Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шөже мен Орынбай айтысы

Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай Бертағыұлы · 1 мин оқу

Шөже Атығай-Қарауыл елін аралап жүргенде, жұрт айтыстыру үшін Орынбай ақынды Шөженің үстіне алып кіреді. Екі көзі бірдей су қараңғы Шөже Орынбайдың келгенін сезіп, сөз бастайды.

Шөже:
Алыстан ат терлетіп, Шөже келді,
Атығай-Қарауылды кезе келді.
Орынбай, атыңды естіп, көрмеп едім,
Берейін сөз сөйлесең кезегіңді.

Орынбай:
Келіп ем сәлем бере, Шөже дарқан,
Кезіңе тап болдым ғой тартқан қартаң.
Жеңілу, жеңу-дағы оңай емес,
Айтыссақ, боламыз ғой әуре-сарсаң.

Шөже:
Орынбай, сен де шешен, мен де шешен,
Басып айт, тосып айтпай, мені жеңсең.
«Соқырдың шеңгеліне түспе» деген
Бір түссең, құтылмайсың аман-есен.

Орынбай:
Дегенде дауыл соқты, тына қалды,
Алтынды тастан өлшеп, сынап алды.
Кемтарсың, жасың үлкен, аяймын ғой,
Әйтпесе, берер едім сыбағаңды.

Шөже:
Орынбай, мен – сезімтал, сен – көреген,
Сонда сен сыбағама не берер ең?
Бірін бер екі көздің, мені аясаң,
Бір басқа жалғыз көз де жетер деген!

* * *

Орынбай Бертағыұлы:
«...ол тоғыз жасында шырт ұйқыда жатқан жерінен өлеңдетіп, шошып оянады, содан көпке дейін есі кірмей қояды. Одан үміт күткен анасы баласын Шал ақынның батасын алуға апарады. Бұл әйгілі ақынның шау тартқан кезі екен. «Өлең айт» дегенде біраз тосырқап қалған Орынбай кейін:
Баласы Бертағының Орынбаймын,
Алдымда ақын бар деп қорынбаймын.
Мойнында әр адамның қырық парыз,
Өлеңмен парызымды орындаймын, −
деп, жырлап кетеді. Сонда Шал ақын: «Атығай
Қарауылдың ақырғы ақыны қашан келеді деп едім, бәсе, сол сен болдың ғой», − деп, сүйсінген екен //Қазақ әдебиетінің тарихы. 4 том, ... - б. //

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз