Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шарғын мен Нәсілхан айтысы (2-бөлім)

Шарғын Алғазыұлы, Нәсілхан Тоқтасынова · 2 мин оқу

Шарғын:

Құдағи, амансың ба, асықпаңыз,
Дегенге «сіз өлеңші» тасып қапсыз.
Еркектен бұрын айту лайық па,
Мақтанып суды қолмен шашып қапсыз.
Қатынның еркек деген пірі емес пе?!
Білмеген мұны не деген ақымақсыз.

Міне сап тұра шаптың байталыңа,
Көріндің шапшаң сүрең байқауымда.
Мен сені осы жолы жеңбей кетсем,
Қайтпаймын тірі болып қайта ауылға.
Бір бесті татыр соған деген сөз бар,
Байталдың жиып келсе алтауына.

Нәсілхан:

Келіпті бұл жігітті ажал айдап,
Келгеннен қоя берді ажағайлап.
Алды-артын жинап жігіт байқар емес,
Сиырдай сайқақ тиген одағайлап.
Асыл мен жасықтардың нарқы бөлек,
Асылға жасық темір жарамайды-ақ.
Тораңғы ішін ойған секілденіп,
Қай жерден келіп қалдың боран айдап.
Өшеді байғұс демің, үнің шықпай,
Осы жерде ұран салсам «Оразайлап».
Өрең тік, атыңды қос, бәйгеңді сап,
Әніңді түн асырып, қонаға айдап.

Сағыр мен сендей бесті тұғырларды,
Суғармай қайтарамын қораға айдап.
Әйелден туылмасаң қайдан шықтың?
Ақымақ, білмей жүрсің сорың қайнап.

Шарғын:

Нәсілхан:

Үн шықты екі жақтан ұрандаған,
Бозбала еті қызып тұра алмаған.
Бір жақтан «Оразайлап» ұран салды,
Ішімнен жазым күттім бір Алладан.
«Хан атам Райымбек» қолдай көр деп,
Даладан ұран салды бір топ адам.
Дуылдап үйдің іші сырты менен,
Боп кетті жел соқандай қыбыладан.
Өткен соң он бес минут сөз басылып,
Сөз түсті «тоқта халық, қыбырлаған!».

Жан-жақта ата ұраны шақырылып,
Саспастан Шақаң сонда жатыр күліп.
Айғайлап айтты Мәлік көпшілікке,
«Бәйгені қайтамыз деп, ақыры алып».

Шарғын:

Әуелі сөз сөйлеймін әр планға,
Әр керек, әрбір түрлі алтынға да.
Көпшілік сөзді тыңдап сынаңыздар,
Ұғынып сөз мәнісін талқыла да.
Теңмін деп еркекпенен мақтанасың,
Бір қара алдың менен артыңа да.
Жігіт тұйғын болғанда, қатын төмен,
Жапалақ қаз ілмейді талпынғанда.
Ғаламды он сегіз мың жаратқанда,
Еркектен қатын озып артылған ба.
Ер менен ерегескен сендейлердің,
Үні өшіп, тас тығылар алқымына.
Ат емес, ақиқат та атылған оқ,
Өзінің қастық қылар жақынына.
Бір тиын ағайынға пайдасы жоқ,
Біреудің сатылып кеп алтынына.

Нәсілхан:

Бұл сөзің әлгі сөзден өктемдеген,
Қыс суы тең болмайды көктемменен.
Аңғалдар сендей-сендей соқтығам деп,
Талайы қанжығаға бөктерілген.
Жолықпай сен әкеңе жүр екенсің,
Сияқты жем айырған бөктергіден.
Жындыдай қаңғып жүрген еркектер көп,
Ыржақтап ауыл-үйге жек көрінген.
Сұрайтын бұл жігіттен сауалым бар,
Рұқсат болса егер көптеріңнен.

Көпшілік «рұқсат» дегенде әйелдің айтқаны:

Құранның «бісмилла» басы болар,
Тағатсыз құл Аллаға асы болар.
Дінің не? Кітабың мен расулың кім?
Шариге өтірік сөз қарсы болар.
Алдыңа ақын болсаң сала айтайын,
Атасы барлық діннің қайсы болар?
Кейбіреу мұсылманмын деп жүргенмен,
Білмейді сендей надан арсалаңдар.

Шарғын:

Атыңнан айналайын жапар халық,
Сөйлейін жаратқанды аузыма алып.
Бері қара, адам ата жаралғаннан,
Алладан төрт кітаптың келгені анық.
Дінім Ислам, Мұхамедтің үмбетімін,
Құраннан кітабымыз хабар алып.
Атасы барлық діннің Ислам екен,
Артық болып хақ қасына бағаланып.
Менімен ерегескен сендейлерді,
Кетеді тозақ жаққа айдап алып.
Хор қызын иманды еркек құшақтаса,
Қатындар күн көреді қайда барып?!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз