойымызды.
Дүкенде ет те жоқ қой бұл күндері,
Қазағым бақсадағы қойыңызды.

Осындай шалқар тойда тасқын алам,
Дей көрме жауап таппай састы балаң.
Семейден составтарға артылған ет,
Шығады бір-ақ түнде Москвадан.

Сондықтан кірбің тартып қабағымыз,
Кей-кейде соғым болды жабағымыз.
Дербестік алмайынша қалың елім,
Ешқашан етке толмас табағымыз.

Қуаныш:

Сөзіміз қатар артқан теңдей болсын,
Жиылған ой мен қырдан кендей болсын.
Уа, Серік, аруағыңа ризамын,
Қазақта ақын туса сендей болсын.

Ол рас бар тамақты тасып жатыр,
Көңілім бірте-бірте жасып жатыр.
Барлық жердің тамағы біткен кезде,
Келгендер ауылына қашып жатыр.

Қазақтың орындалсын көп талабы,
Болады сондай кезде көп тамағы.
Айтпай жүрген ойым бар, уа, қазағым,
Миграция осы неге тоқтамады?

Бәрін жұрт талонменен алып жатыр,
Қалғаны төменгіде қалып жатыр.
Ағайындар барлығын посылкамен,
Кәмпит пен қантты қоймай салып жатыр.

Түк қалмай гостиница буфетінде,
Өзегі де Серіктің талып жатыр.

Осымен ауылға да қайтар едім,
Серікжан, көтерілген байтақ едің.
Қазақ тілін дамыту қиын боп тұр,
Осы жайында тағы не айтар едің?

Серік:

Құлақ сал бұл сөзге де ағаларым,
Кем емес ешкімнен де саналарың.
Мен енді тілдің жайын сөз етейін,
Тапсырған аманат қып бабаларым.

Асау сөз тізгін бермес аспандаған,
Тіліңді құрметтесең асқан бағаң.
Махамбет Жәңгір ханға осы тілде,
«Қасқырсың», - деп айтуға жасқанбаған.

Елімнің ерлері де тек жүрген бе,
Айтар сөз құнды болса сендірген де.
Айырыла жаздаппыз ғой осы тілден,
Орысқа еліктейміз деп жүргенде.

Жоқ-жетік, аш-жалаңаш күйімізде,
Енгіздік сансыз ұлтты үйімізге.
Атасын біз қырғандай қарсы болды,
Кейбіреу заң берерде тілімізге.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз