Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жанақ пен Сабырбай айтысы

Жанақ Сағындықұлы, Сабырбай Ақтайлақұлы · 1 мин оқу

Жанақ:
Мен бассам, құрғақ жерден су шығады,
Жанақ жүрген жерінен ду шығады.
Оспанның Құдай берген ордасына
Жәкең ақын тұрғанда, кім шығады?
Сабырбайың пар келмес мендей қартқа,
Білгенге қалатындай Найман артта.
Еліме Қыдыр қонды Алтай, Қарпық,
Түп-түгел төңірегім алтын қақпа.

Сабырбай:
Ордаға кіріп келдім, сәлем беріп,
Жел сөзбен құлаш ұрдың мені көріп.
Қымызды алдыңдағы ішіп қоймай,
Сиырша тамсанасың судай жеріп.

Тағам өлген дейді ғой бұрынғылар,
Жанағым, сөзің бар ма көпке ұнар?
Сәлем бердім, алмадың үлкен ғой деп,
Жел сөзге сен қалайша болдың құмар?

Жанақ:
Тұңғиық сөзім терең тасып жатқан,
Ойшыл ой, шебер тілмен қосып жатқан.
Найманда біздің елдей елің бар ма,
Көше алмай, көп қазына басып жатқан.

Елімнің дәулеті көп толып жатқан,
Талай Найман күн көріп, дәмін татқан.
Рас қой осы сөзім көпе-көрнеу
Бекерге сөзім бар ма артық жатқан?

Сабырбай:
Еліңнен кім айтады елім кем деп?
Айтасың өтірікті сонша мін деп.
Еліңіз қазақ асқан бай болғанда,
Қалай келдің биеге қобыз теңдеп?

Сөзім бар соққан желдей, жанған өрттей,
Сандырақ кейбір сөзің сүзек дерттей.
Арғының сонша асқан бай болғанда,
Неғып жүрсің қасыңа жолдас ертпей?

Ел ағадан болғанда, тон – жағадан,
Тойған бөрі жортады-ау тау сағадан.
Ақсақалы Ақтайлақ, он жеті ақын,
Қалайша үміт қыласың Байғарадан?

Жанақ:
Сарт, ноғай қор болмайды бөзі барда,
Кез болдым қайдан мына сөзуарға.
Оспанжан, кет десең де, мен кетпеймін,
Мына отырған апамның көзі барда.

Сабырбай:
Жанақ-ау, сом алтын мен мыстаным бар,
Ай мен күндей толқыған Оспаным бар.
Қызығы мен өсімін бірдей алдық,
Алжыған қақбасыңды өзің-ақ ал.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз