Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шашубай мен Көшен айтысы (3-бөлім)

Шашубай Қошқарбайұлы, Көшен Елеуов · 2 мин оқу

Шашеке, сөйледіңіз сыннан бастап,
Ойыңыз – кемшіліктің бетін ашпақ.
Болғанда ретсіз іс бізде талай,
Кетесің өз мініңді қайда тастап?
Олқылық, жетіспеген Сізде де көп,
Әр жерін жұмысыңның жатқан жасқап.
Алты айлық мың алты жүз борышыңа,
Жүз жетпіс ысырабыңды әкеп қоссақ.
Мың қарыз тонналаған екі мыңдай,
Жоспардың тұрған жоқ па кемін қостап?
Батасың несиеге шаш-етектен,
Төлейтін борышыңды сомға шақсақ.
Тегінде, бұл несие қайдан шықты,
Ісіңіз жып-жинақты болса шап-шақ?

Айтыңыз салыстырап іс салмағын,
Жарай ма сәл нәрсеге көз салғаның.
Бәйгіден келмеді деп бар тресің,
Кеміттің бассейннің бір тармағын.
Мін етіп осы болса таққан кінәң,
Онымен кеміген жоқ күш салмағым.
Екі жыл әзірлігі артта қалған,
Қоңыраттың неге айтпайсың кемдік жағын?
Шашеке, кешегі алған туың қайда,
Балқаштың кім кемітті әруағын?

Шашубай:
Қазақтың ақындары нелер дарын,
Шашубай білетін ед жатқа бәрін.
Солардан иығы асып, топты жарған,
Әзірге естігем жоқ Көшен барын.
Әркім ғой қолда барын теке қоймақ,
Байыптап осы арасын ойла, жаным!

Жамандап қазыналы Қоңыратты,
Неліктен сені, шіркін, тәңір атты.
Жұмысы мақтағысыз жаман болса,
Қалайша ол, Наркоматтың туын апты?
Ешкімнен сенен басқа естігем жоқ,
Қоңырат, деген сөзді артта қапты.

Құлақ қой, есің болса, мына маған.
Мен сені жалған айтып кінәламан.
Жақсысын бассейннің жоққа тән ғып,
Білесің, айтып тұрсам, күнә маған.
Сондай-ақ Қоңыраттың барын бүгіп,
Не шығад құр орынсыз сынағаннан.
Ол рас, дайындық іс нашар деген,
Бұрқ етіп бір жаманат шыға қалған.
Сонда мен Қоңыраттың кемшілігін,
Батыра сенен бұрын сынап алғам.
Шашубай, оны естімей Көшен боп па,
Еті өліп, кемшілікке шыдап алған.

Қоңыраттың бір зор міні ашылғанға,
Шашубай деп қалмаңдар ашынған ба?
Ежелден тап беретін әдетім-ді,
Өз мінін көлегейлеп жасырғанға.
«Он жеті бисің» де ұқсамайды,
Күніне бес метрден асырғанға.
Сонда ғой, бір адамның тәулігіне
Қазғанын есептеген кісі бар ма?

Тұрғандай жақсылығың жаннан асып,
Орынсыз мақтанасың неге тасып?
Екі күннің бірінде авария,
Иығыңнан жатқан жоқ па мықтап басып?
Егер маған сенбесең, осы жұрттан,
Авария бар ма деп көр сұрасып,
Өйткені, бұған дейін сөйлеспепсің,
Новиков, Кинаштармен бір сыр ашып.
Авария дегенде, Горькийлықтар,
Көрдің бе, бұға беред басын қасып.
Әлгі бір номер алты жаңа шахтаң,
Құтылад, мінін қазсам, қайда қашып?
Екі күннің бірінде тоқтап қалып,
Борышың кеткен жоқ па шаштан асып?

Жеңіс те, кемшілік те алмағайып,
Ендеше менен тапқан кейбір айып.
Үңілсең өз бойыңа тереңірек,
Сенде де тұрған жоқ па бадырайып.
«Бас жаққа барыспайық» деген бар-ау,
Тіл алсаң, ту жағына барыспайық.
Мен-дағы кемшілікті мойындаймын,
ТЭЦ туралы айтқаның орынды айып.
Бірақ та жеңіп алған Туы бар деп,
Дәріптеп күні кеше ақын Қайып.
Жер көкке сиғызбаған Тарабанов,
Туынан қалған жоқ па айырылып?
Шашубай, сен болмасаң, сеніп отыр,
Ертең-ақ келеріне ту қайырылып!

Көшен:
Шашеке, салыспайық дауға дамай,
Сөзіңе сөз айтайын, болсын орай.
Қара алтын ордасында отырғанда,
Бұл Көшен уысыңа түспес оңай.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз