Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Серік пен Оразалы айтысы (3-бөлім)

Серік Құсанбаев, Оразалы Досбосынов · 2 мин оқу

Айтыскер ақындай боп ағылатын,
Мен емес әрбір сөзден жаңылатын.
Атыңнан айналайын, Серік аға,
Ақындардың ішінде бағы басым.
Сағынып сахнаны Сіз де келдің,
Таланттың табаққа сап түйір асын,
Айтысқа шыққаннан соң ініңменен,

Ақ түйенің қарнындай жарыласың.
Сондықтан ары қарай өлеңіңді айт,
Бар болса біраз шумақ табылатын.
Халайық, жаман ойлап сіз қалмағын,
Соңғы айналымда шабады нағыз ақын.
Мысалы, мына менің Серік ағам,
Павлодардан келген жоқ «по блату».

Серік:

Қырағы қыран болсаң самғағайсың,
Сөзіңді санаға сап талдағайсың.
Аш қасқыр аңдамаған қақпан басар,
Сондықтан алды-артыңды аңдағайсың.
Төренің тұқымындай талтаң қағып,
Шалқақтап мына маған паң қарайсың.
Төбелес тоң немеден басталған деп,
Ағаңмен ерегісіп қалмағайсың.

Байқаймын, өлең-жырға құмардайсың,
Биікте жеке біткен шынардайсың.
Көп-көрім ана тілде сөйлеп едің,
Аяғын не себептен шұбарлайсың?

Шабайық шама келсе құр атпенен,
Тігілді, міне, бізге құлақ деген.
Шынымен ақын болсаң отты жырмен
Халықты бір күлдіріп, жылат деген.
Манадан ініміздің шабысын бұл,
Ағайын,мен де байқап сынап келем.
Оразжан, бір сөзді сен айтып қалдың,
Оқыста ел күтпеген, «блат» деген.

Сен өзі ақ сөйлейтін ақынбысың,
Айтылар жас ұрпаққа нақылмысың.
Блатты сен бекерге айтпадың-ау,
Байқаймын, сол блатқа жақынбысың.

Мынау жұрт барлығын да көреді ғой,
Бұл пенде неге болсын көнеді ғой.
Шыққан соң ең алғашқы айналымнан,
Екіншіде шапқан ат көп еді ғой.
Осында үш шапқанда жол боп маған,
Мынау жол Бекжанның жолы еді ғой.

Оразалы:

Бұл ағам аямасын, аяласын,
Тіліммен жеген ұлмын адал асын.
Анда-санда бір қосқан орысшаны,
Ой анық болу үшін Абай ақын.
Ақындардың ақыны, пайғамбары,
Додада тұлпар болмас аянатын.
Халықтың пайғамбардай ақынына,
Ағасы қалай қылды көзқарасын.

Айтпайын десем айтқызған,
Айтқанға көнбес ағамсың.
Көңіліңді бүгін мен тапсам,
Менің де көңілімді табарсың.
Топ алдына келгенде,
Мағынасын сөздің білмесең,
Маған серт те, саған сын.
Талғампаздығың болмаса,
Тартпасыз ердей ауарсың.
Талғампаздық бар болса,
Абайша айтсам сөзімді –
«Самородный сары алтын».

Серік:

Шығатын Ораз інім, шыңың бар ғой,
Төгілген інжу-маржан жырың бар ғой.
Ән салсаң Алатаудан асқақтатып,
Арқаға жететұғын үнің бар ғой.
Осылай орысшаны айта берсең,
Орысша айтысатын түрің бар ғой.

Сөйлейсің көпті көрген дана құсап,
Ашпасын қалай саған ана құшақ.
Көз жұмсам мына тұрған кең сарайым,
Кетеді шалқып жатқан дала құсап.
Несіне жаутаң-жаутаң қарай бердің,
Борбайын былғап алған бала құсап.

Дегенде Ораз ақын, Ораз ақын,
Өлеңмен ашқан жігіт оразасын.
Менің бір «солақайым» секілденіп,
Қалмайды сенің де енді қораз атың.

Оразалы:

Ініңді көргің келмей торғайдай түк,
Арбаңды жоғарғыға зорға айдай шық.
Бұл ініңе баталы сөзіңді айтпай,
Кеткенің не, ағасы, борбайды айтып?

Жаңылар өз-өзінен өстіп адам,
Деп отырсам қылыштай өткір ағам.
Кәдімгі бес жастағы баладайсыз,
Сөзінің жөнін айтса доп сұраған.
Барлығын біліп келіп, жиып-теріп,
Жаудыра салмақсың-ау оқты маған.
Қулығың бес жастағы баладай-ақ,
Түйеден түрің қандай деп сұраған.
Шабытыңды мен бүгін шалқытам ғой,
Көңіліңе алып қалма кекті жаман.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз