Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шашубай мен Болман айтысы (2-бөлім)

Шашубай Қошқарбайұлы, Болман Қожабайұлы · 2 мин оқу

Бұрғышы кім білмейді Әйгеловті,
Самғаса сан жарыста бәйге ілікті.
Бітірген айлық істі бір тәулікте,
Өнері ерлігіне сай келіпті.

Кімің бар пар келетін Ақшаловқа,
Ерлікпен даңқы шыққан шартарапқа.
Нормасын жиырма адамның жабар еді,
Бір күнгі еңбегінен енші алып та.
Семірген өтірікке Селиванов,
Қайғы жоқ, тіл буынсыз, қорынарлық.
Жаны тыныш, жол ісімен жұмысы жоқ,
Саусағын жылы суға отыр малып.
Күніне неше вагон құласа да,
Қылмысы тексерілмей жатыр қалып.
Балқаштың толқын қуған құр аққуы,
Көрмедің соны неге қырыңа алып?

Үнемі жолдан тайып, вагон құлап,
Аптығып тұрғыза алмай жатсаң сұлап.
Шашеке, мен айтпай-ақ, өзің айтшы,
Бересің составыңды қалай құрап?
Құрағаннан құлату оңай дейді,
Сол жерін Топченкодан көрші сұрап.

Ана бір жылтыңдаған Волоканов,
Келгенде құлатуға деседі алып.
Бір емес, әлденеше пойыз құлар,
Соңына сол жұмыстың қойсаң салып.

Шашубай:
Әлемге даңқы мәлім, атағы асқар,
Қатталған қойнауында қымбат тастар,
Қазыналы Қоңыратқа салғастырсақ,
Еш алып Еуропада болмас астар.

Алыппын аты шулы асқан шеннен,
Құралған тұтас тұлға алуан күннен.
Егер де керек қылса сексен зауыт,
Еш уақыт тарықтырмас жейтін жемнен.

Өзім оқ, өзім бомба, өзім танк,
Өзім кен, өзім қазына, өзім алып.
Майданға көмегімнің көптігіне,
Жетеді қашаннан да көзім анық.

Қоңына қадасаң да тоқсан бұрғы,
Білінбес шыбын-шіркей шаққан құрлы,
Не ғажап алып күшті машинам бар,
Келтірген асты-үстіне ой мен қырды.
Қозғалмай бір орында табан тіреп,
Сан батпан салмағымен соқса шіреп.
Жеті қат жерден өткен зұлпықардай,
Қашауым қара тасты кетер іреп.

Салмағы соншалықты шектен шыққан,
Инедей сол қашауды жерге тыққан.
Батыр бар Абзалбектей елге мәлім,
Жентектеп таудай тасты саздай сыққан.
Анадан алып туған Өтебаев,
Алдынан қаһарланса жұмыс ыққан.
Тебінсе тегеуріні темір үзер,
Нұржанов бір ұрғанда тауды жыққан.
Кім жетер Парпенов пен Сыздықовқа,
Мылқау тас сөйлеп кетер тілін ұққан.
Болманым, мына көпке айтыл бергін,
Осындай ерім бар деп менен шыққан.

Біреуі бір-бір шахта экскаватор,
Шақ келмес теңеуіне мың-сан батыр.
Атандай кесек тасты бір-ақ қауып,
Күніне мыңдап вагон тиеп жатыр.

Үйреткен сол асауды Елемесов,
Алысса құз жартастан ерегісіп.
Аумағы бір ауылдай кен алқабын,
Ожаумен қас қаққанша алар көсіп.
Маманов, Петришев, Секербеков,
Қайнатып қара тасты қалған бекіп.
Қопарып боршалаған ерлік ісін,
Жеткізіп айта алман тілім жетіп.

Бір күндік рудамды берген артып,
Жүз пойыз әкетеді әрең тартып.
Құралған барлық мүшем машинадан
Көтерем сан Болманды бір-ақ қарпып.
Кел-дағы мың пойызбен тиеп әкет,
Кенімді керек болса берген артық.

Мақтадың, Болман шырақ, комбинатты,
Есіңе аламысың майдан жақты?
Алты айда кем бергенің білемісің
Екі жүз отыз мыңдай снарядты?
Балқашқа берген кенің тат боп шығып,
Бес жүз тонна мыс соңынан жетпей қапты.
Рудадан жиырма төрт мың борышың бар,
Мұны кім саған тағы арқалатты?
Мені былай қойғанда өз зауытың,
Он екі мың тоннаны ала алмапты.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз