Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Бақтыбай айтысы

Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы · 1 мин оқу

Бақтыбай:
Аман-есен жүрсіз бе,
Атақты ақын, Сүйінбай?
Дидар ғайып, дәм ғайып,
Жүруші еді бұйырмай.
Сыртыңыздан сұрар ем,
Көріспекке құмар ем,
Келеді деп Сүйінбай,
Жатырмын күтіп жиында-ай.
Шапырашты елінде –
Сүйінбай ақын бар деген.
Қатағанмен айтысып,
Кеткен даңқың қиырға-ай.
Айта алмаушы ем өлеңді,
Қабекеңе сыйынбай.

Сүйінбай:
Уағалейкүмассалам,
Жүрмісің есен, Бақтыбай?
Бақтыбай шешен сен едің,
Сүйінбай деген мен едім,
Үш ғайыптың бірі ғой –
Дидарласпақ жақсы ғой.
Жақсы деген жақсы сөз,
Азаматына алаштың,
Жақсының жоқ жаттығы-ай.
Мен жайымды айтамын,
Шапырашты елінде –
Сүйінбай ақын мен болам,
Жаяу тұрмақ өлеңнен,
Сөз бермеген аттыға-ай.
Құштар болған інімді,
Жақсы күні таптым-ай.
Мен де өзіңдей ақынмын,
Ақын болсаң, жақынмын.
Мініп алып жел сөзді,
Өрге-қырға шаптым-ай,
Байшегірдің елінде,
Ұлы дүбір ас бар деп.
Естіген соң келіп ем,
Ел басқарған жақсыға-ай.

Бақтыбай:
Сүйеке, хошал болдым көргеніме,
Құрметтеп, аман-сәлем бергеніме.
Төседім өлеңменен төсенішті,
Бұ жаққа қадам басып келгеніңе.
Өлеңнің ұлы дария мұхитысың,
Жел сөзге кім пар келер желгеніңе?!
Сүйеке, сізбенен мен айтыспаймын,
Жеңіліп, бірін-бірі жеңгені не?
Жүргенде өлең қуып, көңіл суып,
Өмірдің ауып кетті ермегі де.

Сүйінбай:
Өлеңнің болдым саяғы,
Заманым жоқ баяғы.
Біз де келдік, ақыным,
Өмірдің биік төріне.
Көрсетуге жүзіңді,
Құдайға шүкір, Бақтыбай,
Кезіктірген сені де!

Сөз соңында Бақтыбай:
– Сүйеке! Сіз – өлеңнің дария мұхитысыз! – деп, басын иген екен.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз