Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шөже мен Жәмшібай айтысы

Шөже Қаржаубайұлы, Жәмшібай · 2 мин оқу

Шөже:
Тіл берген сөйлесін деп Хақ Тағала,
Ісіне құдіреттің бар ма шара?
Алдымда менің әсте жүрексінбей,
Өлең айтып отырған бұл қай бала?

Жәмшібай:
Мейрамның бір баласы – Сүйіндікпін.
Мен қашан сөйлер сөзден мүдіріппін?
Болса да, атам – кекеш, ағам – сақау.
Жүлде алған жиын, топта бір жүйрікпін.

Шөже:
Әніме Құдай берген салмаймын ба?
Тәңірім өнер берді таңдайыма.
Ал, енді қалың тойда сөз сөйлесем,
Келе ме бұл Жәмшібай маңайыма?

Жәмшібай:
Тұзындай Баянауыл тұз емеспін,
Шын желпінсем, адамға сөз бермеспін.
Тіліңді тарта сөйле, соқыр Шөже,
Жігітің сен кемітер мен емеспін.

Айтайын, айтарымды, соқыр Шөже,
Тигізбей содырыңды отыр, Шөже.
Артыңнан еркін жеткен мен бір жүйрік,
Ойыңнан бос күпсуді кетір, Шөже.

Шөже:
Баласы сары ала құс қаз бола ма,
Қыс өтіп, қар кетпесе, жаз бола ма?
Тентіреп, неге келдің Қуандыққа,
Сүйіндік сегіз болыс аз бола ма?

Жәмшібай:
Саламын қаршығамды қара құрға,
Ілмеймін сені мүлде жанарыма.
Қуандық, Сүйіндікке бойым сыйлы,
Сенемін сенің жолда қаларыңа.

Шөже:
Тоғайға сара біткен құба талмын,
Абайла, сөзден оқыс құлатармын.
«Қуандық, Сүйіндік» – деп, бөле көрме,
Мен-дағы Қуандыққа көк домбалмын.

Жәмшібай:
Оқиды қожа, молда жазған хатты,
Құдайым кімге берген көз сипатты?
Сендейді бай баласы менсінбейді,
Мінбейді бай баласы соқыр атты.

Ғаламға сәуле берген Күн менен Ай,
Жасымнан сөз сөйледім, мен тартынбай.
Қуандықтың мен-дағы баласы едім,
Құдайым іс қылмасын Жамболдыдай.

Жәмшібай:
Тез көріп, кірмесең де, сен бір жауға,
Балық боп ілінерсің торғын ауға.
Жамболды аз болғанмен, менің өзім
Қаңғырып барған жоқпын Алатауға.

Шөже:
Өкпе-бауыр, жалы бар ма қаракердің?
Жатса, ұйқысы келмейді саналы ердің.
Көсілген көмекейің ақын емес,
Суындай сөзің нәрсіз шалшық көлдің.

* * *

Жәмшібай
«Оның даусындай мұңды, күйлі, сырнайдай,
сыбызғының үніндей даусы басқа ақындарда жоқ еді. Өзі әдемі, қызыл шырайлы, үні, даусы тағы да әдемі... Жәмшібай әнші еді, оның даусындай дауысты қазақ құлағы естіген жоқ десе, өтірікші болмайды. Өңеші де сырнайдай сылдырлаушы еді»* //М.-Ж.Көпейұлы. Көп томдық шығармалар жинағы. 6-том, 249-б.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз