Шынболат пен Қонысбай айтысы (2-бөлім)
Шынболат Ділдебаев, Қонысбай Әбілов · 2 мин оқу
Жоғалтпай еңбектегі ырғақтарды,
Артымда қарт Торғайым жырлап қалды.
Ұшуға көбісінде қанат болмай,
Сәлемі өзімменен бірге аттанды.
Құстардың тізбегімен жететұғын,
Хабарға құлақ түріп тыңдап қалды.
Қара алтын ордасына жеткізгей деп,
Жүректің тереңінен сырды ақтарды.
Қарттарым желмен бірге қалт-құлт етіп,
Елжіреп жанарларын дымдап қалды.
Нұркеннің отанына тағзым ет деп,
Арулар орамалын бұлғап қалды.
Құлақ түр, халқым, мына сұрағыма,
Өнері Торғайыңның ұнады ма?
Балқашың тағы жаңа орден апты,
Тиді ғой осы хабар құлағыма.
Мені де мәз қылатын бұл жаңалық,
Айтуға мына топта тұрады ма?
Қуаныш құтты болсын, аттың басын
Бұрайын енді жырдың бұлағына.
Бұрылып сәлем берейін,
Өнерпаз аға сен едің,
Тілекші інің мен едім.
Сыйласуға келгенде,
Сарыарқадай кең едім.
Белдесуге емес мен,
Елдесуге кеп едім.
Жылы-жылы сөзіңмен,
Көңілімді демегін.
Ата салтын сыйлайтын,
Аға таптым деп едім.
Арзан сөзбен сағымды,
Сындырмас деп сенемін.
Қарап тұрсаң әр ненің,
Оңы менен солы бар.
Биіктегі қуанар,
Етектегі торығар.
Тұлпарлармен жарысқан
Жабылардың соры бар.
Ұлы бәйге біткенде,
Көрінуге қорынар.
Азамат шықса алдыңнан,
Аттан түсіп қолын ал.
Мендей іні саған да,
Сендей аға маған да,
Енді қашан жолығар.
Ел сенімін ақтаған,
Топтан озған тұлпармын.
Құлпыртып түгін баптаған,
Топшысы берік сұңқармын.
Кеудеде жырым кептеліп,
Борасын болып бұрқармын.
Шайқалтып талай ақынды,
Түндігін жел боп жұлқармын.
Арқам бір қызса белгілі,
Етері аздық бір таңның.
Жамандыққа жаным қас,
Сұлулыққа іңкәрмін.
Торғайдан шыққан бір таймын,
Жалғаған жырын Нұрқанның.
Кезегіңді алшы, ағатай,
Қошемет халқым көрсетсе,
Оралып тағы шырқармын.
Шынболат:
Қонысбай, саған айтар ағалығым,
Айтыста байқалмады даралығың.
Торғайдың топқа салған ақынысың,
Құлаққа жағымсыз боп барады үнің.
Тек қана театрдың іші емес қой,
Миллионға жатқан жоқ па тарап үнің.
Өзіңді мақтаудан сөз аспай жатыр,
Қай жақта оқығаның, даналығың.
Қай уақыт, қай ғасырға, кімді сөйлеп,
Отырсың алды-артыңа қара бүгін.
Қазекең барды-жоқты қазбаласа,
Құдайдың бойынан да табады мін.
Жырлайық бақытты өмір, шат тұрмысты,
Бетбұрыс, замананың даналығын.
Кен қазған, мал өсірген, ғарышқа ұшқан,
Жырлайық ардақты елдің сан алыбын.
Бұл ағаң күңкіл сөзге бара қалса,
Басыңа орнатады қаралы күн.
Торғайдай торға түскен шырылдатсам,
Қолымнан арашалап алады кім?
Дегенмен інімсің ғой кешірейін,
Бір жолға болған шығар балалығың.
Жезқазған – облыста жері кеңі,
Керілген кер маралдай керім еді.
Сақтаған сары алтындай сан ғасырға
Ғажайып сыры жұмбақ жерім еді.
Мұхиттың ар жағында ағылшындар,
Жезқазғанның жеріне жерік еді.
Мал баққан қазағымды алдап-сулап,
Шахтада итшанаға жегіп еді.
Көп нәрсе ала алмады-ау солар бірақ,
Өйткені өгіз, түйе көлік еді.
Даланың дауылына шыдай алмай,
Бәрі де қашып-пысып өліп еді.
Байлыққа барлау жасап бағалаған,
Баһадүр Сәтбаевтай ерім еді.
Тереңде теңдесі жоқ мыстың қоры,
Әзірге таусылмайтын көрінеді.
Сұм соғыс басталды да батыс жақтан,
Қара бұлт ел үстіне төніп еді.
Торғайды аузына алмай бас қолбасшы,