Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қаныбек пен Тәни айтысы (1-бөлім)

Қаныбек Нүсіпұлы, Тәни Тоңғатбайқызы · 2 мин оқу

Бісміллә сөз бастайын біріншіден,
Қаныбек жолаушылап шықтым үйден.
Алтынбек, Нүсіпбектер қасымда бар,
Жасымнан күліп ойнап бірге жүрген.
Сөз болсын бозбалаға күлдіргендей,
Айтайын тамашамды көрген-білген.

Жырғалаң кесігінен асып кеттік,
Құрсайын кеше паңның басып өттік.
Жарасқа Жауырдағы барамыз деп,
Тұсынан Ақбұрқанның судан өттік.
Қасқа жол, Ошақбайдың сайын басып,
Ауылына намаздыгер кешке жеттік.
Жазыққа шыққаннан соң аяңдамай,
Желдіртіп ат екпінін салып кеттік.
Біздерді кеш болса да сөгіс етпес,
Ауыл ғой үйір-таныс келіп жеттік.

Ауылына Жанқылышбай жақындадық,
Біріміз бірімізге мақұлдадық.
Бес түйе жолымызда жатыр екен,
Бураға қалшылдаған батынбадық.
Ақырып сол бураға қылдық айбар,
Сескентіп жүре бердік өте салып.
Бұрқылдап ақ көбігі шиқылдайды,
Аунайды екі өркешін жерге жанып.
Кез болды осы арада жаяу малшы,
Қойшыдан жөн сұрадық жақын барып.
Жүр екен сиыр қарап осы малшы,
Біздерге жөнін айтты келе салып.
Қалжың қып бір тамаша сөз айтып едік,
Ауылына қызық қыпты айтып барып.
Ауылы Жанқылыштың Жауыр жақта,
Сонымен бірге бардық ауыл жаққа.
Барған жер әтей іздеп сол ауыл ғой,
Кеш батып қас қарайды сол уақытта.

Білгелі амандықты келіп қалдық,
Бұйырып айдаған соң дидар нәсіп.
Көз көрген үлкен-кіші, бала-шаға,
Бәріне отырыстық амандасып.

Рас қой бұл айтқаның қарағым-ай,
Әншейін сөзді айттым жанабыңа-ай.
Бала едің қолымызда өсіп-өнген,
Айтып ем келмеген соң баяғыдай.
Алған жар – келіншегің құтты болсын,
Жүрміз ғой амандықты бізде сұрай.
Жақсы деп тіршілікте естіп жүрміз,
Өзіңе өмір берсін патша құдай.

Біздерге киіт алып келген шығар,
Мұндай жол әрбір жерден көрген шығар.
Бір ішік әкелді деп мен отырмын,
Мүшенің бір сөлкебай көңілінде бар.

Бұл сөзді олар айтты осылай деп,
Болды ғой бірсыпыра әңгіме ғып.
Жол қылған келіншектен бір сөлкебай,
Әпердік жанқалтадан «мінеки» деп.

Қолына алып Мошан бала құрмет қылған,
Біз дағы жай-шаманы айттық жылдам.
Тамаша бір қыдыру сөз болды ғой,
Кітапта қор болмайды сауал сұраған.

Сонымен бұл ауылға болдық қонақ,
Жауырда боран соғып тұрды борап.
Саяхат тіршіліктің жақсысын-ай,
Өтеді-ау бәрімізден дүние шолақ.

Той жасап сол ауылда болды жиын,
Кеп жатыр жыртысына сырттан бұйым.
Кез болған қуаныштан құры қалмай,
Біз дағы жыртыс салдық бірер киім.

Жарастың болған жері Жантөгелбай,
Бекшойын, Есімбекпен ашына жәй.
Рабат Жанқылыштың қара орманында,
Бақ қонған төрт түлігі бәрі де сай.
Есімбек кісі көңілін ауыртпайды,
Жауапқа майда қоңыр сары майдай.
Осындай бәйіт қылар кезім келді,
Қуат бер қызыл тілге патша құдай!

Баласы Жанқылыштың зәңгі Ошақбай,
Рәбәт бірме-бірге алдыңғы бай.
Баласы Нүрибекті қайындатып,
Он бір ғып жыртыс салған бұрынғыдай.
Мың теңге, екі жамбы, екі жақсы ат,
Апарған қыз Қашқарға бір жорға тай.

Әкелді қуанышқа шашу шашып,
Шашқаны өрік, мейіз, қант пен шәй.

Ілескен тамашаға ноғай ғәріп,
Үйреткен балаларға ілім, тәліп.
Ақсақал ішімізде Тоғжан шешем,
Біздермен бірге жатты еріп барып.
Тамаша жиын тойға жиылысты,
Еліне шапқыласты хабар салып.
Саяхат жүрген жерді бәйіт қылып,
Осындай сөз қылайын ашық-жарық.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз