Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Гүлғайша мен Кәсімбай айтысы (1-бөлім)

Гүлғайша, Кәсімбай Құсайынұлы · 2 мин оқу

Гүлғайша:

Мықтыны мықты көрсе алыспай ма?
Жүйрікті жүйрік көрсе жарыспай ма?
Жақсы аттар қасынысып болмайма үйір,
Жақсылар жөн сұрасып таныспай ма?

Кәсімбай:

Болған соң өзің жақын, көрдім жақын,
Жақсылар айтпай білер сөздің нарқын.
Білетін істің жөнін жақсыларға,
Мысалы біз толқыған көшпелі алтын.

Сұрасаң тегім Керей, Кәсімбай атым,
Менің де шын нәсілден шыққан затым.
Ат басын ер басымен бірдей көрмес,
Көруге келіп едім Қызай халқын.
Білетін істің жөнін жан екенсің,
Өзің де білдіріп қой ата салтын.

Гүлғайша:

Үкірдай менің әкем болған ұлық,
Мизамға жаңа закүн әбден қанық.
Сұрасаң өз атымды Гүлғайшажан,
Келіппін он бесімде келіншек боп.

Келген жер, шыққан жерім бәрі затты,
Бақ қонған мансап ұстап саясатты.
Қалқыған көл жағалап көбелектей,
Көп сіңген өзіңіздей жалғыз атты.

Кәсімбай:

Керейдің мен қыраны жүрген қалқып,
Ел-жұртым айдын көлдей жатыр шалқып.
Ел болып ешкі мен қой тең келген күн,
Жеріңді біздің Керей алған тартып.
Керейден жеті кісі мықты шығып,
Жазаңды беріп еді-ау, мойныңа артып.
Баласы сол Керейдің міне менмін,
Ежелден еркін туып болған заттық.

Гүлғайша:

Осымен сен отырсың түпке жетем,
Тағыда сөзің бар ма бұдан бөтен.
Ел шауып жылқы алам деп келгенінде,
Керейің болушы еді-ау, қызыл көтен.
Терезем ежелден-ақ, тең болатын,
Аузыңды керіп, басыңды кекжектетем.

Кәсімбай:

Келіншегім көрпеңді бойға шақтан,
Не түрлі батыр шыққан біздің жақтан.
Малың, түгіл басыңа пәле құйып,
Еліңді қызыңды алып қоса шапқан.
Бір қыран сол Керейден және келді,
Келіншегім басыңнан енді сақтан.
Аузыңды келген жерден аштырмадым,
Кәнеки, айтсын жұртың десе мақтан.

Гүлғайша:

Мақтаншақ сендей жігіт дүрілдеген,
Аптығып ағын судай гүрілдеген.
Бұл күнде жарысып мен бәйге алғанмын,
Жүйрікпін қазған орға сүрінбеген.

Белгілі ұшқыр аттың жері шағын,
Бәйгеге шын қосқанда ілінбеген.
Таласып тар кезеңде алғанымда,
Булығып сендей топтық дірілдеген.

Кәсімбай:

Гүлғайша көмегің көп қостайтұғын,
Тағы да сөзің барма бастайтұғын.
Болмаса ойын ісі қара жарыс,
Байталды шын бәйгеге қоспайтұғын.
Шандырлап шаптай тартып байтал мінсе,
Анықтап алты қырат аспайтұғын.
Терлетіп шап, қолтығын шауып-шауып,
Байталды шерменде етіп тастайтұғын.
Ат басын байтал менен бірдей көрмес,
Байталды талай жерге тастайтұғын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз