Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шашубай мен Көшен айтысы (4-бөлім)

Шашубай Қошқарбайұлы, Көшен Елеуов · 2 мин оқу

Өткір сөз дәл тиген соң шымбайыңа,
Салдың ба зор дауысты айғайыңа?
«Алыссаң – атаңды жық» деген сөз бар,
Мінгізіп бір алайын оңтайыма.
Келгенде судай сырғып Қоңыратқа,
Бой бермей сүйенесің тіл мен жаққа.
Баспайсың аяғыңды сүйресем де,
Тоңқайып құлап жатқан вагон жаққа.
Қойылмай темір жолдың ісі ретке,
Аптығып жұмысшылар жүрген жоқ па?
Қоңырат сол қырсықтың салдарынан,
Төлеп жүр мыңдаған сом штрафқа.
Жоспарды толтырам деп тапырақтап,
Мығымын күштің салдың топыраққа.
Табысың жүз мың емес, одан да көп,
Көп сөздің көпірмесін қақсаң шотқа.
Туынан Тарабанов айрылды деп,
Бойыма жараспайтын мінді тақпа.
Өзіміз ауыстырып алып бердік,
Шыққан соң онан-дағы озат шахта.
Келе ме кемітуге Трабанов,
Әлі отыр ие болып жақсы атаққа.
Құр бекер жеңем деудің жөні осы деп,
Буынсыз, тұтас жерге балта шаппа.

Шашеке, авария – басты мінің.
Бос тұрған талай рет болды күнің.
Бейқамдық, салақтықтың салдарынан
Отырсың өрлей алмай табыс шыңын.
ТЭЦ-ың жарты жылда он бір шөкті,
Ойлама, мен білмейтін бар деп сырың.
Электр станциясы деген кезде
Цехтарың зар қағады, айтсам шынын.
Июньнің он төртінде барлық зауыт,
Отырды жинап қойып жоспар-жүгін.
Қаспағын бу қазанның қырмай қойсаң,
Өзің айт, мен бе, сен бе, кінәлі кім?

Қоңыратта жойқын күштер істеп жатыр,
Тамаша соның бірі – экскаватор.
Діңгектей аузымен кенді көссе,
Қалады төбедей жер болып тақыр.
Бойлатып болат бұрғы тас қашаған,
Күрделі станоктар іске батыл.
Осындай қуаты зор құралдардың
Көргенде бос тұрғанын ішің ашыр.
Шашеке, жұмысыңда «кілтипан» көп,
Қаншама дегеніңмен сөзім асыл.
Бұрғылар тамшы суға зарығуда,
Сәл нәрсе үлкен іске болып масыл.

Мақтаған «Мак-Кулиің» ауық- ауық,
Қалады тас орнына темір қауып.
Қақалып қалатыны не себептен,
Темірді Балқаш қайдан алған тауып?

Балқаштың кен байытқан фабрикасы,
Емес пе мыс заводтың бел арқасы.
Астынан руданың сүзіп алған,
Осында машинаның тамашасы.
Бас-көзін былғанышқа бастырғандай,
Бар еді фабриканың не жазасы?
Күтімі жабдықтардың кем болған соң,
Жұмыстың түсті төмен дәрежесі.
Құрал күш іске толық аспаған соң,
Ысырапқа кетіп жатыр мыс тазасы.
Январьда «демалысқа» шыққан пештің,
Шашеке қаланды ма қабырғасы?
Сақталмай берік түрде ережесі,
Ісіңнің көбеюде қарбаласы.
Аптыққан бастықтардың қолы тимей,
Шаруаның шабандауда кей саласы.
Басынған соң, балақтан басқа шығып,
Балқаштың еркіндеп жүр қандаласы.

Шашубай:
Шу бетте өзің келіп ұрынғанға,
Мынау бір жеңгізбейтін тірі жанға.
Дарынды ақын десем, сөзуарсың,
Бос сөзге болдырмайтын бірер таңға.
Екі сөздің бірінде Қоңырат деп,
Балқаштан барлық тапқан кінәң сол ма?
Вагондар жазатайым тайып кетсе,
Баттитып бетке соғар мін боп па ол да?
Тереңірек тексерер кісі болса,
Оңып тұрған жоқ еді – ау, Сіздің жол да!
Шахта сайын он–ондап вагонеткең,
Шашылып жатқан жоқ па құба жонда?
Жұрттан асқан пысық боп жиып алсаң,
Біреу ұстап тұрды ма сені сонда?

Қазанның өзің түсіп қаспағына,
Таң қалдым бетіме әкеп басқаныңа.
Өткен істі сөз қылып неғыласың,
Алдақашан қырылып тасталды да.
Мен саған ат көтермес «алғыс» айтам,
Айтысқа қоспағымды қосқаныңа.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз