Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жанақ пен Түбек айтысы (2-бөлім)

Жанақ Сағындықұлы, Түбек Байқошқарұлы · 3 мин оқу

Жанақ:
Біздерді Қыдыр дарып, өлең басты,
Өлең айтсақ, аруақ сенен қашты.
Кесер бас, жүрер аяқ малды айтсайшы,
Ұрыдай не қыласың жатқан тасты?

Түбек:
Күмістен жамбы деген тасым еді,
Әр тасым бес жүз сомнан асыл еді.
Елімнен келмей жатып, жамбы сұрап,
Ол тас емей, атаңның басы ма еді?!

Жанақ:
Жанаққа ас бермейді бастан басқа,
Көзімнен түк шықпайды жастан басқа.
Берген малын мен қашан тастап кеттім,
Еліңнің берері жоқ тастан басқа.

Түбек:
Абыл хан, Әбен жатыр Ертісті өрлеп,
Сабыл хан, Сәбен жатыр: «Келсең, кел!» – деп.
Тоқта, Күшік-Қамбарда тоқсан мың бар,
Тоқсан атпен жияды көзі терлеп.

Жанақ:
Құрысбай, Сапақ, Бапақ Азнабай-ды,
Оны азсынсаң, қос атқа ал Өтебайды.
Қойгелді Ордабаймен бәсеке боп,
Бас-басына тоқсан сан қой айдайды.

Түбек:
Біз келдік өңшең төре асқа саулап,
Ішінде Иса, Әлі бар омыраулап.
Қу далада қутыңдап, қақсағанша,
Садат ханымға айтсайшы, көңілін аулап!

Жанақ:
Адырайып не дейсің, Адырбай сарт,
Найманшамның баласы, тізгінің тарт!
Қалай айтсам, мен – Арғын, ерік өзімде,
Қалмағыңның қатынына өзің-ақ айт!

Түбек:
Еліңде төрең бар ма іске жарар?
Сұрасаң, біздің төре ханға барар!
Бұл сөзді не деп айттың, кедей Жанақ?
Төрелер ашуланса, басыңды алар!

Жанақ:
Қайтейін, ашуланса, ашулансын!
Ашуланса, қаямды кесіп алсын.
Зауы шайтан басымды кесе алмаса,
Өзі кедей Жанақтың несін алсын?!
Түбек жылдам жауап таба алмағанда, оның орнына, бір жақын тұрған Сарыбай деген кісі айтыпты:

– «А, Түбек!» – деп, отырып ем, – сөйлемейін,
Жанақтың толтыра алар кім көмейін?!
Ұшқынды-ай ұшып шыққан бір-ақ қақпай,
Кедейді неге қойдың әлге дейін?

Түбек:
Сапекең, даусың қалай безектеген,
Күң де күнін көреді тезек терген.
Кедейді іштен шалып, қайқайтайық,
Екеуміз екі жақтап кезекпенен!

Жанақ:
Ауылым он қазылық Ойтүндікте,
Тоқсан бие сойдырып, жүз үй тікті.
Қос ақын бұлғақтай бер, ел – сенікі,
Жұрттан жалғыз жүрген соң, көңілім күпті.

Екеуің екі жақтап буындырып,
Сөйткенмен, алсаң жақсы сүріндіріп.
Келген жерден сусыным бір қанбады,
Қаракесек ет бердің тығылдырып.

Түбек:
Кедейге өлең бітіп, жыр бітпеген,
Атасынан бері қарай жол күтпеген.
Тоғыз саба құйсам да, тоймас кедей,
Өмірінде борбайына шыр бітпеген!

Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған,
Қасында Байжан, Сымақ қоса тұрған.
Қорадан он төрт мың қой бірден өрген,
Аламан шеннен асқан Асан тұрған.
Шапса, қылыш өтпейтін Мұсам тұрған,
Маған неге сөйлейді осы антұрған!

Жанақ:
Түбек маған қылады омырауын,
Найман итке тағады қоңырауын.
Көрмегендей мақтанба, балам, Найман,
Үзігіңнің ұрайын төрттен-ақ бауын.

Түбек:
Мен өлеңді айтармын жағым тынбай,
Сірә, мені жеңбессің, Жанақ, сұмырай!
Сені де қалашылар мақтамайды,
Үйіңнің тесігі бар тоқсан мыңдай.

Жанақ:
Үйімнің сырты жаман, іші тәуір,
Сен Түбектей емеспін қара бауыр.
Үйімде тығып қойған жүз жамбым бар,
Мал-жан қылсам болмай ма қанша ауыл?!

Ол сөзге Түбек жауап таппады.Найманның отырған ақсақалдары: – Арғын ағамыз ғой, бөтеніміз емес. Біздің Найманды ат төбеліндей төре билейді, бұра тарта, Уақ билейді. Арғын арғындығын қылып, төре-қараның жалғызына билетпей, Мұсаның дөкей, ірі болып тұрғаны рас. «Аталы сөзге арсыз таласады», – деген. Қой, біздің балалар, жүзі басқаны жеңсеңдер де болады! – депті.

* * *

Түбек Байқошқарұлы
«Біз одан өзін Орынбаймен салыстырғанда қалай
бағалайтынын сұрадық. Жоғары тап өкілдері де,
халық та Орынбайдан артық бағалайтынын ол тайсалмай айтты. Орынбай қасиетті тарих пен өткенкеткен істерді ғана жырлап үйренген, ал, Түбек болса, қазақтардың іс-әрекеттерін, қазіргі жайжапсарын қаз-қалпында суреттейді».* //Янушкевич А.
Күнделіктер мен хаттар. 155-156-б./

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз